Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Қазақ тілі сабағында ойын әдісін қолданудың тәсілі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру – білім саласындағы басты мәселе 8
1.1 Оқыту әдісі – педагогикалық психологиядағы негізгі зерттеу әдісі 8
1.2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері 10
1.3 Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі 14
1.4 Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері 15
2 Қазақ тілінің сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілі 23
2.1 Педагогикалық технологияның ерекшелігі 23
2.2 Қазақ тілін оқытуда қолданылатын ойын технологиясының нысанасы, мақсаты мен мазмұны 27
2.2.1 Рөлдік ойындар 32
2.2.2 Блиц оқу ойындары 36
2.2.3 Өндірістік ойындар 37
2.2.4 «Саse-study» 40
2.2.5 Тренингтер 45
3 Ойын элементтерін қолданудың тілді дамытудағы қызметі 48
3.1 Сөздік қорды түсіндіргенде тренинг сабақтың элементтерін пайдалану 48
3.2 Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі 52
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 62

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Дидактика саласындағы маңызды мәселелердің бірі – білім беруде ойын технологиясын пайдалану болып отыр. Адамзат ойынның білімдік құндылығын ертеден дәлелдеді. Оған балалық кезеңдегі ақыл-ойды дамыту ойындарынан бастап, мәдениетке, бизнеске және басқарудың барлық салаларына мамандар даярлауға байланысты бағдарламаларды игеру барысындағы ойындар жатады. Адамның ойын әрекеті негізгі үш түрлі даму деңгейлерінен тұрады: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары, оқу-жаттығу ойындары. Ойын оқыту үрдісінде оқытудың әрі формасы, әрі әдісі ретінде дербес дидактикалық категория бола алады. Оқытудың ойын формасын қолдануда екі жақты дидактика байқалады: ойнау үшін білу, үйренудің қажеттілігі, екіншіден адамның ойнай отырып өзіндік білім алуы, өмір тәжірибесін жинақтаудың қажеттілігі. Бастауыш мектепте пәндерді оқытуды жетілдірудің жаңа технологиясын іздестіру жолында ғалымдар, жаңашыл педагогтар, мұғалімдер еңбек етуде. Олардың ғылыми еңбектерін, зерттеу жұмыстарын саралағанда берік білім берудің, оқу белсенділігін арттырудың маңызды жолдарының бірі ойын элементтерін тиімді пайдалану екендігі байқалады.

1 Оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беру – білім саласындағы басты мәселе

1.1 Оқыту әдісі – педагогикалық психологиядағы негізгі зерттеу әдісі

Қазір жаңа технология білім саласының байланыс желісін ары қарай тереңдете түсті. Оқыту әдістемесін психология ғылымының жетістіктері мен ұстанымдарына негіздеп ұйымдастыруды қажет етеді. Сондықтан білім беру жүйесінің барлық сатысында психологтардың қызметі сабақпен байланыстыруда ғана емес, мектепте олардың жұмысқа тартылуы осының басты айғағы, сондай-ақ психологиялық зерттеу нәтижелері де ана тілін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу мақсаттарына бағытталады. Осы бағытта психология оқушылардың тіл ұғымдарын меңгеруде тиісті заңдылықтар мен үрдістерге сүйеніп, меңгерген ұғымдарды тәжірибе жүзінде қолданудың пайдалы әдіс-тәсілдерін және тиімді жолдарын ашып көрсетеді. Ана тілін оқытудың өзекті мәселелерін шешіп беруге өз үлесін қосады.

1.2 Қазақ тілін оқыту әдістемесінің негіздері
Пәндерді оқыту әдістемесі белгілі бір ғылымға негізделеді. Сол сияқты қазақ тілін оқыту әдістемесі де қазақ тіл біліміне негізделеді. Қазақ тілі барлық тілдер сияқты қоғамда адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасын қамтамасыз етеді. Ол Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болғандықтан, оны мекендейтін түрлі халықтардың бір-бірімен қарым-қатынас құралы болғаны көзделеді. Сондықтан қазіргі заманда қазақ тілін Қазақстандағы басқа ұлттарға да оқыту әдістемесінің маңызы артып отыр. Қазақ тілінің – бай сөздік қоры, өзіндік дыбыс құрамы бар, сөзжасам, жүйесі мен грамматикалық құрылысы бар. Барлық ұлтқа қазақ тілін оқыту тілдің дыбыстық құрамын, лексикасын, грамматикасын оқыту негізінде жүзеге асырылады.

1.3 Қазақ тілін оқыту әдістерінің жүйесі
Оқушыларға теориялық білім мен практикалық дағды беру оқыту әдістерінсіз жүзеге аспайды. Оқушылардың қазақ тілінен алған білімі мен білігін, дағдысын қалыптастыру жолында мұғалімнің жүргізген жұмысы оқыту әдістеріне тікелей байланысты.
Педагогика теориясында бұған мынадай анықтама берілген: «Білім беру әдістері оқушылардың білім мен білігін, олардың практикалық дағдысын қалыптастыру жолындағы мұғалімнің жүргізетін жұмыстарының тәсілі және оқушылар жүргізетін жұмыстың мұғалімнің басшылығымен орындалатын тәсіл». Қазақ тілін оқушыларға меңгертуде оқыту әдістерін тиімді, жүйелі қолдану өз нәтижесін беретіні сөзсіз. Әдіс грек сөзінен енген сөз. Оның бастапқы ұғымы “зерттеу” деген мағынаны берген. Бертін келе алғашқы мағынасы кеңейіп, “белгілі бір пәнді оқытудың әдісі” дегенді білдіреді [13, 28].

1.4 Қазақ тілін оқытудың формалары мен түрлері
Сабақ – оқу ісін ұйымдастырудың негізгі түрі болып табылады. Мектеп оқушыларына білім мен дағды беруде қазақ тілінен өтілетін сабақтардың мәні орасан. Мұғалімнің жүргізетін жұмыстары сабақ арқылы іске асады. Сабақта оқушыға тілдік білім беріледі. Сабақтағы негізгі тұлға – мұғалім мен оқушы. Сабақтың нәтижелі болуы осы екі тұлғаның іс-әрекетіне, ынтасы мен жігеріне, белсенділігіне байланысты. Қазақ тілінен өтілетін сабақтың өзіндік белгілерін білудің мәні зор. Сабақтың негізгі белгілері мыналар:

2 Қазақ тілінің сабақтарында жаңа технологияларды қолданудың әдіс-тәсілі

2.1 Педагогикалық технологияның ерекшелігі
Қазіргі білім беру саласында оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Педагогикалық технология ұғымы біздің педагогикалық лексиконымызға берік еніп келеді. Сондықтан, оның мағынасы туралы пікірлер алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте технология жөнінде «технология – бұл қандай да болсын істегі, шеберліктегі, өнердегі әдістер жиынтығы» [21, 106].

2.2.1 Рөлдік ойындар
Ойын түрлері:
- Жағдайаттық: олардың негізіне жататын өмірден алынған жағдайларды шешу үшін нақты оқу пәнінің білімі қолданылады.
- Рөлдік: белгілі бір рөлдерді ойынның әр қатысушысы жеке және топта орындауды қажет ететін ойындар.
- Іскерлік-нақты мәселесі мен ісі бар, рөлдер мен ойын ережесін ойын барысында қатысушылар өздері ойлап табады.
- Cюжеттік рөлдік ойын (тұрмыстық)
- Имитациялық рөлдік ойын (танымдық)
- Имитациялық іскерлік ойын.
Кейбір әдіскерлердің пікірі бойынша рөлдік ойын үш кезеңге бөлінеді:
- ойынның мақсаты мен тілдік материалдың мазмұның анықтау;
- ойын сценарийін құру (тіл үйренушілерді психологиялық жағынан дайындау);
- рөлді бөлу.

2.2.2 Блиц оқу ойындары
Блиц оқу ойындары - қысқа мерзімді шағын ойындар, олар оқушыларға нақты біліктері мен дағдыларын дамытуға бағытталады.
Блиц ойындарда оқушыларға ойынның жалпы нобайы мен тапсырмалары ғана беріліп, оқушылар оларды өздігімен ойнап шығуы керек. Мұнда да «Ойыннан кейін» кезеңі ерекше маңызды рөл атқарады, өйткені осы уақытта оқушылар ойыннан алған әсерлерімен бөлісіп, ой-толғаныстарын жазбаша түрде келтіреді.
Блиц оқу ойындарының мысалдары:

2.2.3 Өндірістік ойындар
Оқу-үйрену процссінде қолдануға тиімді ойындардың тағы да бір түрі - өндірістік ойындар. Бұл әдіс ойынға катысушылардың сан қилы (кейде тіпті бір-біріне қарама-қарсы) мүдделерін тоғыстырып, ойын аяқталғаннан кейін қатысушылардың барлығын қанағаттандыратын шешім қабылдауды кажет етеді. Өндірістік ойындар әлеуметтік немесе экономикалык сипаттағы нақты бір жағдайды (ситуацияны) шешуде үйрснушілердің өзара әрекеттесуін қалыптастырады (имитациялайды, модельдейді).

2.2.4 «Саse-study»
Бүгінде экономикалық және әлеуметтік мамандықтар бойынша білім алудың тиімді әдістерінің біріне айналған «Саse-study» әдісі теориялық білім алған оқуышларды болашақ мамандықтың практикасына негізделген әрекеттерге баулиды. «Саse-study» - таңдау жасау мен шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыратын тиімді әдіс. Ол нақты ситуацияларды (жағдаяттарды) практикалық тұрғыдан талдау мен оларды өмірде кезігетін түрінде қайталауға, «ойнап» шығуға негізделеді. Сол себепті де кейс-стадиді кейде «нақты оқу ситуациялар әдісі» деп те атайды.

2.2.5 Тренингтер
Тренингтер - қысқа мерзім ішінде практикалық қолданыста қажетті әрі тиімді біліктер мен дағдыларды игеруге бағытталған оқу сабақтары болып табылады.
Тренингтерде әр үйренуші кәсіби (қоғамдық) қызметі мен жүктелген міндеттерін орындауда тиімді әрі ұтымды әрекеттерді таңдап, оларды бекітуге, үйреншікті дағдыға айналдыруға машықтанады. Тренингтер қатысушыларда арнайы практикалық дағдыларды қалыптастыруға арналады, мұнда жұмыстың жалпылама әдістемесі қарастырылмайды.

3 Ойын элементтерін қолданудың тілді дамытудағы қызметі

3.1 Сөздік қорды түсіндіргенде тренинг сабақтың элементтерін пайдалану
Оқушыларға таныс сөздердің басқа мағыналарын үйрету арқылы да оқушы сөздігі байиды. Бұл орайда ондай сөздердің тіркесуіндегі, қолданылуындағы ерекшелікке көңіл бөлінеді. Бұл оқушы сөздік қорын сапа жағынан байыту болып саналады. Сонымен бірге, оқушының сөздік қорындағы сөздерді сөйлеуде дұрыс, орынды қолдануы, керек сөзді тез тауып, сөздердің бірін-бірімен сөйлемде тіркесу жолын меңгеруі оқушының сөздік қорының іске қосылуы, жүзеге асуы болып саналады.

3.2 Қазақтың ұлттық ойындарын тәрбие үрдісінде пайдаланудың өзектілігі

Қоғамымыздың іргетасын нығайту үшін бүгінгі жастарға үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі міндеттердің бірі.
Оқушыда жалпы адамзаттық құндылықтар мен адамның айналадағы дүниемен жеке тұлғалық қатынасын (этикалық, эстетикалық, адамгершілік тұрғысынан) тәрбиелеу мақсатын халқымыздың мәдени рухани мұрасының, салт-дәстүрінің озық үлгілерін оның бойына дарыту арқылы жүзеге асыруға болады. Осымен байланысты бағдарлама халқымызға тән әдептілік, қонақжайлық, мейірімділік, т.б. сияқты қасиеттер, табиғатқа деген қарым-қатынасындағы біздің халыққа тән ерекшеліктер. Жас ұрпақ өз халқының мәдениетімен, асыл мұраларымен ұлттық әдебиеттер арқылы танысып келеді. Халық ойынды тәрбие құралы деп таныған. Ойынды сабақта қолдану оқушылардың ой-өрісін жетілдірумен бірге, өз халқының асыл мұраларын бойына сіңіріп, кейінгі ұрпаққа жеткізе білу құралы.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазіргі нарықтық жағдайымызда болашақ ұрпағымызды білімді, мәдениетті, саналы етіп тәрбиелеуде егеменді елімізде қазақ тілін оқыту өмірлік зор маңызға ие болып отыр.
Қазақ тілін үйрету барысында оқушылардың қазақ елінің салт-дәстүрімен, әдет-ғұрпымен, мәдениетімен таныстыру, оларды жан-жақты дамуына, тілге деген көзқарастарын қалыптастыруға көп көмегін тигізеді.
Білім беру жүйесі бүгінгі күн талабына сай түбегейлі өзгерістер талап етеді. Ол талаптар әдістемелік тәсілдерді, жаңа технологиялар қолдану, жас тұлғаға берілген білім жоғары сапалылығы, оқуға қызығушылық негізін қалыптастыруды көздейді. Осыған орай ой өрісі жаңашыл шығармашылық деңгейде қызмет атқара алатын жан-жақты, қазіргі заман талабына сай бәсекелестікке түсе алатын мамандар даярлау үшін дәстүрлі емес оқыту түрі ойын технологиясының маңызы өте жоғары деуге болады.