Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 60 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Фразеологизмдердің этномәдени сипаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Қазақ фразеологизмдері және оның қалыптасуының этномәдени негіздері 9
1.1 Кәсіби фразеологизмдердің этномәдени сипаты 9
1.2 Асыл тас (зергерлік өнер), темір өңдеумен (ұсталық өнерге) байланысты қалыптасқан фразеологизмдер 14
1.3 Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі 16
1.4 Салт-дәстүрге байланысты жасалған фразеологизмдер 18
1.5 Жасалу технологиясына байланысты фразеологизмдердің атауы 23
2 Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің этномәдени сипаты 26
2.1 Дүниенің қарабайыр тілдік бейнесінің қалыптасу үрдісі 26
2.2 Дүниенің қарабайыр бейнесінің соматикалық кодын ашудағы бинарлық оппозициялық тәсілдің маңызы 30
2.3 Дүниенің қарабайыр бейнесіндегі адам «физиологиясы» 38
3 Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологиялық атаулардың этномәдени мәні 41
3.1 Жылқы ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік тұрғыдан зерттелу жайы 41
3.1.1 Жылқыға қатысты қалыптасқан фразеологизмдердің уәжділік сипаты 42
3.2 Тегі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан атаулар 44
3.3 Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты 47
3.4 Дене мүшелеріне байланысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты 49
3.5 Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар 53
3.5.1 Жылқы малына қатысты тұрақты тіркестерге ұйытқы болған сөздердің этимологиялық негіздері 55
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60

КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Тіл дүниетанымның құралы, ойлаудың ұғым, түсінік, пайымдау тәрізді түрлерінің обьективтенуі болып табылады. Тіл мәдени, тарихи, рухани, әлеуметтік өзгерістердің айнасы тәрізді. Осыған байланысты тілдік бірліктер (лексика-фразеологиялық жүйесі) тек тіл білімінің емес, мәдениеттану, елтану, әлеуметтану т.б. зерттеу нысанына айналды. Осымен байланысты қазіргі кезде лингвистика ғылымының да зертеу нысаны кеңейе түсті. Тіл білімінің лексикология, фразеология т.б. салаларын басқа ғылым салаларымен байланыстыра қарау лингвистиканың бүгінгі таңдағы кешенді сипатын көрсетеді.

1 Қазақ фразеологизмдері және оның қалыптасуының этномәдени негіздері

1.1 Кәсіби фразеологизмдердің этномәдени сипаты
Тілімізде белгілі бір кәсіп түріне байланысты туған фразеологизмдердің саны біршама. Солардың бірі тас және ағаш өңдеу кәсібімен пайда болған фразеологизмдерге тоқталсақ.
Тас қашау ісі тәрізді еңбек түрі жеке кәсіп ретінде тарихшы, этнографтар негізінде тек соңғы жылдарда ғана арнайы зерттеле бастады.
Қазақ даласындағы тас ескерткіштер ерте кездерден-ақ саяхатшылардың, әскери адамдардың, зерттеушілердің назарын аударған. Атап айтқанда, бейіт басындағы тас құрылыстар туралы алғашқы деректер араб саяхатшысы әрі елшісі Ахмет Ибн Фадланның (Х ғасыр), итальян елшісі Гильом де Рубруктың (ХІІІ ғасыр), ХҮ-ХҮІ ғасырдағы қазақ қолөнеріне байланысты дереккөздер Бұхар тарихшысы Фазлаллах Рузбиханның еңбектерінде кездеседі. ХҮІІІ ғасырдан бастап П.И.Рычков, И.П.Фальк, П.С.Паллас т.б. Ресей және Батыс Еуропа зерттеушілердің еңбектерінде қазақ жеріндегі көптеген археологиялық, сәулет ескерткіштері зерттеледі.

1.2 Асыл тас (зергерлік өнер), темір өңдеумен (ұсталық өнерге) байланысты қалыптасқан фразеологизмдер
Алтын мен күмістен сәндік бұйымдар мен әшекей заттарын жасайтын шеберді халық зергер деп атаған. Зергерлік шеберліктің шыңына жеткен өнер болып саналады. Кейбір зергерлер қолөнерінің бірнеше саласын қатар меңгерген. Этнографиялық еңбектерде зергерлердің әшекей бұйымдардан басқа ер-тұрман, жиһаз, музыка аспаптары мен ыдыс-аяқтарды, қару-жарақтарды әшекейлеумен бірге оларды бастан-аяқ өздері жасайтындығы атап көрсетілді. Басқаша айтқанда зергерлер ағашпен, таспен, темірмен, сүйекпен, тері өнімдерімен жұмыс істей білген әмбебеп өнер иелері болған.

1.3 Фразеологизмдердің уәжділік тұрғысынан зерттелуі
Тіл білімінде фразеологияның теориялық, практикалық мәселелері (В.В.Виноградов, Н.М.Шанский, І.Кеңесбаев, А.Ә.Байтелиев), фразеологизмдердің жеке тақырыптық топтары (В.Н.Телия, Р.Н.Попов, С.К.Сатенова, Ш.Б.Сейітова), фразеологизмдерді мағыналық, тақырыптық топтастыру принциптері (З.Г.Ураксин, Ә.Қайдар, Р.Жайсақова), диалектілік сипаты (Қ.Қалыбаева), фразеологизмдердегі варианттылық құбылысы (Г.Смағұлова), түркі тілдері материалдары бойынша салғастыра зерттеу (С.Муратов, А.Нұрмаханов), фразеологизмдердердің стилдік ерекшеліктерін ашу, тілдік және поэтикалық табиғатын таныту (Р.Сыздық, Р.Сәрсенбаев, Ө.Айтбаев, Е.Жанпейісов, Н.Уәлиұлы) т.б. аспектілерде қарастырылып, теориялық тұрғыдан жан-жақты сөз болды.

1.4 Салт-дәстүрге байланысты жасалған фразеологизмдер
Күнделікті тұрмыста, салт-дәстүрде берік орын алған бірсыпыра зат, бұйымдар атқаратын қызметіне, белгілі бір наным-сенімге т.б. байланысты болып, фразеологизмдердің этномәдени уәжділігін көрсетеді.
Қазанның құлағын қағып қойған ат – о баста қойылған есім. Әр отбасының күнде тамақ пісіріп ішетін қазанды халық қастерлеп, жеті қазынаның бірі деп есептеген. Қазанға пісірілген ас дәмді әрі жұғымды, сондықтан да болар, қазан-ұрпақ жалғасуы мен отбасы берекесінің символы болып табылады. Осыған орай Н.Уәлиұлы былай деп тұжырымдайды. Қазан мен қара мылтықтың «қасиетті жетінің» қатарында айтылуы тегін емес. Қазанның құлағын қағу; қара қазан, сары бала; қазан төңкерілу тәрізді сөз орамдары жайдан-жай айтылмаған. Қазақтың ертегі, жырларында алтын қазан іздеу салты туралы деректер кездеседі. Мысалы:

1.5 Жасалу технологиясына байланысты фразеологизмдердің атауы
Шеберлер зат, бұйым дайындауды материал таңдаудан қажет етеді. Материалдарды өңдеуге байланысты шеберлер тілінде қолданылатын, әлеуметтілігі шектеулі күптеу (күміс жалату, күміспен қаптау), сымға тарту (металды жіңішкерту), суару (металды шынықтыру), аптау (алтынмен булау, алтын жалату) т.б. тәрізді атаулар бар. Сонымен бірге жасалған бұйымдардың халық арасында айтылатын, әлеуметтік мәнділігі жоғары халықтық атаулар бар. Фразеологиялық қорда бұйымды дайындау технологиясын білдіретін атаулардың осындай екі түрі де сақталған.

2 Қазақ тіліндегі соматикалық фразеологизмдердің этномәдени сипаты

2.1 Дүниенің қарабайыр тілдік бейнесінің қалыптасу үрдісі
Адам баласының ойы мен рухани дүниесін, дүние танымын, өмірлік іс-тәжірибесін, практикалық әрекетін оның сөйлейтін тілінен бөлмей, тілдік әлемімен бірге біртұтастықта қарастыру, басқаша айтқанда, кез келген халықтың тілінде ұлттық-мәдени сипатта бекитін дүние суретін, дүние бейнесін антропоцентристік парадигманың фундаменталды ұғымы ретінде зерттеу - қазіргі заманғы лингвистиканың ең өзекті проблемаларының бірі.
Белгілі бір этномәдени ұжымның тілінде бекіген дүние бейнесін зерттеу проблемасы «халық рухын» тілмен байланыстырған, тілдің ұлттық сипатын айқындаған Э.Сепир, В.фон Гумбольдт зерттеулерінен бастау алып, Н.И.Толстой, А.Вежбицкая, Т.В. Цивьян, Г.В.Колшанский, В.Н.Телия т.б. ресейлік лингвистикалық мектеп өкілдерінің ғылыми еңбектерінде жалғастырылып келеді.

2.2 Дүниенің қарабайыр бейнесінің соматикалық кодын ашудағы бинарлық оппозициялық тәсілдің маңызы
Бинарлық жұптар классификациясын cоматикалық фразеологизмдер астарындағы адамзат қоғамының рухани-мәдени жасампаздық бітімін танытатын халықтық білім қорын сараптаудың негізіне алу және адамның тәндік базисін, креативтік ойлау жүйесін, танымдық іс-әрекетін оның тілімен біртұтастықта зерттеудің тұғыры ету: біріншіден, «барша адам баласына тән биоанатомиялық негіз оның ми мен жүйке, сана мен жады құрылыстарының жұмыс істеу принциптерін айқындауға; екіншіден, адамзат атаулының ерекше қабілеттерін жүйелі зерттеуге; үшіншіден, адамның табиғи болмыс-бітімнің әлеуметтік-мәдени ұстанымдар негізінде даму, өзгеру, толығу бағыттарын талдап көрсетуге мүмкіндік береді 17, 41.

2.3 Дүниенің қарабайыр бейнесіндегі адам «физиологиясы»
Адамның сыртқы келбетіне байланысты образдар «галлереясын» жасауда тіл бірліктерінің ішінен соматикалық фразеологизмдер айырықша белсенділік танытады. Олардың денотативтік және коннотативтік мағыналары адам келбетін кескіндеудің тілдік моделін сомдайтын болса, образдық-фондық негіздері ұлттық эстетикалық таным-талғамның, дүниетанымдық көзқарастардың, адамды қоршаған табиғи және әлеуметтік-қоғамдық, мәдени ортаның әр алуан қырына берген бағаның тұтастығын құрайды.

3 Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологиялық атаулардың этномәдени мәні

3.1 Жылқы ұғымының мәдени, тарихи, этнографиялық, тілдік тұрғыдан зерттелу жайы
Жалпы түркітануда жылқы малы атауларын сөз еткен авторлардың ішінде Н.Махмудов (өзбек тілі), Р.Г.Ахметьянов (татар тілі), А.Шынардың (түрік тілі) еңбектерінің орны айрықша. Сондай-ақ, Т.Дүшеналиева (қырғыз тілі), Т.Урунов (өзбек тілі), М.Н.Губогло (гагауыз тілі), Э.Ф.Ишбердин (башқұрт тілі), К.А.Новиков (тұңғыс-манжұр тілі), Ц.Д.Номинханов (түркі-монғол тілдері) т.б. сияқты ғалымдар өз зерттеулерінде жан-жануарлар лексикасын әр қырынан қарастырып, оның ішінде жылқы малына қатысты пікірлерін де берген.

3.1.1 Жылқыға қатысты қалыптасқан фразеологизмдердің уәжділік сипаты

Уәжділік – синхронды түсінік, оны этимологиямен шатастыруға болмайды. Бұл мәселені профессор М.М.Копыленко: «... труд этимолога в известном смысле заканчивается там, где начинаются усилия мотиволога. Этимолог вскрывает побудительный фактор, признак, который лег в основу наименования, т.е. его мотив. Но закономерности мотивации, наличие или отсутствие мотивированности, группировка мотивов по мотивемам – эти и другие проблемы мотивологии в орбиту внимания этимолога не входят», – деп түсіндіреді [23].

3.2 Тегі мен табиғи ерекшеліктеріне байланысты қалыптасқан атаулар
Қазақ тілінде жылқының тегі мен табиғи ерекшеліктеріне қатысты мынадай атаулар кездеседі: сәйгүлік, пырақ, дүлдүл, қазанат, екітүгей, арғымақ, дөрбіт, тұғыр, қашыр, тарпаң, керқұлан, тұлпар, талау, мәстек, ақалтеке, тобышақ, текежаумыт, жабы, қарабайыр, жорға, жүйрік, асау, шабан, суын, жайлауыш, алатаң, бөдес, шобыр. Осылардың ішінде көбінде ФТ-тердің қалыптасуына негіз болғандары тұлпар, арғымақ, пырақ, дүлдүл, жорға, жүйрік, тарпаң деген атаулар.

3.3 Қазақ тіліндегі жылқыға қатысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты
Фразеологизмдер – тілдің мағыналық жағының көпғасырлық дамуының нәтижесі. Олар бізді қоршаған орта туралы күрделі ұғымдар мен түсініктерді қысқа әрі ықшамды, бейнелі және эмоционалды түрде беруге өте қабілетті. Мал шаруашылығына қатысты фразеологизмдер туралы сөз болғанда, жануарлар әлемі жөніндегі түсініктерді адамзат қоғамына ауыстырудың өзіндік тәсілі алдыңғы қатарға шығады. Фразеологизмдердің көпшілігі адамға сәйкес ерекшеліктері бар жақсы үйретілген үй жануарларының сыртқы кескінін, мінез-құлқын, қылықтарын сырт көзбен қарап, бейнелі түрде салыстыру негізінде жасалған.

3.4 Дене мүшелеріне байланысты фразеологизмдердің этнолингвистикалық сипаты
Мысалы, ат жалын тартып мінді фразеологизмі о баста ешкімнің көмегінсіз, өздігінен аттың жалынан ұстап мінетін, 7-12 жас аралығындағы баланың ер жігіттік мінезіне және жасына байланысты пайда болған. Бұрын қазақ арасында бұл жастағы бала өздігінен атқа міне алған. Фразеологизм бүгінде ауыс мағынада «адам болды, ер жетті, азамат болды» деген мағынада қолданылады. Мысалы:

3.5 Түркі тілдеріндегі жылқы малына қатысты фразеологиялық тіркестердегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар
Әрбір халық өзінің әлемдік суретін тілі негізінде қалыптастырады. Осыған байланысты адамның бір-бірін түсінуі қиынға соғады. Әрине, бір-бірінен қатты ерекшеленетін тілдерге қарағанда туыстас тілдерде сөйлейтін халықтар үшін бір-бірін түсінуі анағұрлым жеңілдеу. Түркі тілдес халықтар үшін қай кезде де өз ұлтының тілі арқылы түсінісу күні бүгінге дейін ешбір қиындықсыз жүзеге асырылып келеді. Тіпті олардың ортақ ФТ-тері де осының айғағы.

3.5.1 Жылқы малына қатысты тұрақты тіркестерге ұйытқы болған сөздердің этимологиялық негіздері
Жылқы малына қатысты ФТ-терге ұйытқы болған сөздердің этимологиялық негіздерін берудегі негізгі мақсатымыз – жылқы малына қатысты түбір сөздердің негізі түркі тілдерінің өзінде жатқандығын аңғарту. Яғни, басқа салалық лексикаға қарағанда жылқымен байланысты сөздердің көбі өз тілімізде пайда болғандығын айқындау. Мәселен, жұнттай семіз фразеологизіміндегі жұнт сөзінің шығу төркініне көз жіберіп көрсек:

ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ тіліндегі фразеологизмдердің бір тобы шығу төркіні, пайда болу жолы жағынан алғанда белгілі бір кәсіпке, өнер түріне байланысты қалыптасқан. Мұндай фразеологизмдер туынды, астарлы мағынада қолданылып затты, құбылысты, іс-әрекетті, адамдарға қатысты жай-күйді т.б. бейнелеп атайды және хабарлайды. Фразеологизмдер бойындағы ассоциативті параллельдер түрінде көрініс табатын ұғым-түсініктерде этностың танымдық білімдері жинақталған. Қолөнеріне байланысты қалыптасқан фразеологизмдерде ғаламның тілдік бейнесі молынан көрініс тапқан. Мұндай фразеологизмдерді тіл білімінен басқа ғылым салаларымен байланыстыра отырып, кешенді зерттеу арқылы олардың танымдық сипатын тереңірек ашып көрсетуге болады.