Кәсіпорынның негізгі қорларын талдау
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Кәсіпорынның негізгі қорларын талдауының теориялық негіздері 7
1.1 Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні 7
1.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы және құрылымы 11
1.3 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы 15
2 «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау бойынша ғылыми зерттеу институты» ЖШС-тің негізгі қорларын талдау 21
2.1 Мемлекеттік емес ғылыми ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері 21
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау (мүліктік жағдайын, төлем қабілеттігін, қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және іскерлік белсенділігін) 23
2.3 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері 42
2.4 Негізгі қордың қозғалысы және арнаулы аудит 46
3 Кәсіпорынның негізгі қорларын жетілдірудің негізгі бағыттары және амортизацияны есептеу әдістері 49
3.1 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары 49
3.2 Амортизацияны есептеу әдістері 55
Қорытынды 66
Қолданылған әдебиеттер тізімі 68
Кіріспе
Қазақстанның 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы мемлекеттің экономикалық саясатын қалыптастыра отырып, ел экономикасының шикізаттық даму бағытынан арылып, өңдеуші өнеркәсіптерді дамыту жолымен экономика саласын диверсификациялау жолымен тұрақты даму жолына қол жеткізуді көздейді. Сондықтан өңдеуші өнеркәсіпте және қызмет көрсету саласында бәсекеге жарамды және экспортқа бағытталған тауарлар, жұмыстар және қызметтер өндірісі мемлекеттің индустриялды-инновациялық саясатының басты мақсаты болып табылады. Бұл бағдарламаны жүзеге асыру экономика құрылымына сапалы өзгерістер әкелетіндігімен, соның ішінде адамзат, өндіріс және табиғи капиталдарды тиімді пайдалана отырып, экономиканың тұрақты өсуіне ықпал ететіндігімен сипатталады.
Ел Президентінің халыққа жолдауында «Жаңа экономика кең тұрғыда - бұл жоғарғы технологиялар ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегментерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялдық экономикадан санаткерлік ресурстаға, ғылымды көп қажетсінетін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылық барынша маңызды үрдістердің біріне айналды» деп атап атап өтудің маңызы зор.
1 Кәсіпорынның негізгі қорларын талдауының теориялық негіздері
1.1 Негізгі өндірістік қорлардың экономикалық мәні
Негізгі өндірістік қорлар елдің экономикалық әлеуетінің маңызды сипатамаларының бірі болып табылады. Сол себепті олардың өндіріске тигізер ықпалын, оларды барынша тиімді пайдаланудың зерттеу үлкен қызығушылық туғызады.
Негізгі қор деп материалдық өндіріс саласында, сонымен қатар өндірістік емес салада да ұзақ уақыт бойы, яғни бір жылдан артық уақыт пайдаланылатын, өзінің бастапқы түрін, көлемін сақтай отырып, құны шығарылған өнімге, орындалған жұмысқа, көрсетілген қызметке байланысты есептелген амортизациялық аударым мөлшері шегінде біртіндеп ауыстырып отыратын еңбек құралдарын айтады.
1.2 Кәсіпорынның негізгі қорларының құрамы және құрылымы
Негізгі қор топтарының арақатынасы немесе жекелеген топтардың жалпы құн ішіндегі меншікті үлесі өнеркәсіптік өндірістердің техникалық деңгейін көрсететін негізгі қорлардың өндірістік құрылымын құрайды.
Құрылымды талдау мен оны жетілдірудің шаруашылық қызметтің барлық деңгейіндегі маңызды тәжірибелік мәні тек кәсіпорын және бір сала ішіндегі ғана емес, цехта да, өндірістік телімде де зор, себебі өнеркәсіптік халық шаруашылығы саласы да, жекелеген өндірістер де тек өзіне тән негізгі қорлар құрылымына ие. Негізгі қорлар құрылымы өндіріс сипаттамаларының бірі болып табылады деп айтуға болады. Барлық аталған негізгі өндірістік қор активті немесе пассивті болып екіге бөлінуі мүмкін.
1.3 Өндірістік негізгі қорлардың саралануы
Өндірістік үдеріске қатысу сипатына қарай негізгі қорлар өндірістік және өндірістік емес болып бөлінеді.
Өндірістің негізгі қорға өндіріс үдерісіне тікелей қатысатын нысандар жатады. Олардың көмегімен өнімді әзірлеген кезде еңбек құралдарына(машина, құрал-жабдық, құрал-саймандар және т.б.) әсер ету жүзеге асады немесе өндірісті жүргізу үшін қажет материалдық жағдайын жасайды(ғимараттар, құрал-жабдықтар, өткізгіш қондырғылар).
Өндірістік емес негізгі капиталдың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланатын негізгі капитал жатады. Оларға тұрмыстық үй-жай (коммуналдық) шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі қор жатады.
2 «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау бойынша ғылыми зерттеу институты» ЖШС-тің негізгі қорларын талдау
2.1 Мемлекеттік емес ғылыми ұйым қызметінің негізгі көрсеткіштері
Ұйымның анықтамалары.
1. Ұйымның толық атауы: ЖШС
2. Ұйымның заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, 010000 Астана қаласы. Абай даңғылы 45/74.
3. Меншік формасы: жеке.
4. Құрылған жылы: 2007, қараша.
5. Банктік реквизиттері: Астана қаласы, Сарыарқа ауданы, Абай даңғылы, 45/74. РНН-620300247054. ИИК-046467813. БИК-105301603. Астаналық аумақтық филиал «119900 АҚ» Қазақстанның Халықтық Жинақ Банкі. Нақты мекен жайы: Астана қаласы, Алпамыс батыр көшесі 23/1
6. Ұйымның филиалдары жоқ.
7. Институттың құқықтық қызметі боп қызмет ететін ҚР-ң Конституциясы, тағы басқа заңдар және ҚР-ң заңнамалық актілері, ғылыми-зерттеу институты жарғысы, сараптама және талдау, бұйрықтар, ЖШС директорлары.
Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институтының мақсаттары мен есептері боп мыналар табылады.
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау (мүліктік жағдайын, төлем қабілеттігін, қаржылық тұрақтылығын, табыстылығын және іскерлік белсенділігін)
Мүліктік жағдайын талдау.
Баланс активтерінін құрамы мен құрылымының динамикасын талдау – кә-сіпорынның барлық мүліктерінің және оның жекелеген түрлерінін абсолютті және салыстырмалы арту немесе кему мөлшерін белгілеуге мүмкіндік береді.
Қаржылық есептің маңызды элементі болып саналатын активтерді, талдау барысында, осы активтердің нақты қолда бары, құрамы, құрылымы және олар-да болған өзгерістер зерттеледі. Активтердің жалпы құрылымын және оның же-ке топтарын талдау, олардың рационалды таратылуын талқылауға мүмкіндік береді.
2.3 Негізгі өндірістік қорларды пайдалану көрсеткіштері
Негізгі капиталды тиімді пайдалану- кәсіпорнға түсетін пайданы арттырудың маңызды шарты болып табылады.
Негізгі капиталды барынша толық пайдалану өндіріс көлемін арттыра ртырып, жаңа өндіріс қуаттарын жаңартуға деген қажеттілікті төмендетуге алып келеді, демек кәсіпорнның пайданы одан әрі дұрыс пайдалануына әкеліп соқтырады (тұтыну қорына пайдадан түсетін төлемдер үлесі артады, жинақтау қорының едәуір бөлігі өндірісті механикаландыру мен басқаруды автоматтандыруға және т.с.с бағытталады).
2.4 Негізгі қордың қозғалысы және арнаулы аудит
Негізгі қорлар және олардың қозғалысы.
Кәсіпорындарды, бірлестіктерде негізгі қорлардың жағдайы мен қозғалысын анықтау үшін есеп ұйыдастырылады. Бұл есеп бухгалтерлік есеп стандарттары негізінде жүргізіледі.
Кәсіпорындар мен бірлестіктер негізгі қызмет теңдестігінде тіркелген барлық негізгі қорлар саны мен қозғалысын, сонын ішінде өндірістік және өндірістік емес қорларды олардың бастапқы және қалдықтық бағалары бойынша есепке алынады.
Негізгі қор қозғалысын бақылау, бухгалтерлік есеп берген мәліметтің дұрыстығы мен толықтылығын, оның әр түрлі нысандардың жай күйіне сәйкестігін тексеру мақсатында кәсіпорын жүйелі түрде мүлікті қаттауды жүргізіп отырады. Негізгі капитал қаттамасы жылына бір рет 1 қарашадан кейін өткізіледі.
Негізгі қорлардың болмысы мен қозғалысын сипаттау үшін келесі деректер пайдаланады:
3 Кәсіпорынның негізгі қорларын жетілдірудің негізгі бағыттары және амортизацияны есептеу әдістері
3.1 Кәсіпорынның негізгі капиталының ұдайы өндірісі және оны жетілдіру нысандары
Негізгі капиталдың ұдай өндіріс ресурстардың жаңарту туралы жалпы стратегиясы болып табылады. Бұл стратегияның негізінде қолданылатын өндірістік ресурстарды бірқалыпты жағдайда ұстап тұру қағидасы жатыр. Бұл қағида жөндеу, жаңғырту және қайта құру арқылы негізгі каиталды қалпына келтіруді қарастырады. Бұл жұмыстарды жүргізу стратегиясын белгілегенде кәсіпорынның қаржылық мүмкіншілігін еске ала отырып, ықтималды инвестициялық жобаларды онтайлы қалыптастырып қана анықтауға және талдауға болады. Жаңа құрылыс салу, кеңейту, техникалық қайта жабдықтау, қайта құру арқылы кәсіпорынға тиісті негізгі капиталдың ұдайы өндірісін әртүрлі жолмен жүргізуге болады. Егер жүргізілген жаңғырту және қайта құру жұмыстары арқылы қызмет (тиімді пайдалану мерзімі, қуаты, пайдалану сапасы) көрсетудің қабылданылған нормативтері жақсарса, онда негізгі капиталдың бастапқы құны жоғарылайды.
3.2 Амортизацияны есептеу әдістері
Амортизациялық мөлшерлер амортизация көлеміне қарай ерекшеленуі мүмкін: ол уақыт бірлігіне- негізгі қор құнының пайыздық бөлігі; шығарылатын өнім бірлігіне - теңге; жұмыс бірлігіне сәкес белгіленеді. Өнеркәсіпте амортизациялық мөлшерлерді белгілеудің алдыңғы екі әдісі қолданылады.
Амортизация жүйесіндегі маңызды экономикалық элемент- оны есептеу әдістері болып табылады. Амортизацияны есептеу әдісі амортизациялық қордың көлеміне, негізгі қорлардың қызмет етуінің әр түрлі кезеңіндегі қаржы ресурстарын шоғырландыру қарқындылығына, төлемдер мөлшеріне тікелей әсер етеді.
Қорытынды
Бұл дипломдық жұмыста кәсіпіпорынның негізгі қорлары және оларды талдау және жақсарту жолдары қарастырылып отыр.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – бүгінгі күнде бәсеке қабілеттілікті көтеруде басты міндет ғылымды көп қажетсінетін отандық өндірісті дамыту,Қазақстан кәсіпорындарындағы негізгі капиталдардың үнемі жаңартып отыру саясатының маңызын ашу.
Ал, оның басты міндеті – осы мәселелердің артықшылықтарын айқындап көрсету болып табылады.
Дипломдық жұмысты жазу барысында кәсіпорында негізгі капиталды пайдаланудың теориялық және практикалық аспектілеріне терең зерттеу жүргізіле отырып, негізгі капиталдың экономикалық мәні, кәсіпорында тиімді пайдаланудың ерекшеліктері, кәспорында ұйымдастырылу саясаты, сонымен қатар өнеркәсіптік кәсіпорындардағы негізгі капиталды жаңарту құралы, өндіріске иновациялық жаңалық енгізу құралы және тағы да басқа тақырыптар төңірегіндегі мәселелер қарастырылады. Дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Республикасының заңдылық құжаттары, ғылыми мақалалар мен оқулықтар интернет сайттарының және кәсіпорынның нақты мәліметтері, бұқаралық ақпарат құралдарының мағлұматтары, отандық және шетелдік ғалым экономистерінің еңбектері, үкімет бекіткен бағдарламалар мен қаулылар, Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігінің ақпараттары қолданылады.