Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика және құқық негіздері

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 63 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Мемлекеттегі еңбек саясаты


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 5
1.Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 11
1.1 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару 11
1.2 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары 20
1.3 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету 24
1.4 Еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі жолдары 26
2. Өндірістегі алдын-алу жұмыстары және бақылау жүйесін ұйымдастыру 36
2.1 Өндірістегі қолайсыз жағдайы туралы сараптама 36
2.2 Экономиканың әр түрлі салаларындағы қызметкердің өмірі мен денсау-лығына қауіп төндіретін жоғары өндірістік қауіп-қатерлер 37
2.3 Еңбекті қорғауды қамтамасыз етуді бақылау жолдары 39
2.4 Қазақстан Республикасындағы бала еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері 41
3. Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті 45
3.1 Қостанай облысы өндірістік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету 45
3.2 Еңбек қатынастарын жариялы болуына жол ашатын жағдайлар жасау 47
3.3 Қазақстан Республикасындағы еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау мәселелері 48
Қорытынды 59
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 61
Қосымшалар 63

КІРІСПЕ
Елдің бүкіл қоғамдық саяси, экономикалық тыныс тіршілігі реформа жолына түсіп, нарықтық қатынастарға бет алғалы бері еңбек құқық қатынастары саласында елеулі проблемалар пайда болды. Еңбек заңнамасы мен оны пайдалану практикасы экономикадағы өзгірістерден , оны пайдалану практикасынан көш кейін қалып қояды. Осыған байланысты еңбек қатынастары өрісінде жағымсыз екі құбылыс пайда болады: азаматтардың еңбек құқықтарын бұзушылық көбейіп, сол құқыҚтарды сақтауда бақылау және қадағалу бәсеңдеді. Азаматтардың еңбек қорғауды жүзеге асыруы – қоғамның тұрақтылығын нығайтудың аса маңызды бір шарты.

1 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары

1.1 Еңбекті қорғауды мемлекеттік басқару
Нарық экономикасының шартына халық қорының пайдасы кіреді. Олардың қаншалықты сапасы мен саны жағынан кәсіпорын сұранысына сәйкестендірілсе кәсіпорын беделінің жоғарлануынан, соншалықты еңбек потенциалының шартыда жоғарлайды. Осыған байланысты персоналмен жұмыс істеу жаңа қажеттілікті туындатады.
Кәсіпорынды басқарудың құрамды бөлімі кәсіпорынды басқару, яғни кәсіпорын сұранысын және жұмысшылардың қызығушылығын қанағаттан-дыру болып табылатын – еңбек.

1.2 Еңбек қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары
Меншік түріне қарамастан шаруашылық қызметі мен кәсіпорындар-дың барлық түрінде еңбек ететін қызметкерлердің еңбегін қорғау, өндірістегі жазатайым жағдайлар мен денсаулыққа зақым келтірудің алдын алу, қауіпті және зиянды өндірістік факторларды барынша кеміту мақсатында жүргізіле-тін ұлттық саясатының негізгі принциптерін «Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 22 қаңтарда қабылданған «Еңбекті қорғау туралы» Заңы жүзеге асырады.
Еңбек қорғау дегеніміз – тиісті заң және басқа да нормативтік актілердің негізінде еңбек процесінде адамның қауіпсіздігін, денсаулығын мен жұмыс қабілетін сақтауды қамтамасыз ететін, әлеуметтік экономикалық, ұйымдастыру, техникалық-гигиеналық және емдеу-алдын алу шаралары.

1.3 Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғауды қамтамасыз ету оң шешімін тапқан мәселе. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету төмендегідей нысандарда жүзеге асырылады:

1.4 Еңбекті қорғау жүйесін жетілдірудің негізгі жолдары
Қазақстанды уақыт талабына сай қарқынды дамып отырған әрі өмір сүру стандарттары жоғары мемлекет етуді ойласақ, оны ел азаматтарының белсенділігін, іскерлігін арттыру, азаматтық қоғамды одан әрі қалыптастыру кезеңінде ғана жүзеге асыра аламыз.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы көптеген салалардағы және елдің әлеуметттік-экономикалық дамуының барлық деңгейінде өзара байланысты міндеттерді кешенді шешуді қажет етеді. Оған ең алдымен халықты жұмыспен қамту және оларды еліміздегі еңбек нарығына тарту мәселесі жатады. Тұрғындарды тиімді және өнімділігі жоғары жұмыстармен қамту арқылы ұлттық тауарлар мен қызмет көрсетулердің бәсекеге жарамдылығын арттыруға болады.

2 Өндірістегі алдын-алу жұмыстары және бақылау жүйесін ұйымдастыру

2.1 Өндірістегі қолайсыз жағдайы туралы сараптама
Қазақстан Республикасы бойынша 247,9 мың адам немесе жалпы жұмыспен қамтылғандар қатарындағы әрбір бесінші адам осындай қызмет түрінде рұқсат етілетін нормаларға жауап бермейтін, қолайсыз еңбек жағдайларында жұмыс істеген.Олардың әрбір үшінші – шу және діріл деңгейі жоғары, әрбір екіншісі – жұмыс аймағындағы ауаның жоғары шаңды және газды әсері, әрбір бесіншісі – қолайсыз температуралық режим жағдайларында жұмыс істеген.
2011 жылы 33,8 мың қызметкер адам ағзасын күрделі патологиялық өзгерістерге шалдықтыратын ауыр қол жұмысын орындаған; олардың 7,9 пайызы әйелдер. Қауіпсіздік талаптарына жауап бермейтін жабдықтарда әрбір оныншы адам жұмыс істеген.
Мемлекеттік гендерлік саясаттың маңызды мәселесі еңбек жағдайлары зиянды қауіпті жұмыстарда істейтін әйелдердің санын қысқарту болып табылады.Әйелдер арасында әрбір оныншы әйел санитанрлық-гигиеналық талаптарға жауап бермейтін жағдайларда жұмыс істеген, олардың 40 пайызы шанды және газды ортада еңбек еткен.

2.2 Экономиканың әр түрлі салаларындағы қызметкердің өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін жоғары өндірістік қауіп-қатерлер
Автоматтандыру деңгейінің жоғарылауымен енгізумен байланысты экономиканың әр түрлі салаларындағы кәсіпорын қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен сипаты жағымды жағына қарай айтарлықтай жақсарып, олардың қауіпсіздігі артты. Сонымен қатар, бұл қауіпті әрі зиянды факторларды біржола жоя алған жоқ.

2.4 Қазақстан Республикасындағы бала еңбегінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері
Бала еңбегіне қатысты проблема дамушы елдерге ғана емес, сонымен бірге өнеркәсібі дамыған елдерде де кездеседі. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей , бала еңбегі жан жақты өсіп жетілуін , оның ішінде денесінің жетілуін, әлеуметтік психикалық дамуын тежеп қана қоймай, адамның ресурстарды және елдің жалпы әлеуметтік – экономикалық дамуына теріс әсерін тигізеді.

3 Еңбекті қорғау және өндіріс мәдениеті

3.1 Қостанай облысы өндірістік кәсіпорындарындағы еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету
«Соколов-Сарыбай кен байыту өндірістік бірлестігі» - АҚ мыңдаған қызметкері бар ұжым. Өндірістік бірлестікте елбасымыздың Қазақсатан халқына жолдауында алға қойған әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру міндеті бойынша жоспарлы жүргізіп келеді.
Еңбекті қорғау жөніндегі шаралар өндірістік тұрақтылығын қамтамасыз ету шараларының жалпы жиынтығымен бірге қарастырылады. Бұл арада жұмысшылар мен қызметкерлерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз етудің маңызы айрықша.

3.2 Еңбек қатынастарын жариялы болуына жол ашатын жағдайлар жасау
Еңбек қатынастарын реттеу процесін жетілдіру еңбек нарығындағы жасырын процестерді азайту жөніндегі шаралардан тұрады.Көлеңкелі экономикалық қызмет еркін бәсекеге қиындықтар тұғызады, мемлекетттік бюджетке түсетін салымдарды азайтады, әлеуметтік саламен мен қаржыландыру мүмкіндіктерінің аясын тарылтады және қызметкерлердің өзінің жан-жақты қорғалу жағдайын нашарлатады.

3.3 Қазақстан Республикасындағы еңбектің қауіпсіз жағдайларын жасау мәселелері
Қазақстан Республикасының Үкіметі тарапынан еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылып келеді.
Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды ғылыми тұрғыдан қамтамасыз етуді қалпына келтіру мен жандандыру, ғылымның өндіріске интеграциялануын, еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіруге бағытталған іс-шараларды әзірлеу мақсатында Республика Үкіметі Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанында Республикалық еңбекті қорғау жөніндегі ғылыми-зерттеу институтын құрды.

Қорытынды

Халықаралық еңбек ұйымының мәліметтеріне қарағанда, әлемде жыл сайын миллиондаған адамның өмірін қиятын 207 миллионға жуық жазатайым оқиға мен 160 миллион кәсіби ауру тіркеледі. Жайсыз еңбек жағдайлары, өндірістегі жазатайым оқиғалар мен кәсіби аурулар көптеген жұмыскерлер мен олардың отбасы мүшелеріне ауыртпалығын түсіреді, сондай-ақ олардың салдарынан әлем экономикасы жылына жалпы ішкі өнімнің төрт пайызынан айырылып отырады.
Өкінішке қарай, мұндай шығындарға біздің ел де тап болып отыр. Қазіргі уақытта, республикада зиянды және қауіпті еңбек жағдайларында 1 миллионнан астам жұмыскер еңбек етеді. Жыл сайын еліміздің ұйымдары мен кәсіпорындарында үш мыңнан астам жазатайым оқиға орын алып отырады, олардың үш жүзінен артығы адамдардың қаза болуына әкеліп соғады.