Қазақтың отбасы ғұрып фольклорының жанрлық табиғаты
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Отбасы ғұрып фольклорындағы жанр табиғаты 6
1.1 Қазақтың отбасы ғұрыпындағы туыстық қатынастар 6
1.2 Қазақ отбасылық ғұрып фольклорын жанрлық түрлерге жүйелеу 9
1.3 Отбасы ғұрып фольклорын саралаудың ерекшелігі 15
1.4 Адам өмірінің әр кезеңіне байланысты туған фольклор 23
2 Қазақы салт-дәстүрлердің көрінісі 30
2.1 Құда түсу және қыз ұзату дәстүрінің ерекшелігі 30
2.2 Қыз ұзатуда орындалатын кәделердің ерекшелігі 34
2.3 Келін түсірудің ерекшелігі 39
2.4 Бата-тілек жырларының ерекшеліктері 46
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 58
1 Отбасы ғұрып фольклорындағы жанр табиғаты
1.1 Қазақтың отбасы ғұрыпындағы туыстық қатынастар
Отбасы ғұрып фольклоры туралы пікірімізді қазақтың отбасы ғұрыпындағы туыстық қатынастардың өз ерекшелігін айтудан бастаған жөн. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар әйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталды. Қазақ салты бойынша жиенді ренжітуге болмайды, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
1.2 Қазақ отбасылық ғұрып фольклорын жанрлық түрлерге жүйелеу
Қазақтың отбасы фольклорының жиналу, жүйелену, зерттелу тарихнамасын шола қараған кезде оның жанрлық болмысын анықтап, ішкі жанрлық түрлері мен терминологиялық жүйесін саралап, мән-мазмұнын пайымдауда өркенді тәжірибелермен қоса, шешімін күтіп тұрған мәселелерінің де аз емес екендігін көреміз. Әр кезеңдегі зерттеулер тәржірибесі қалыпқа түсірген жүйенің қаперге алатын тұстары мен ұтымды терминдік қолданыстары, әрине, аз емес. Дегенмен, ғылым бір орнында тұрмақ емес. Фольклортану ғылымы дамыған сайын фольклорлық шығармаларды саралаудың ұстанымдары мен жүйесі де жетіліп, жаңа белестерге көтерілуде. Яғни, мәселеге фольклортанудың бүгінгі деңгейі тұрғысынан келгенде, қазақ отбасылық ғұрып фольклорының жанрлық сипаты мен жанрлық түрлерге жүйелеудің, терминдік атауларын ретке келтіру мәселелерінде тілге тиек ететін мәселелер баршылық. Оған бұл саланың осы уақытқа дейін арнайы қарастырылмауы да ділгірлік танытып отыр.
1.3 Отбасы ғұрып фольклорын саралаудың ерекшелігі
Отбасылық ғұрып фольклорын іштей саралағанда, адам өмірінің кезеңдеріне қатысты үш сатыға бөлінетін – фольклортану ғылымында қалыптасқан ұстаным. Дегенмен, қазақ фольклортану ғылымында отбасылық ғұрып фольклорын бұлайша үштаған құбылыс ретінде саралап, оның ішкі табиғи байланыстарын ашып, тереңдей зерттеу ісі осы уақытқа дейін нысаналы түрде қолға алынған жоқ. Оның әр саласының сипатын бағамдап, жанрлық түрлерге саралай отырып, поэтикалық табиғатына үңілу мәселесі де жүйелі ғылыми арнаға түсе қойған жоқ. Тек, жекелеген жанрларға сипаттама беру басым. Соған сәйкес, ішкі жанрлық түрлердің терминдік атауларында да бір ізділік толық қалыптаспай келеді.
1.4 Адам өмірінің әр кезеңіне байланысты туған фольклор
Ғылымда ертеден сөз болып келе жатқан жанрлар - үйлену тойы мен өлімге байланысты фольклор. Бірақ бұлардың атауында да ала құлалық әлі бір жүйеге тұсе қойған жоқ. Үйлену тойына байланысты айтылатын шығармаларды алғаш жеке топтаған М.Әуезов «Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңідері» десе, Б.Кенжебаев, М.Сильченко, Б.Уахатов, Ш.Ыбыраев «Үйлену салт өлеңдері» деп айдар тағады. М.Әуезов, әсте, аталмыш топқа қатысты шығармалардың денін (беташардан басқасы) қыз ұзату ғұрпы кезінде айтылатынын негізге алған, тіпті, беташардың өзі сол ғұрыптың соңғы нүктесі іспеттес. Дегенмен, үйлену сөзі, белгілі дәрежеде, осы екі ұғымды (қыз ұзату мен келін түсіру) қатар қамтиды. Сонымен қатар, орыстың «свадьба» сөзіне қарағанда қазақтың «той» сөзінің мағыналық ауқымының әлдеқайда кең екендігі белгілі, өйткені қазақта тойдың түрі көп. Сондықтан, бұл – жанрлық топ «Қыз ұзату үстіндегі салт өлеңдері» (М.Әуезов), «Үйлену салт өлеңдері» (Б.Уахатов), «Үйлену ғұрпының фольклоры» (Б.Әбілқасымов), «Үйлену ғұрпына байланысты жырлар» деп әртүрлі аталып келді.
2 Қазақы салт-дәстүрлердің көрінісі
2.1 Құда түсу және қыз ұзату дәстүрінің ерекшелігі
Қай халықты алсақ та, оның ертеден келе жатқан әдет-салты, ырым-кәдесі бар және олар сол халықтың тұрмыс тіршілігінен көрініс тапқан. Олардың пайда болуы мен дамуы ұзақ жылдар бойына жүзеге асады. Дәстүрдің озығы мен тозығы бар демекші, кейбір салт- дәстүрлер халқымыздың тұрмыс-тіршілігінен мықтап орын алып жатса, енді біреуі заман ағымына қарай ескіріп жатады.
2.2 Қыз ұзатуда орындалатын кәделердің ерекшелігі
Қазақта қыз ұзатқанда орындалатын кәделер түрі көп. Мысалы, құдаларды арнайы дайындалған дастарқанға жайғастырып отырғызады. Дастарқан басында орындалатын кезекті кәделер бар. «Сыбаға беру» кәдесін жасап, табақ тартылады. Оны да құдалар ақысын беріп, сатып алады. Сыбағаны тарту еткен әйелдер алған ақыларын өзара бөлісіп алып жатады. Кей жерлерде «Есік ашар» кәдесін құдалар орындайды. Жекжат болып жатқандарының құрметіне сыйлағандарын білдіріп түрлі сыйлықтармен келеді.
2.3 Келін түсірудің ерекшелігі
Қыз ұзатылу тойынан кейін келін түсіру тойы болады. Келін түсіру тойы жігіт жағаның тойы. Келін түсіруге байланысты орындалатын салт-дәстүр ежелден келе жатыр. Бұрынғы қазақ халқының салт-дәстүрінің бәрі мағыналы түрде орындалатын болған. Ауылға келін кіре бере, жасаулы көштің алдынан әйелдер шығып шашу шашқан. Көш бастап келген әйелді «Мұрындық ана» деп атап, оған арнайы сый берілген. Ауыл адамдары жүкті дереу түсіріп, отауды тігуге кіріскен. Шаңырақты көтеру балалы-шағалы, үрім бұтағы өскен, елге беделді салиқалы адамға жүктелген. Бұл жерде жаңа түскен жас келінге осы ананың жолын берсін деген ырымды көздеген. Отау ішінің жиһаздары жиналған.
2.4 Бата-тілек жырларының ерекшеліктері
Әлем халықтарының сөз өнері мұралары – адамзат ұрпақтарының дүниетанымындағы рухани жан ділі болмысының көрінісі. Фольклор мұралары мен әдебиет шығармаларының ұрпақтар дүниетанымындағы адамгершілік-имандылық ұлағатын қалыптастыратын, дамытатын қызметі сөз өнеріндегі тәлім-тәрбиелік ықпалы қуатты мұралармен жүзеге асады. Түркі халықтарының наным-сенімдері, әдет-ғұрыптары, ырым-жоралары жинақталған тарихи-әдеби этнографиялық дүниетаным болмысы әртүрлі жанрлармен айқындалады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Фольклор – әлемдегі барша халықтардың ұлттық мәдениетінің қайнар бұлағы, тарихи жадынының, дәстүрлі дүниетанымының алтын қоры, рухани жан дүниесінің айнасы. Елдің ежелгі дүние танымын саралауда, өмір салты мен рухани әлемін бағамдауда одан өткен кенен қазына, құнды да құнарлы дерек көзі жоқ. Сондықтан да ол қай халықтың болмасын этникалық тек тамырын танып, ұлттық келбетін анықтап, келешекке бағдар түзуде ұстанатын темір қазығы болып табылады.