Кәсіпорынның айналым қоры және тиімділігі
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Кәсіпорын қызметін қаржылық реттеу 8
1.1 Кәсіпорындар қызметін қаржылық талдаудың негіздері және олардың қаржысын функционерлеудің тиімділігі 8
1.2 Қаржылық тұрақтылықтың экономикалық және әлеуметтік маңызының түсінігі 12
1.3 Айналым капиталы туралы түсінік, табиғаты және орны 21
1.4 Айналым капиталын есептеу мен бағалау және оның құрылымын оңтайландыру 22
2 Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау 28
2.1 Талдаудың міндеттері және талдауда қолданылатын мәліметтер 28
2.2 Меншіктік айналым қаражаттарының жағдайын талдау 29
2.3 Қалыпты емес айналым қаражаттарын талдау 32
3 Кәсіпорынның айналым қорларын қолданудың тиімділігі 38
3.1 Айналым қорларын қолдану туралы түсінік және көрсеткіштері, олардың кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижелеріне әсері 38
3.2 Мұнай және газ өнеркәсібі қызметі сферасындағы айналым 46
3.3 Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі және инвесиициялар 56
Қорытынды 65
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67
Қосымша 69
Кіріспе
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын негізгі көрсеткіштер болып меншікті айналым қаражаттарымен қамтамасыздығы және оның сақталуы, материалдық құндылықтардың қалыптанған қорларының жағдайы, банктік несиені қолдану тиімділігі және оның материалдық қамтамасыз етілуі, мекеменің төлем қабілеттілігі тұрақтылығының бағасы саналады. Қаржылық жағдайды анықтайтын факторларды талдау өндірістің резервтерін табуға және тиімділігін арттыруға әсерін тигізеді.
Айналым қаражаттарын оңтайлы қолдану өндіріс көлемін ұлғайту, өнімнің өзіндік құнын төмендету, кәсіпорынның пайдалылығын арттыру сияқты өндірістік кәсіпорынның шаруашылық ісінің негізгі көрсеткіштеріне әсерін тигізетіндіктен айналым қаражаттарын тиімді қолдануға ерекше назар аударылады. Айналым қаражаттарын тиімді пайдалануға талдау жасау кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін жақсартуға және қосымша резервтерді табуға көмектесуі керек.
1 Кәсіпорын қызметін қаржылық реттеу
1.1 Кәсіпорындар қызметін қаржылық талдаудың негіздері және олардың қаржысын функционерлеудің тиімділігі
Қаржылық реттеу дегенде міндетті ережелерді құрудың екі аспектісі түсініледі:
(1) Сыртқы, яғни мемлекеттік реттеу;
(2) Ішкі, "корпоративті" реттеу. Соңғысын шартты түрде екі түрге бөлуге болады:
(а) Кәсіпорындарды қожайындары (акционерлер) тарапынан реттеу;
(б) оның басшылары тарапынан.
Акционерлер тарапынан қаржылық реттеу.
Кәсіпорынның (акционерлік серіктестік немесе жауапкершілігі шектеулі серіктестік, толық серіктестік немесе өндірістік кооператив болсын) құрылтайшылық құжаттарында құрылтайшылардың есептік саясат, кәсіпорынның қаржылық есебі, ірі және аса ірі мәмілелердің жасалуын мақұлдайтын, сондай-ақ басқа түрдегі қаржылық реттеуге қатысуы туралы жағдайларды бекітетін ережелері берілуі керек.
Осылайша, құрылтайшылық құжаттарға, жарғылық капиталға, акцияларды орналастыруға қатысты өзгерістер тек қана акционерлер шешімімен енгізілетіндігі жайлы заңда бекітілген. Акционерлердің қоғамдық ревизорды, есептік комиссияны және қаржылық есеп беруді бекітуі өте маңызды болып табылады. Мәселе мынада, бақылаудың тікелей басқарудан маңыздылығы кем емес, және бұл жағдайдағы қаржылық реттеу бақылау түрі сипатына ие болады. Акционерлер сондай-ақ қоғамдық аудиторды да бекітеді, ал аудиттің табиғаты кәсіпорынның қаржылық жағдайын тексеру мен оны жақсартудың мүмкін болған жолдарын көрсетуден тұрады. Осы ұсыныстардың негізінде акционерлер жыл сайынғы жиналыстарда кәсіпорынның қызметінің бағытын қалай қарай бағыттау керек екендігі туралы шешім қабылдайды, осылайша бақылау тікелей басқаруға көшеді.
1.2 Қаржылық тұрақтылықтың экономикалық және әлеуметтік маңызының түсінігі
Қаржылық тұрақтылықтың талдауын қарастырмас бұрын «қаржылық тұрақтылық» деген ұғыммен танысуымыз тиіс.
Қаржылық тұрақтылық туралы бірнеше пікірлер бар. Бірақ олардың барлығы ұқсас. М.С. Абрютина және А.В. Грачев пікірінше «қаржылық тұрақтылық өз және қарызға алған қаржылық құралдары арасындағы қаржылық тепе-теңдік шартында көрсетілген уақыт бойынша мекеменің төлем қабілеті анықталады».
Осыған ұқсас пікірді Г.Б. Поляк та қолдайды. «Мекеменің қаржылық тұрақтылығының сырттай көрінісі болып төлем қабілеті табылады. Егер мекеменің бар ақша - қаражаты мерзімдік (бағалы қағаздар, басқа мекемелерге уақытша қаражатының көмек) қаржылық салымдар мен активтік аз мерзімдік міндеттемелерді орындаса ғана, ол мекеме төлем төлеуге қабілетті болып саналады.
1.3 Айналым капиталы туралы түсінік, табиғаты және орны
Кә.сіпорынға қызметін жүзеге асыру кезінде бір кезең бойы толық тұтынылатын қаржы қажет. Осы қаржы айналым капиталы деген атқа ие болған, яғни оның негізгі рөлі өндіріске қызмет етуде (айналым процесінде), бұл кәсіпорын денесіндегі өзіндік қан-тамыр жүйесінің рөлі. Айналым қаражаттарын төмендегідей классификациялауға болады.:
Айналым қаражаттарына барынша толығырақ сипаттама берейік.
Мекемеде айналымдағы қаражаттардың құрамында есептеледі де негізгі қаражатқа жатпайды:
1.4 Айналым капиталын есептеу мен бағалау және оның құрылымын оңтайландыру
Шикізат, негізгі және көмекші материалдар, жанармай, жартылай фабрикаттар және безендіретін және тасымалдауға арналған ыдыстар , басқа материалдық ресурстар олардың нақты өзіндік құны бойынша есеп пен есеп беруде көрінеді.
Материалдық ресурстардың нақты өзіндік құны оларды бұл ресурстарды жеткізіп берушілер тарапынан берілген несиеге алыну процентін қоса алғандағы сатып алуға кеткен шығыннан, үстеме бағасы, комииссиялық сый ақы, сыртқы экономикалық және басқа ұйымдарға жабдықтаушылық төлем, кедендік баж, тасымалдауға кеткен шығын, сыртқы мекемелердің күшімен жүзеге асырылған сақтау мен жеткізуден келіп шығады.
2 Кәсіпорының қаржылық жағдайын талдау
2.1 Талдаудың міндеттері және талдауда қолданылатын мәліметтер
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын оны бағалау кретерийлары әртүрлі болуы мүмкін болғандықтан қысқа мерзімді де, ұзақ мерзімді де перспективалары позициясымен талдау қажет, Кәсіпорын қаржысының жағдайы оның қаражаттарының және оның қалыптасу көздерінің орналастырылуымен сипатталады. Қаржылық жағдайды талдау кәсіпорындағы қаржылық ресурстардың қаншалықты тиімді қолданылуын анықтау мақсатында жүргізіледі. Кәсіпорын жұмысының қаржылық тиімділігін меншіктік айналым қаражаттарымен қамтамасыздығы мен оның сақталуы, заттық-материалдық құндылықтардың нормаға сай жағдайы, дебиторлық және кредиторлық қарыздардың жағдайы мен серпіні, банк несиелерінің материалдық қамтамасыздығы, төлем қабілеттілігі көрсетеді.
2.2 Меншіктік айналым қаражаттарының жағдайын талдау
Меншіктік айналым қаражатының жағдайын талдау олардың есептік кезеңнің басы мен аяғына қарайға барлығы және олардың қолданылуын тексеруден тұрады. Меншіктік және соған тең қаражаттар көзінің сомасы оларды дұрыс қолданса негізгі қаражаттарға және айналымнан тыс активтерге, сондай-ақ бекітілген қалыпты айналмалы қаражаттардың қалыпты айналымына салынған кәсіпорынның салымын жабуы керек.
2.3 Қалыпты емес айналым қаражаттарын талдау
Қалыпты емес айналым қаражаттары ақшалай қаражат және аяқталмаған есеп түріне ие болады. Есепті жүргізудің іс жүзіндегі тәртібі мен өткізу мерзіміне байланысты есеп беру күндеріне қарыздың белгілі бір өтпелі қалдығының болуынан қашып құтылу мүмкін емес. Мұнымен қатар қаржылық-шаруашылық қызметтің қалыпты жүрісінің бұзылуынан қаржылық ресурстарға деген жоспарланбаған қосымша қажеттілік туады. Айналым қаражатының бұл тобы бойынша жоспарлы нормалар және нормативтер бекітілмейді.
Банк тарапынан несиеленетіндерінен басқа қалыпты емес айналым қаражатының жабылу көзі болып жоспардан тыс тартылатын ресурстар табылады.. Кәсіпорынның қаражаттарын жоспарда қарастырылмаған мақсатқа бұру көбіне жабдықтаушылар қаражаттарының айналымындағы кідіріске әкеліп соғады.
3 Кәсіпорынның айналым қорларын қолданудың тиімділігі
3.1 Айналым қорларын қолдану туралы түсінік және көрсеткіштері, олардың кәсіпорын жұмысының соңғы нәтижелеріне әсері
Өнеркәсіптің айналымдық қорлары болып еңбек процесінде бола тұрып, әрбір өндірістік циклда қолданылатын және өзінің бағасын еңбек өніміне толық көшіретін өндіріс қаражаты табылады.
Айналым қорларының заттық құрылымы ретінде кәсіпорында болған барлық уақыттың олардың түсуі мен олардан немесе олардың әсерімен дайын өнім алынған мерзім ішіндегі шикізат, материалдар, жанармай және басқа материалдық ресурстар саналады. Айналым қорларына сондай-ақ тез тозатын және аз бағалы құралдарды, өндірістік инвентар бұйымдарын жатқызамыз. Айналым қорларының құрамына болашақ кезеңнің шығыны түріндегі заттық емес элементтер де кіреді. Бұл шығындар шахта, рудник, бұрғылар және олардың келешектегі қолданысы үшін басқа нысандар қолданумен байланысты.
Еңбек бұйымдары әрбір өндірістік циклда олардың толық табиғи-заттық түрінде қолданылатындықтан , олардың өндірілімі сондай немесе басқа өнім түрлерін шығаруды қамтамасыз ету үшін үнемі жанданып отыруы керек. Сонымен бір уақытта олардың өндірісте уақытылы қолданылуын қамтамасыз ету керек.
3.2 Мұнай және газ өнеркәсібі қызметі сферасындағы айналым
Халық шаруашылық жүйесіндегі кез-келген өнімді өндіру үшін алдыңғы буын ретінде кәсіпорынды айтамыз.
Өнеркәсіптік мекеме, оның ішінде, мысалы, мұнай және газ өнеркәсібі мекемелері – адамдар ұжымы жалпы міндеттер мен күшке біріктірілген алғашқы буын. Кәсіпорынның негізгі міндеті болып халқы шаруашылығын және еңбекшілердің өнеркәсіптік өнімдердің қажетті өнім түрлері мен сапасына қажеттіліктерін қанағаттандыру.
3.3 Валюталық шоттардағы ақшалар қозғалысының есебі және инвесиициялар
Кәсіпорындар мен ұйымдардың кассасы жұмысшы-қызметкерлерге есептелінген еңбекақы бойынша есеп айырысу үшін, күнделікті көлік құралдарына қажетті шығындарды (жанар-жағар майға) төлеп отыру үшін, кеңсе тауарларын сатып алу үшін, сондай-ақ ұйымның хат және басқа да құжаттарды пошта арқылы жөнелтуі үшін есеп айырысуға арналған. Касса арнайы жабдықталған, яғни дабылдама (дыбыстық белгілер, сигнализация) орнатылған, және ақшаларды сақтайтын сейфі бар бөлмеде орналастыруды қажет етеді.
Кассадағы нақты ақшалар касса қызметкерінің мөрі сүргіш арқылы басылып жабылатын сейфте сақталуы тиіс. Бұл сейфтің кілті мен сүргіш басатын мөр касса қызметкерінде, ал кілттің екінші данасы арнайы ыдысқа салынып кәсіпорындар мен ұйымдардың басшысында сақталады.
Қорытынды
Айналым қаражаттарын оңтайлы, үйлесімді қолдану кәсіпорынның тұтастай дамуын анықтайды. Айналым капиталын қалыптастыру мен қолдану тыңғылықты талдауды талап етеді.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорын тек қана рынокты маркетингтік зерттеуге ғана емес, сондай-ақ бар ішкі ресурсты тиімді қолдануға да көп көңіл бөлу керек. Экономикалық талдаудың маңызды көрсеткіші - өзіндік құн. Ол көп жағдайда қорларды басқарудың әдістеріне байланысты болып келеді (ФИФО и ЛИФО).