Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік жергілікті бсқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Мемлекеттік органдардың атқаратын қызметі (Қостанай облысы)


Мазмұны

Кіріспе 5
1 Мемлекеттік органдарды басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі 7
1.1 Мемлекеттік органдарды басқарудың әлеуметтік-экономикалық түсінігін бағалау әдістері 7
1.2 Мемлекеттік органдарды басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар 19
2 Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі 24
2.1 Мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері 24
2.2 Мемлекеттік органның функциялары мен міндеттері 32
3 «Сарыкөл кенті әкімі» аппаратының жүйесі және қызметі 54
3.1 Сарыкөл кенті әкімі аппараты қызметінің стратегиялықбағыттары,мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері 54
3.2 Сарыкөл кенті әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері және мүмкін болатын қауіптері 55
Қорытынды 57
Қолданылған әдебиеттер тізімі 59
Қосымша 61

Кіріспе

Өзiнiң мемлекеттiк тәуелсiздiгiн және толық мемлекеттiк егемендiгiн алғаннан кейiн Қазақстан мемлекетi өз аумағында құқықтық мемлекет құруды басты мақсат етiп қойды.
Қазақстан мемлекетінің ішкі және сыртқы қызметінің басты мақсаты – мемлекеттің және оның төңірегінде топтасқан халықтың тәуелсіздігін, егемендігін, қауіпсіздігін, саяси тұрақтылығын нығайту, қоғамын қорғау, оны жан – жақты өркендетіп, дамытып, көркейту.
Дипломық жұмыстың мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік органдардың қызметін талдау.
Дипломдық жұмыстың зерттелу объектісі – Мемлекеттік органдардың қызметі.
Бiрiншi бөлiмде Мемлекеттік органдарды басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі нысандарын ашып көрсетуге тырыстым.
Екiншi бөлiм Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі туралы.
Жұмыстың үшiншi бөлiмi «Сарыкөл кенті әкімі» аппаратының жүйесі және қызметі бойынша талдау.

1 Мемлекеттік органдарды басқару қызметінің әлеуметтік-экономикалық тиімділігі
1.1 Мемлекеттік органдарды басқарудың әлеуметтік-экономикалық түсінігін бағалау әдістері
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:
1) Малшылық
2) Жер игеру
3) Өндірістік
4) Саудагерлер тобы
Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісінасырды.
Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.

1.2 Мемлекеттік органдарды басқарудың тиімділігін арттыруда есепке алынатын факторлар
Мемлекеттік органдарды басқарудың тиімділігін арттыру мәселесі бүгінгі таңдағы өзекті тақырыптардың біріне жатады. Ғалымдар арасында бұл мәселені зерттеу барысында әр түрлі көзқарастар қалыптасқан және оны шешу жолдары туралы да ортақ пікір жоқ. Аталған мәселені тиімділіктің жалпы жүйелік факторларын талдау негізінде қарастыру мемлекеттік саяси-идеялық және стратегиялық факторларды ескеруді ұйғарады. Басқару тиімділігін талдауда экономикалық, әлеуметтік, саяси, құқықтық және республика субъектілерінің кіші жүйелері деңгейінде жалпы мемлекеттік факторлар негізгі фактор ретінде қарастырылады. Кіші жүйелер мен деңгейлерде билік пен басқаруды ұйымдастыру мақсаттарының және стратегияларының, құрылымдық нысандарының өзіндік ерекшеліктерімен байланысты факторлар тікелей талдау объектісі болып табылады. Ұйымдарды басқарудың тиімділігін талдау барысында басқарушылық қызметтің нақты тәсілдерінің, әдістері мен құралдарының тиімділікке тигізетін әсері түсіндіріледі. Жалпыжұйелік және аймақтық факторлардың рөлі корпоративтік масштабтағы басқару жағдайлары мен механизмдерін талдау арқылы айқындалады.

2 Қазақстандағы мемлекеттік органдар жүйесі
2.1 Мемлекеттік органдардың қызметін жетілдіру мәселелері
Өткен ғасырдың токсаныншы жылдарының басында егемендікке қол жеткізген Қазақстанға өз халқына лайықты әлеуметтік-бағдардағы қоғам кұрудың өзіне берілген тарихи мүмкіндігін ұтымды пайдалану міндетін дұрыс атқару керек болды. Сол кездің өзінде-ақ елдің өркениетті деңгейі қоғамдық дамудың перспективалы бағыттарын ұстану қажеттілігін саналы түрде әрі ғылыми негізде анықтауға мумкіндік берді. Осы бағытта кұқықтык мемлекет, азаматтық қоғам мен нарықтық экономиканы құру идеялары, алдыңғы қатарлы елдерде ойдағыдай жүзеге асырылған оңтайлы тәжірибелер бағдарға алынды. Әлеуметтік мемлекет құру стратегиялық мақсат ретінде анықталып, еліміздің Ата заңында көрсетілгендей, «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды». Соған сәйкес мемлекеттің алдына шешуді талал ететін көптеген міндеттердің қойылуы заңды да.

2.2 Мемлекеттік органның функциялары мен міндеттері
Мемлекеттік басқару жүйесі қоғам дамуының «іргетасы» — экономика мен әлеуметтік өмірімізде ұдайы болып жататын өзгерістерге «құлақ түріп» отыруы керек. Өйткені жаңағы тынымсыз өзгерістер уақытында еленбейтін, сондықтан да есепке алынбайтын болса, онда олар бұрынырақ қалыптасқан басқару жүйесіне қайшы келіп, оны әрі қарай жетілдіре өзгертуге мәжбүр етеді. Мұны қоғам дамуының ғасырлар ғана емес, өткен мыңжылдық-тар тәжірибесі айқын дәлелдеп отыр. Ол дәлелдер марксизм ілімдерінің маңызды тармақтарының бірі — қоғамның өндіргіш күш-қуатында болатын жан-жақты өзгерістер өндірістік-экономикалық қатынастардың да сәйкесті өзгеруіне алып келетіндігі жөніндегі ғылыми тұжырымды толығымен растап отыр. Осындай қатынастар жүйесіне мемлекеттік басқарудан туындайтын қарым-қатынастарды да жатқызуға болар еді. Өйткені мемлекеттің даму негізі экономика болса, онда аталмыш қарым-қатынастар да ең алдымен әлеуметтік-шаруашылық сипатта болып, осы бағыттағы заңнамалық шешімдерге сүйенеді.

3 «Сарыкөл кенті әкімі» аппаратының жүйесі және қызметі
3.1 Сарыкөл кенті әкімі аппараты қызметінің стратегиялықбағыттары,мақсаттары, міндеттері және көрсеткіштері
Маңызды міндеті – Сарыкөл кенті халқының мүдделерімен бірлесіп жалпы мемлекеттік саясатты жүргізу.
Пайымдау – жергілікті мемлекеттік органдардың мемлекеттік басқару сапасын көтеруді қолдайтын Сарыкөл кенті әкімінің аппараты және әкімдіктің қызметін тиімді сараптамалық-талдаулық қолдау және ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету.
Сарыкөл кентінің әлеуметтік-экономикалық жағдайы:
Кенттің өнеркәсібі ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеуге бағдарланған, аймақта шикізат базасы және ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу бойынша өндірістік қуаттылығы бар. Аудан орталығында қайта өңдеу өнеркәсібін дамыту үшін жеткілікті қарым бар. Қазіргі уақытта Сарыкөл кентінде 3 диірмен, 6 шағын диірмен, 2 шұжық жасау, 2 кондитерлік цехтар, 2 тігін цехтары, бір жиһаз жасау және столяр цехы, пластмасса өнімдерін өндіру бойынша «Люнет» ЖШС цехы бар.

3.2 Сарыкөл кенті әкімі аппаратының функционалдық мүмкіндіктері және мүмкін болатын қауіптері
Функционалдық мүмкіндіктері:
- Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру және ұйымдастыру құрылымын өзгерту бойынша ұсыныстары;
- Аппарат қызметкерлерін көтермелеу жүйесін жетістік нәтижесіне және кәсіптілігіне бағдарлап қалыптастыру;
- «Электрондық үкімет» шлюзі есебінен ҚР Орталық органдарын бірыңғай ақпараттық жүйеге біріктіру;
- әкімдік ішкі құрылымын дамыту;
- Электрондық түрдегі құжаттармен жұмыс барысында Лотус Домино бағдарламасын енгізу;
- Мемлекеттік электрондық қызмет көрсету санын 10 пайызға дейін көтеру;
- Қызметкерлердің кәсіптік деңгейін көтеру;
- Моральдық ескірген техниканы ауыстыру.
Жағымсыз факторлары:

Қорытынды

Қазақстан Республикасында реформалаудың негізгі бағыттарын белгілеген құжат – Президент Н.Назарбаевтың 1998 жылы Қазақстан халқына Жолдауында ұсынған елдегі демократияландыру мен саяси реформалардың кең ауқымды және жан-жақты бағдарламасы болды. Бұдан кейінгі жылдар ел дамуының 10 жылдық стратегиялық жоспарын қабылдаумен аталып өтті, соған сәйкес 2010 жылға дейінгі кезеңге арналған саяси және мемлекеттік құрылыс саласындағы негізгі басымдық төмендегідей түйінді міндеттерді шешуге бағытталды. Олар – биліктің үш тармағының өзара іс-қимылдарының тиімді жүйесін құру, мемлекеттік басқаруды орталықсыздандыру, сайлау үдерісі тетігін жетілдіру, саяси партиялар мен азаматтық қоғамның институттарын дамытуға жәрдемдесу, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын ұлғайту, мемлекеттік құрылыстың міндеттерін заң жүзінде қамтамасыз ету және жергілікті мемлекеттік басқару мен өзін-өзі басқаруды дамыту саласында үкіметтік емес ұйымдардың мәртебесі және құқықтары туралы заңды әзірлеуді, сондай-ақ мемлекеттік басқару мен бюжеттік қатынастарды өзара жетілдіру деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді шектеу тұжырымдамасын дайындауды атап көрсету керек.