Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 52 стр.

Год: 2007

Полный просмотр работы

Қазақстан республикасы мен оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы мен оның даму болашағы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері 5
1.2 Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның рөлі 9
1.3 Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі 16
1.4 Өнім сапасын арттырудың шетелдік тәжірибесі 21
ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ 27
2.1 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы 27
2.2 Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркәсіп салаларының жағдайы мен оның республикада алатын орны 36
2.3 Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде «Фуд Мастер» компаниясының алатын орны 41
ІІІ Өнеркәсіп салаларын дамыту мен өнімнің сапасын арттыру жолдары 44
ҚОРЫТЫНДЫ 50
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 52

КІРІСПЕ
Елімізде нарықтық экономиканың қалыптасуы өнім сапасын арттыру мәселесін отандық өнім өндірушілердің үйреншікті ыңғайларын толығымен өзгертті. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуы, нарықтық экономикаға кіру болашағы республика экономикасының бәсекеге қабілеттілікке жетуінің объективті қажеттілігін негіздейді. Әкімшілдік әміршілдік экономикада бәсекеге қабілеттілік мәселесі ішкі нарықта туындамады, себебі өнімді өткізу сұрақтарын әкімшілдік шаруашылықты бұзып, өндірістік звенолар санының өсуіне алып келеді. Қазіргі уақытта Қазақстан экономикасына төніп тұрған қауіп нығайып өсіп бара жатқан халықаралық экономикалық бәсекелестік.

І НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНДА САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Өнеркәсіп түсінігінің мәні, түрлері
Өнеркәсіп – бұл халық шаруашылығының маңызды құраушысы болып табылады. Немесе толықтай атап кететін болсам, өнеркәсіп бұл – ұлттық тұтыну заттарының бір бөлігіне ие болатын және өндірістің еңбек заттары пайда болатын фабрика, зауыттар, акционерлік қоғамдар өнеркәсіптік кәсіпорындардың жиынтығы болып табылатын халық шаруашылық салаларының бірі. Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді алатын - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады. Өндіріс дегеніміз не? Деген сұраққа жауап көрейік, қоғамның өмірі сан қырлы болуы әр алуан салалардағы адам қызметінің түрі көп болғандығының нәтижесі. Бірақ мұның барлығы қоғамда материалдық игілік өндіру қызметтерінің болуының арқасында ғана болуы мүмкін. Адамды қоршаған табиғат оның ең қарапайым қажетін өтеуге керек нәрсені дайын күйінде бере қоймайды, осыдан да адамдар өздерінің күш жігерлерін өздеріне қажет заттар жасауға жұмсауға яғни өндіруге тиісті ал мұндай қажеттілікті ешкім өзгерте алмайды. Өндіріс қоғам өмірінің маңызды өзге де салалары келіп шығатын негізгі саласы ретінде көрінеді. Осылайша, өндіріс дегеніміз адамдардың табиғат пен қарым қатынасын, олардың табиғат затын жаңарта отырып, оны өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін бейімдеп алуын білдіретін ерекше процесс. Өндірісті сызба жүзінде «кіретін жағы» және «шығатын жағы» бар тік үшбұрыш ретінде бейнелеуге болады.

1.2 Бәсекеге қабілеттілікті арттырудағы сапаның рөлі
Халық шаруашылығы салаларында жетекші рөлді - өнеркәсіп. Өнеркәсіп еңбек құралын, жеке тұтыну заттарын өндіреді, табиғи шикізаттарды, сондай – ақ ауыл шаруашылық шикізаттарын қайта өңдеуді қамтамасыз етеді. Қуатты өнеркәсіп еліміздің қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Өз кезегінде өнеркәсіп, мамандандырылған салалардың күрделі кешені болып табылады, оның ішінде негізгі орынды халық шаруашылығының барлық салалары үшін өндіріс қорларын өндіретін ауыр өнеркәсіп алады. Сондай – ақ жеңіл және тамақ өнеркәсіптері үшін жеке тұтынатын заттар дайындайды.

1.3 Сапаны қамтамасыз ету облысындағы ИСО қызметі
Стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйым ИСО (The international Organization for standartization, ISO), әлемдегі стандарттар рөлінің артуына және стандартизациялаудың дамуына қатынасады. Оның негізгі міндеті болып интеллектуалды, ғылыми, техникалық және экономикалық іс әрекеттер сферасында бірлесу және халықаралық айырбас жасау. 1947 жылы бекітілген бұл мекеме қазіргі уақытта 140 елдің өкілдерін біріктіріп отыр. Стандартизациялау бойынша Халықаралық ұйымды құру кезінде мағынасы тең дегенді білдіретін грек сөзі ISOS негізге алынған.

ІІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МЕН ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАЛАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ МЕН ОНЫҢ ДАМУ БОЛАШАҒЫ
2.1 Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп салаларының қазіргі жағдайы
Республикамыздың әлеуметтік экономикалық жағдайы облысымыздың өнеркәсіп потенциялы дамуының деңгейімен анықталады. Өнеркәсіптік секторды одан әрі дамытудың басты міндеті тек қана өндірісті тұрақтандыру мен өсіру емес, сондай – ақ оның қайта құрылуы бәсекеге қабілеттілігін арттыру, шығарылатын өнімнің сапасын жақсарту, оның экспорттық әлеуетінің жоғарылауы болып табылады.

2.3 Қазақстандағы сүт өнеркәсібінде «Фуд Мастер» компаниясының алатын орны
Өндірушілер қатарына қосылмақ болып жүретін кәсіпкерлердің көбі қажетті ғимараттарды салумен (жөндеумен), қазіргі заманғы құрал жабдықтарды енгізумен алғашқы қадамдарын бастайды. Мұнымен қоса әдетте ең күрделі болып саналатын шикізат көздерін жабдықтау мәселесі қиындай түседі. Мысал ретінде мұндай қиыншылықтармен көбінесе ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу кәсіпорындары тап болады, мұның бірден бір себебі ретінде 90-ша жылдарда бастау алған кейінен 1997 жылдар 60 пайызға дейін төмендеп кеткен ауыл шаруашылық өндіріс процестерінің қысқаруынан байқалған болатын. Сәйкесінше сүт саласына өз ықпалын тигізетін ірі қара малдың есеге қысқарып кетуі барлық кәсіпорын үшін оңайға соққан жоқ болатын. Тап осы жағдайларды «Фуд Мастер» компаниясы да бастан кешірген болатын.

ІІІ Өнеркәсіп салаларын дамыту мен өнімнің сапасын арттыру жолдары
Қазіргі таңда өнім сапасын басқаруды жетілдіру бағытында отандық өндірушілер алдындағы негізгі мәселелер: өнім сапасын басқару жүйесіне маркетингтік қызмет механизмін ендіру, сапаны басқаруға жүйені бағыттау, тұтынушыға бағыттау және сапаны басқару жүйесіне әсер ететін механизмді өнімнің өмірлік циклінің барлық кезеңдерінде күшейтуді көздеп отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикамыздың бәсекеге қабілетті болуы, мемлекетіміздің бәсекеге қабілетті болуы, елімізде өндірілетін өнім түрлерінің және көрсетілген қызметтердің сапасына тәуелді болып келеді. Соның ішінде өнеркәсіп салаларында жалпы ұлттық өнімнің жартысына жуығы өндірілетін болғандықтан және халық шаруашылығының басқа салаларын индустрияландырудың шешуші факторы екендігіне байланысты өнеркәсіп өнімдерінің сапасына көңіл аудару басты міндеттердің бірі болуы қажет.
Қазақстан Республикасы және Оңтүстік Қазақстан облысының өнеркәсіптері өнімдерінің қазіргі жағдайына жасалған талдау өнеркәсіптің дамуындағы келесідей ерекшеліктерді көрсетіп отыр: