Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Конвертерлік болат өндіру тәсілі

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Арнайы шойындардан конвертерлік болат қорыту үрдісі


Жоспар

1 Арнайы шойындардан конвертерлік болат қорыту үрдісі 3
1.1 Ванадийлі шойынды ЛД конвертерінде үрлеу үрдісі 3
1.2 Жоғары марганецті шойынды ЛД конвертерінде үрлеу үрдісі 4
1.3 Жоғары фосфорлы шойыннан конвертерлік болат қорыту үрдісі 6
1.3.1 Ұнтақ тәрізді әкті қолдану 6
1.3.2 Кесек әкті қолдану 9
1.4 Конвертерлік болат қорытудың қазақстандық тәжірибесі 13
Әдебиеттер 17

1 Арнайы шойындардан конвертерлік болат қорыту үрдісі

Табиғи қоспаланған темір кендерінде темір тотықтарымен бірге ванадий, титан, марганец, хром, фосфор және т.б. элементтердің қосылыстары кездеседі. Домна пешіндегі тотықсыздандыру үрдісінде элемент түгелдей дерлік немесе оның бір бөлігі шойын құрамына –өтетіндіктен, элементті пайдалану көзделеді. Сондықтан шойыннан болат қорыту барысында элементті алу жолдары қарастырылады.

1.1 Ванадийлі шойынды ЛД конвертерінде үрлеу үрдісі

Ванадиймен табиғи қоспаланған темір кендерінен алынған шойыннан болат қорытуда ванадийді де алу көзделеді. Өйткені ванадий – бағалы әрі қымбат қосынды элемент.
Ванадийлі шойынды ЛД конвертерінде оттегімен үрлеу үрдісінде ванадийдің толымды тотығып, қож фазасына өтуі қарастырылады. Металл – қож шекарасында ванадийдің тотығу реакциясы

1.2 Жоғары марганецті шойынды ЛД конвертерінде үрлеу үрдісі

Атасу (Қазақстан), Кремик (Болгария) және т.б. кен орындарының табиғи қоспаланған темір кендерінен алынған шойында марганец мөлшері едәуір жоғары болғандықтан, оны өңдеуде екі мақсат көзделеді:
1) сапалы болат қорыту;
2) марганецті қож алу.
Марганецті қож алудың мақсаты: ферромарганец, силикомарганец сияқты ферроқорытпаларды қорытуда, оны шикізат ретінде пайдалану. Қожды ғана пайдаланып марганецті ферроқорытпалар қорыту үшін, (MnO) мөлшері 45%–дан жоғары және (Mn) /(Fe) қатынасы 6,5 аз болмауы керек.

1.3 Жоғары фосфорлы шойыннан конвертерлік болат қорыту үрдісі

Томас үрдісімен жоғары фосфорлы шойыннан алынған болаттың сапасы ойдағыдай болмағаны белгілі. Сондықтан ЛД үрдісі ашылғаннан кейін конвертерде жоғары фосфорлы шойыннан болат қорыту мүмкіншілігі зерттеле бастады.
Алғашқы зерттеу жұмыстары оттегілі конвертерде фосфордың негізгі бөлігінің тотығуы, томас үрдісіндегідей, балқыманың соңына қалмауы керек екенін көрсетті. Үрлемені көміртегінің берілген концентрациясында тоқтатқанда, балқыманың фосфорсыздану дәрежесі ойдағыдай болмаса, онда фосфорды азайту үшін үрлеу үрдісін әрі қарай жалғастыра беру экономикалық тұрғыдан тиімді болмады. Өйткені балқыманы аса үрлеуде темірдің тотығуы өте қарқынды болып, жарамды металл шығымы азайып, конвертердің өнімділігі төмендеді.

1.3.1 Ұнтақ тәрізді әкті қолдану

Батыс Европа елдерінде ұнтақ әкті пайдаланып, фосфорлы шойыннан оттегілі конвертерде болат қорытудың бірнеше варианты жүзеге асырылды. Болат қорыту варианттарының бір–бірінен технологиялық өзгешеліктері болғанымен, негізгі қағидасы ұнтақ тәрізді әкті оттегімен бірге балқымаға үрлеу болып табылады. Үлкен қысыммен оттегімен бірге үрленген ұнтақ әк балқымаға едәуір тереңдікке еніп, тезірек еріп, активті әк–темірлі, фосфорсіңірімді қождың түзілуін қамтамасыз етеді.

1.3.2 Кесек әкті қолдану

Қазіргі кезде оттегілі конвертерлерде, жоғары фосфорлы шойыннан, сұрыпталған кесек әкті қолдану арқылы болат қорыту технологиялары игерілген. Болат алу технологиясының бір–бірінен айырмашылықтары: болат қорыту конвертерлерінің конструкциясында, қожды неғұрлым ерте түзу және оны жаңғырту тәсілінде.
ЛДП үрдсі. 1956 жылы Помпе (Франция) және Рейнхаузен (Германия) зауыттарының ЛД конвертерінде, томас шойынынан болат қорыту іске асырылды. Болат қорыту технологиясының негізгі ерекшеліктері: алдыңғы балқыманың соңғы қожын және ірілігі 30 –50 мм сұрыпталған кесек әкті пайдалану.
Балқыма екі кезеңге бөлінеді:

1.4 Конвертерлік болат қорытудың қазақстандық тәжірибесі

Теміртау қаласындағы (Қарағанды облысы) металлургиялық зауыттың оттегілі конвертерлік цехында 300 тонналық 3 ЛД конвертері орнатылған. Конвертер шегенінің жұмыстық қабаты термиялық өңделген периклаз – көміртекті негізді отқатөзімділерден қаланған. Конвертердің негізгі өлшемдері [14]:

Әдебиеттер

1 Металлургическая теплотехника. В 2 томах. Том 2. Конструкция и работа печей. Кривандин В.А., Неведомская И.Н., Кабахидзе В.В. и др.– М. : Металлургия, 1986. – 542 с.
2 Абдрахманов Е.С., Тусупбекова М.Ж. Огнеупоры для металлургических и литейных печах. – Павлодар: НИЦ ПГУ им. С.Торайгырова, 2006. – 86 с.
3 Металлургия стали. Явойский В.И., Кряковский Ю.В., Григорьев В.П. и др – М. : Металлургия, 1983. – 584 с.
4 Кудрин В.А. Металлургия стали. – М. : Металлургия, 1989. –560 с.
5 Бигеев А.М. Металлургия стали. – М. : Металлургия, 1988. –480 с.
6 Толымбеков М.Ж. Болат балқыту өндірісінің негіздері. 1–бөлім. – Алматы: РБК, 1994. – 164 б.
7 Борнацкий И.И. Физико–химические основы сталеплавильных процессов. – М. : Металлургия, 1974. – 320 с.