ААҚ Алматы Ауыр Машина Жасау Зауытында өткен өндірістік практика туралы
Жоспар
1 ААҚ Алматы Ауыр Машина Жасау Зауытында өткен өндірістік практика туралы 3
1.1 ААҚ Алматы ауыр машина жасау зауытының тарихы 3
1.2 «ААМЖЗ» ААҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымы 5
1.3 Өндіріс стратегиясың программасы 6
1.4 ААМЖЗ – ның сапа жөніндегі саясаты 7
1.5 ААМЖЗ – ның мақсаты 8
1.6 Мақсатқа жетудің негізгі принциптері 8
1.7 Кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі 9
1.8 Бағдарламалық қамсыздандыру 13
Әдебиеттер 15
1 ААҚ Алматы Ауыр Машина Жасау Зауытында өткен өндірістік практика туралы
1.1 ААҚ Алматы ауыр машина жасау зауытының тарихы
Алматы ауыр машина жасау зауыты бұл отандық ірі кәсіп орындардың бірі болып сондай – ақ халықаралық деңгейде жұмыс істеп жатқанына көп уақыт болды.
Алматыға Луганск «Бу машина» (паровоз) жасау зауыты негізінде 1941 жылдың 17 қарасында көшіріліп келіп құрылған. Бір жылға таман уақыт ішінде (1942 ж.) құрылғылар құрастырылып зауыт бірінші соғыс тапсырмаларын орындауға кірісті (бомбалар, мина, снарядтар) . 1946жылы Алматы ауыр машина жасау зауыты бейбітшілік өнімдерін шығаруға кірісті. Металлургия өндірісі үшін жаңа типтегі құрылғыларды жасай бастады. Зауытта өндірілетін өнімдердің түрлері жыл сайын арта түсті.
1.2 «ААМЖЗ» ААҚ-ның ұйымдастырушылық құрылымы
Зауыттың ұйымдастырушылық құрылымы екі негізгі әдіспен анықталады: зауытты басқару құрылымымен және функционалдық бөлімшелер, цехтер мен қызметтердің құрылымымен анықталады.
Басқару органдарының басты бағыты - негізгі функцияларды жүзеге асыру мақсатында зауыт қызметінің тиімді, үнемді және жедел басшылығын қамтамасыз ету.
1.3 Өндіріс стратегиясың программасы
Шаруашылықта белгіленген номенклатура мен сапа бойынша өндірілетін өнім мөлшері және өткізілетін өнім көлемінің тапсырмасы: халық шаруашылығын өркендетудің мемлекеттік жоспары, сала бірлестік жоспарының жетекшісінің бөлігі. Өндіріс стратегиясының программасы халық шаруашылығының және халықтың өнімге деген сұранысын қанағаттандыруға негізделіп жасалады. Сонымен бірге материалдық өндіріс салалары арасындағы қажетті пропорциялармен аудан аралық байланыстарды анықтау. Өндіріс процесін жоспарлау барысында шешуші роль атқарады.
1.7 Кәсіпорынды басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Қазіргі уақытта ұйымды басқаруды жетілдіру - бұл процесте автоматтандырылған жүйелерді жасап, олардың жұмысын басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық-математикалық әдістер мен электронды-есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) стратегиялық жоспарлау жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Бақылау және жоспарлау басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп өнімді, өндіріс жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өңдеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
1.8 Бағдарламалық қамсыздандыру
Бағдарламалық қамсыздандыру (БҚ) деп КТС-тың қызмет етуін қамтамасыз ететін, ақпараттық жүйе функцияларын жүзеге асыратын бағдарламалардың жиынтығы.
Бағдарламалық құралдардың жиынтығы - бұл техникалық құралдар кешенінің қызмет етуін қамтамасыз ететін ақпараттық жүйенің функцияларын жүзеге асыратын бағдарламалардың жиынтығы.