Ақша ұсынысының үрдісі
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. Ақша туралы түсінік 5
1.1 Ақша айналысы заңы 5
1.2 Ақша агрегаттары 7
1.3 Ақша жиыны 7
ІІ-ТАРАУ. Ақша ұсынысының үрдісі 10
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер 10
2.2 Орталық банк және ақша базасы 12
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы 12
2.4 Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі 16
ІІІ-ТАРАУ. Ақша сұранысы 18
3.1 Келісімдер жөніндегі сұраныс 21
3.2 Монетарлық жиынтық құрайыштары 24
3.3 Ақша – қаржы жаңалығы 25
ҚОРЫТЫНДЫ 29
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 30
КІРІСПЕ
Ақша туралы осы уақытқа дейін талай – талай шығармалар жазылып, ақшаны біреулері пайдалы тауар деп мақтаса, ал біреулері оны қоғамға зиянын тигізеді деп даттауда. Өйткені ақша үшін бүкіл қоғам жұмыс істейді, ол біреулерді бақытты тұрмысқа кеңейтсе, ал біреулерді қайғылы оқиғаға ұшыратады.
Сонымен, ақшаны ешкім ойлап тапқаны жоқ, ол тауар айналысының дамуына байланысты тарихи түрде көптеген жағдайларды басынан кешіріп, осы күнге ақша болып жетті. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Әрбір тауар қажетті тұтыну құның алу құралы бола отырып , өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді. «Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».
Егер ақша айналысы болмаса, онда тауар айналысы да болмайтын еді. Ақша түрінде көрінетін тауарлардың құны , оның бағасы болып табылады.
І-ТАРАУ. Ақша туралы түсінік
Ақша дегеніміз – тауардың жалпы эквивалентінің тиянақталған түрі, құнның эквиваленттік формасы мен тұтыну құны біте қайнасқан ерекше тауар. Яғни ақша - тауар өндіру мен оны айырбастау үрдісіне басқа тауарлардан бөлініп шыққан ерекше тауар, оның айрықша қызметі – барлық тауарларға ортақ балама (эквивалент) рөлін атқару. Осыдан келіп ақшаның жаппай күші болады. Ақшаның қоғамдағы мәнін К. Маркс «жеке адам өзінің қоғамдық билігінде де, қоғаммен байланысын да өзінің қалтасына салып жүреді» деген афоризммен сипатталады. Ол мынадан айқын көрінеді:
Біріншіден, тек ақшаға айырбастау арқылы ғана тауарлар қоғамдық еңбектік нәтижесі екенін анықтауға болады. Мысалы, ақшаның тауар айырбасында делдалдық етуі арқылы қоғамдық еңбектің сапалық деңгейі айқындалшып, саңдық есебі жүргізіледі.
Екіншіден, әр адамның еңбектегі, яғни қоғамдық өндірістегі үлесін де ақша арқылы анықтауға болады. Себебі адам қоғамдық еңбектегі үлесін жалақы ретінде алғанда, ақша төлем құралы қызметін атқарғаны.
Үшіншіден, айырбас үрдісіне ақшаның делдалдық етуімен тауардың ішкі қайшылықтары да шешіледі. Тек ақшаның пайда болуына байланысты бүкіл тауарлар тұтыну құны ретінде айырбас қатынасының бір жағында тұрады да, ал екінші жағында бүкіл тауарларға қарама-қарсы ақша тұрады.
1.1 Ақша айналысы заңы
Ақша айналысы заңы – құн заңының айналыс аясындағы көрінісі. Ол тауар – ақша қатынастары болатын барлық қоғамдық формацияларға тән. Айналыстағы ақшаның саны К. Маркс ашқан ақша айналысы заңымен реттеледі. Тауар айналысына қызмет ету үшін қажетті ақша мөлшері екі факторға: біріншіден, бір кезеңде, айталық бір жылда сатылуға тиіс тауарлар бағасының қосындысына, екіншіден, ақша айналысының жылдамдығына байланысты өзгереді. Ақша айналысы заңы мына формуламен өрнектеледі:
1.2 Ақша агрегаттары
Өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерде ақша жиыны құрамын анықтау үшін негізгі ақша агрегаттарының төмендегі жиынтығын пайдаланады:
1.3 Ақша жиыны
Ақша жиыны нақты әр мемлекеттің өзіне тән ақша-несие жүйесімен анықталады. Мысалы, АҚШ-та ақша жиынын анықтау үшін - төрт, Швейцария мен Германияда – үш, Ұлыбританияда – бес, Францияда – екі ақша агрегаты қолданылады.
Қазақстан Республикасының ақша жиынының құрылымына төмендегі ақша-агрегаттары кіреді:
М1 – айналыстағы қолма-қол ақша;
М2 - құрамына М1 агрегатын және шаруашылық субъектілерінің есепшоттары мен басқа депозиттерінің, заңды тұлғалардың күрделі қаржыландыру шотының ұзақ мерзімді несиелеу және қаржыландыру қорлары шотының, чектік және аккредетивтік шоттардың, қоғамдық және басқа үкіметтік емес ұйымдар шоттарының қалдығын және халық пен заңды тұлғалардың талап етіп алатын салымдарын біріктіреді.
Ақша агрегаттарының құрылымы тұрақты қалыпта болмайды. Ол ақша нарығы құралдарының дамуына байланысты өзгереді.
Ақша жиыны бірнеше жолмен өсуі мүмкін:
ІІ-ТАРАУ. Ақша ұсынысының үрдісі
2.1 Орталық банктің ақша айналысын басқаруы. Депозиттер
Ұлттық банк – заңды төлем құралын, яғни банкноттарды шығаруға эмиссиялық құқығы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банктің эмиссиялауымен шығарылады және банктерге сатып, қолма-қол емес балама алу түрінде болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноттар мен тиындардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақтау, жою және қолма-қол ақшаны жинақтау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған банкноттар мен тиындардың атаулы құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноттар мен тиындардың сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс.
Валютаны өзгертуге тек қана Қазақстан Республикасы Парламентінің құқығы бар. Ұлттық валютаның қызмет ету шарттарын, мерзімін, тәртібін анықтау құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне жүктеледі.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютаны шет ел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Қолма-қол ақшаның айналымы олардың банк кассасына үздіксіз оралып отыру жолымен жүзеге асады.
2.2 Орталық банк және ақша базасы
Ақша базасы – Ұлттық банк шығаратын ақша. Оған айналымдағы қолма-қол ақша, міндетті және артық резервтер жатады.
Міндетті резервтер – бекітілген нормативке сәйкес Ұлттық банктегі арнайы шотта несие корреспонденттік шотында сақталуға міндетті банк депозиттерінің бөлігі (бұл Ұлттық банктің келісімі бойынша тек қана қаржылық тұрақты банктер қолданатын резервтердің баламалы әдісі деп аталады).
2.3 Ақша ұсынысының үлгісі. Ақша мультипликаторы
Ақша ұсынысы (Мs) екі қосындыдан тұрады: 1) Банк жүйесінен тыс қолда бір ақша (С); 2) Экономикалық агенттер қажет кезде мәміле жасау үшін қолданатын депозиттер (D). (Дәлірек айтқанда бұл М 1 агрегаты).
2.4 Коммерциялық банктердің ақша жасаудағы рөлі
Уақытша бос ақша қаражаттарын жасау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі - базалық қызметі . Бұл банктің пассиві меншікті капитал мен тартылған қарақаттан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың деңгейі төмен болуы мынандай жағдайлармен түсіндіріледі – біріншіден, банк қаржылық нарықта қаржы делдалы ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос қаражат сомасын депозит түрінде жинақтайды, оларды тиімді басқарады, сондай-ақ олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарыз алушыға ұсынады. Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қаупін төмендетеді. Үшіншіден, банктерде таратылатын депозиттер басқа кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырылған активтеріне қарағанда қондырғы ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай өткізіледі.
ІІІ-ТАРАУ. Ақша сұранысы
Ақша сұранысын талқылағанда біз оны нақты баланстарға сұраныс тұрғысынан қарастырамыз. Бұған мынадай тұжырымдар шығады: ақша сұранысы жеке адамдардың икемденетін ақшалардың сатып алу қабілетіне байланысты:
1. Нақты ақша сұранысы баға деңгейі өскен кезде өзгеріссіз болады.
2. Атаулы ақша сұранысы баға деңгейімен бірдей артады. Онда жоғарыдағыдай өзгерістер болмайды.
Өзгерістер байқалмаған жағдайды төмендегіше айтамыз. Егер баға деңгейіндегі өзгерістер жалпы басқа өзгерістерді тұрақтандырса, жеке адам «ақша сұранысына»ие болмайды. Бұған керісінше, жеке адам баға деңгейінің өзгеруіне орай әрекет еткенімен, барлық нақты өзгерістер сол күйінде қалады да, ол бәрібір салымынан зиян шегеді.
Жинақталған тәжірибеге сүйене отырып, ақша сұранысының нақты баланс сұранысымен бірдей екенін, ондағы өзгерістер баға деңгейіне пропорционалды болатынын көреміз.
Теориялық тұрғыдан алғанда, ақша сұранысы қызметі өзекті мәселенің бірі болып келеді. Ол нақты табыс өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде артуы тиіс, ал атаулы пайыз мөлшерлемесі өскенде ол қысқаруы тиіс.
3.1 Келісімдер жөніндегі сұраныс
Келісімдер жөніндегі сұраныс қашанда ақшаның тауар және қызметке төленуі барысында пайда болады.
Келісімдер жөніндегі сұранысты қарастыра отырып, бір пайыз мөлшерлемесінің сомасы мен ақшаны аз ұстаудағы қолайсыздықтар арасындағы айырмашылыққа кезігеміз. Бұ түсінікті болу үшін мынандай мысал келтірейік. Әлдекім ай саын, салық төленгеннен кейін, 1800 доллардан 60 долларды жұмсауды немесе бір күнде 60 долл. жұмсап, қалған 1,740 долларды үнемдеуіне болады. Бірақ оның күн сайын банктен 60 долл. алып тұруына тура келеді. Салымшы ай сайын сақтық кассасында қалып отырған ақшасына пайыз алады.
3.2 Монетарлық жиынтық құрайыштары
Төменде монетарлық жиынтық құрауыштарын қысқаша түрде берілген.
1. Валюта ақшадан және айналымдағы банкноттардан тұрады.
2. Сұраныстағы депозиттер – коммерциялық банктердегі пайызсыз тексерілетін есептер, бірақ онда басқа банктердің, үкімет және шетел банктерінің депозиті болмайды.
3. Саясатшылардың чегі банкте емес, мекемеде шығарылады. Банктерде шығарылған саяхатшылардың чек қағазы қажетті депозитке жатады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жұмыс барысында ақша басты экономикалық категориялардың бірі екендігіне көзіміз жетті. Оның бес қызметінің өзінен ақшаның қайталанбас ерекше тауар екендігі көрініп тұр. Кез – келген тауар айналысында ақша айырбас құралы болып табылады. Тауар және ақша бір – бірінен бөлінбейді.
Қорыта келгенде, ақша – жалпыға бірдей эквивалент, ерекше тауар, онда барлық басқа тауардың құны бейнеледі және оның делдал ретінде қатысуымен тауар өндірушілер арасында еңбек өнімдерінің айырбасы үздіксіз жасала береді. Жалпыға бердей эквивалент ролі тарихи түрде алтынға бейім.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
2. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / «Ақша айналысы және несие» – Алматы, Қазақ университеті, - 2000ж.
3. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
4. Абрамова М.А., Александрова Л.С. / Финансы, денежные обращение и кредит. Учебние пособие – Москва , 1996г.
5. Баян Көшенова , Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: «Экономика» 2000ж.
6. Бункина М.К. / Деньги, банки, валюта, Учебные пособие – Москва, 1994 – 173 с.