Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Маркетинг

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Маркетингтік зерттеулер Химфарм компаниясының мысалында


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері 5
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні 5
1.2 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы 6
2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау 8
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы 8
2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында) 10
2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу 14
3 Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары 21
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 25

КІРІСПЕ
Қазіргі замандағы әлемдік медицина әртүрлі дәрілік препараттардың шамамен он мыңдай түрін пайдаланады. Медициналық тәжірибеде қолданылатын маңызды препараттардың тізіміне шамамен 700 түрі кіреді. Әлемдік елдердің бірде біреуі медикаменттердің толық номенклатурасын өндіре алмайды. Әлемнің дамыған елдері маңызды дәрілердің өндірісін қамтамасыз етуге, ал тапшылықты өзара жабдықтаулармен толықтыруға тырысады. Тәуелсіздік алғаннан кейін Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібі дамуы жағынан артта қалды. Біздің мемлекетіміздің қажеттілігі соммасы 500 миллион АҚШ долларынан асатын медикаменттерге болып отыр.

Осының барлығы фармацевтикалық нарық құрылымын зерттеудің өзектілігін және оны жетілдіру бағыттарын жасауды көрсетеді.
Курстық жұмыстың мақсаты – дәрілік препараттар нарығын зерттеу, проблемаларды анықтау және осы нарықты жетілдіру үшін ұсыныстар беру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- маркетингтік зерттеудің теориялық аспектілерін зерттеп білу;
- дәрілік препараттар нарығына жалпы сипаттама беру;
- «Химфарм» акционерлік қоғамының жалпы сипаттамасын беру;
- дәрілік препараттар нарығын зерттеу және талдау;
- осы нарықтағы проблемаларды анықтап, оларды шешу жолдарын ұсыну.
Зерттеудің әдісі сауалнама болып табылады.

1. Маркетингтік зерттеулердің теориялық негіздері
1.1 Маркетингтік зерттеулердің мәні
Маркетингтік зерттеулер – бұл анықтау тиімділігін жоғарлатуға және маркетингтік мәселелерді (мүмкіндіктерді) шешуге бағытталған ақпаратты идентификациялау, жинау, талдау және таратудың жүйелі және объективті үрдісі.
Олардың негізгі мақсаты маркетингтік шешімдерді қабылдау және олармен байланысты белгісіздік деңгейін төмендету үшін ақпараттық – талдау базасын құру болып табылады.
Міндеті – ақпараттық қажеттіліктерді бағалау және шаруашылық субъектісінің қызметінің шынайы жағдайын көрсететін объективті, сенімді, дәл уақыттағы ақпаратпен қамтамасыз ету.
Осындай зерттеудің пәні – нарықтағы маркетингтік қызмет, сондай-ақ онымен байланысты нарықтық үрдістер.
Объект ретінде шаруашылық субъектінің өзі, ол қызмет жасайтын маркетингтік орта, ол бәсекелік белсенділігін көрсететін нарық, сонымен бірге тауарлық, бағалық, коммуникациялық және өткізу қызметі саласындағы онымен жүргізілетін маркетингтік тырысулар болуы мүмкін.

1.2 Маркетингтік зерттеулердің бағыттары мен классификациясы
Маркетингтік зерттеулердің міндеттері стратегиялық және тактикалық сипатта болуы мүмкін және шаруашылық субъектінің бәсекеге қабілеттілігіне маркетингтік ортаның әртүрлі факторларының әсер ету дәрежесін анықтауға бағытталуы мүмкін. Осыған байланысты маркетингтік зерттеулер келесідей болуы мүмкін:

2 Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық нарықтың жағдайын талдау және бағалау
2.1 Қазақстанның дәрілік препараттар нарығының жалпы сипаттамасы
Халық пен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау мекемелерін дәрілік препараттармен және арнаулы медициналық бұйымдармен қамтамасыз ету маңызды әлеуметтік мәні бар проблемалардың қатарына жатады. Халықтың ауру – сырқауының жалпы жоғары деңгейі салдарынан медикаменттерді тұтынудың ұлғаюы сипат алады. Осыған байланысты дәрілік препараттарға сұраныс анықталады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында 6,5 мың фармацевтикалық қызметтің объектілері әрекет етеді. Олардың ішінде 2% өнеркәсіптік өндірістер, 8% дәріханалық қоймалар, 90% дәріханалық ұйымдардың тармақталған жемісі. ҚР дәріханалық ұйымдардың 98% жеке меншікте, 3% мемлекеттік меншікте болып отыр.

2.2 Қазақстан Республикасының фармацевтикалық нарығын талдау («Химфарм» компаниясының мысалында)
Қазіргі уақытта Қазақстанда отандық фармацевтикалық өндірушілердің арасында «Химфарм» компаниясы көшбасшы болып табылады.
1882 жылы Шымкент химия – фармацевтикалық зауыттың негізі қаланды. Әлемнің барлық елдерінде сапасы жағынан жақсы танылған сантонин дәрісін шығаруды бастағаннан кейін өндіріс тездамып, шығарылған өнім ассортименті ұлғайды.
Ұзақ уақыт бойы зауыт тек фармацевтикалық субстанцияларды шығаруға маманданған болатын. Бірақ Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін елде өзіндік фармацевтикалық индустрияны дамыту қажеттілігі туындады. Әсіресе бұл дайын дәрілік препараттарды өндіруге қатысты болды. Осының салдарынан «Химфарм» АҚ (осылай 1993 жылы зауыттың аты өзгертілді) негізінде дайын дәрілік препараттарды шығару бойынша қазіргі заманғы ірі өндірісті құру бағдарламасы жасалып, сенімді түрде іске асырылды.
Қазіргі кезде зауыт SANTO сауда белгісімен аталатын дайын дәрілік препараттарды шығару үрдісін дамытуда және қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен өндірілетін дәрілердің тізімін кеңейтуде.
Зауытта белгілі дәрілік формаларды шығаруға маманданған 5 негізгі цехтар бар. Олар мыналарды өндіреді:

2.3 Дәрілік препараттарды сатып алушылардың тұтынушылық таңдауларын зерттеу
Қазіргі уақытта әрбір дәріхана дәрілік препараттар ассортиментінің кеңдігімен, қалайылы бағалармен, ішкі көрінісімен және қазіргі заманғы құрал – жабдықтармен мақтана алады. Яғни фармацевтикалық нарықта бәсекелестік орта қалыптасқан. Осы жағдайда дәріханалар нарықта белгілі бір орынды алу, тұтынушыларды тарту және табыстарды жоғарлату үшін бәсекеге қабілеттілікті жоғарлатудың неғұрлым тиімді тәсілдерін ендіріп, пайдалану керек.
Зерттеудің міндеттері:

3 Фармацевтикалық нарықты жетілдірудің негізгі бағыттары
3.1 Дәрілік препараттар нарығын дамытудың бағыттары бойынша ұсыныстар
Қазақстан Республикасының фармацевтикалық және медициналық өнеркәсібінің тұрақты дамуы үшін бұл процесті басқаруға қажет жаңа оңтайлы әдістерді жасауды және мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету керек.
Мемлекет тарапынан қажет шаралар:
- өндірістік секторды дамыту үшін оңтайлы жағдайларға жету бағытындағы салық жүйесін жетілдіру;
- фармацевтикалық өнеркәсіпке инвестициялау үшін ынталандырушы шараларды ендіру;
- кеден бақылауын жетілдіру және контрабандамен күрес;
- әрекет етуші заңнама бойынша мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезінде отандық фармацевтикалық өндірушілерге басымдылық беру;
- өмірлік маңызы бар дәрілік препараттар өндірісіне мемлекеттік тапсырыс;
- ішкі нарықтың ашықтылық деңгейін әртүрлі сыртқы экономикалық шаралар арқылы реттеу (кедендік тарифтер, импортты шектеу және т.б.)
- фармацевтикалық өнеркәсіпті мемлекеттік басқарудың жүйесі мен құрылымын жетілдіру;
- халықты сапасыз фармацевтикалық өнімнен қорғау, денсаулық сақтау мәселелері бойынша орталық өкілетті мемлекеттік орган жанындағы бақылау – қадағалау бөлімін құру.
Денсаулық сақтау мәселелері бойынша орталық өкілетті мемлекеттік органның рөлі мынада болады:

Қорытынды
Қазақстанда фармацевтикалық өнеркәсіптің инфрақұрылымы нашар дамыған. Фармацевтикалық машина жасау жоқ болып отыр. Өндірілген дәрілік препараттарды өткізу жүйесі қажетті деңгейде жасалмаған. Осындай жағдайда фармацевтикалық саланы тиімді басқару жүйесін құру оның жемісті қалыптаса бастауының маңызды факторларының бірі болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, фармацевтикалық өнеркәсіп өзінің қалыптасуының бастапқы кезеңінде белгілі бір мемлекеттік жеңілдіктер жүйесі болмай дами алмайды.
Қазақстандағы фармацевтикалық нарықтың дамуын талдау келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік береді:

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақстан Республикасы. Үкімет. Қазақстан Республикасындағы фармацевтикалық өнім өндірісін дамытуды мемлекеттік қолдау туралы: 18 шілде 1997 ж. Қаулысы // ҚР қаржы Министрлігінің Информбюллетені. – 1997. - №8 – 29 бет.
2. Қазақстан Республикасы. Президент. ҚР фармацевтикалық және медициналық өнеркәсіпті дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы: Жарлығы // ҚР Президенті мен ҚР Үкіметінің Актілер жинағы. – 1997. - №39. – 58 бет.
3. Қазақстан Республикасының фармацевтикалық өнеркәсібін дамыту шаралары туралы: 1993 ж. 18 қараша №1149 Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің Қаулысы.
4. Баева Е. Основные составляющие потребительских предпочтений покупателей лекарственных средств // Аль Пари. – 2006. - №3–4. – с.236 – 237.
5. Бердыбекова А. Фармацевтические услуги в Южно-Казахстанской области на современном этапе развития // Аль Пари. – 2006. - №3–4. – с.232 – 235.