Предмет: История и теория кооперативного движения
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 32 стр.
Год: 2011
Кооперациялардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен табиғаты
Жоспар
1 Кооперативтің, кооперацияның және кооперативтік қозғалыстың мәні 3
2 Кооперативтердің жалпы белгілері 9
3 Кооперативтік құндылықтар және қағидалар 11
4 Кооперативтердің және олардың одақтарының ұйымдық-құқықтық негіздері 16
5 Кооперативтер қызметінің экономикалық негізі 19
5.1 Меншік – экономикалық жүйе ретінде. Капитализм жағдайындағы кооперативтік меншіктің әлеуметтік–экономикалық табиғаты 19
5.2 Мемлекеттік социализм жағдайындағы кооперативтік меншіктің әлеуметтік-экономикалық табиғаты 22
6 Кооперативтердің жіктеуі 26
Әдебиеттер 32
1 Кооперативтің, кооперацияның және кооперативтік қозғалыстың мәні
Түп тамырларының бір екендігіне қарамастан, кооператив, кооперация және кооперативтік қозғалыс терминдері өзінің мазмұны бойынша бір-бірінен өзгешеленетін өзара байланысты құбылыстар мен түсініктерді анықтайды.
Кооперация (латын сөзі) - ынтымақтастық пен өзара көмекті білдіреді. Бұл сөз әртүрлі мағыналарда қолданылады.
Сөздің бірінші мағынасы - өзара іс-қимыл несие қызметтерді үйлестіру: кооперация қандай бір күрделі ғылыми проблемаларды шешудегі әртүрлі елдер ғалымдарының күш біріктіруі, мысал үшін ғарыш кеңістігін игеру және т.б.с.с.
2 Кооперативтердің жалпы белгілері
Қазіргі әлемде кооперативтерге жатқызыл атың 120-дан аса түрі бар 1 млн.-ға жуық ұйымдар өмір сүреді. Олар коғамдық және экономикалық өмірдің әртүрлі аясында өз қызметтерін жүргізеді, олардың саяси бағытталу шылықтары да әр алуан, соған қарамастан бұл ұйымдардың бәріне ортақ, кооперативтік ұйымдардың біртұтас санаттарына жатқызуға мүмкіндік беретін сипатты белгілері бар.
Кооперативтік қозғалысқа талдау жасау кезінде кооперативтердің барлық түрлеріне тән мынадай сипатты және тұрақты белгілері анықталған:
3 Кооперативтік құндылықтар және қағидалар
Белгілідей, жеке үлестік меншік, материалдық қатысу, жауапкершілік, әлеуметтік көмек пен аймақтық ынтымақтастық акционерлік қоғамдардың, жеке меншік, мемлекеттік-жеке және өзге де фирмалардың көпшілігіне тән.
Дегенмен, кооперативтер үшін жоғарыда атап өткен алты белгілердің тұрақты болуы кооперативтік құндылықтар мен қағидалардың қажеттілігімен қатар міндетті болып саналады.
Құндылықтар - бұл сол бойынша адамдар бір-бірімен қатынастарын айқындайтын басты сенім. Құндылықтар ынтаны арттырады және өзгерістер үшін қолайлы жағдайлар туғызады. Құндылықтар сондай-ақ, осыны іске асырған жақсы ма деген сұрақтарға жауап беруге көмектеседі.
4 Кооперативтердің және олардың одақтарының ұйымдық-құқықтық негіздері
Конституция, кооперативтік заңдылықтар және жарғылар, кооперативтер мен олардың одақтарын құру мен дамытудың ұйымдық-құқықтық негізі болып саналады.
Конституцияның 6-бабы былай деп жариялайды: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік танылады және теңдей түрде қорғалады». «Қазақстан Республикасындағы меншік туралы» Қазақстан Республикасы Заңына енгізілген өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес, кооперативтік меншік заңды тұлғалардың жеке меншігі ретінде жіктеледі.
5 Кооперативтер қызметінің экономикалық негізі
5.1 Меншік – экономикалық жүйе ретінде. Капитализм жағдайындағы кооперативтік меншіктің әлеуметтік–экономикалық табиғаты
Экономикалық мағынадағы меншік – бұл, еңбек өнімдерін иемденудің тиісті формасын келістіретін, өндіріс құралдары мен өнімдеріне ие болу бойынша тарихи түрде айқындалған қоғамдық қатынас. Иемдену қатынасы, бірінші кезекте, шаруашылық қызмет тікелей соған қатысты болатын мүліктерге таралады. Оның құрамына өндіріс факторлары кіреді (материалдық игілік және интеллектуалдық еңбек жемістері).
Иемдену - өзінің терең тамырын өндірістік процестен алатын адамдар арасындағы экономикалық байланыс. Материалдық игілікті кез келген өндіру, өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында адамдардың табиғи заттары иемденуі болып саналады.
5.2 Мемлекеттік социализм жағдайындағы кооперативтік меншіктің әлеуметтік-экономикалық табиғаты
1917 жылғы қазан төңкерісінен соң бұрынғы Ресей империясы шегінде мемлекеттік социализмнің теориялық айқындамаларына сәйкес, әлеуметтік-экономикалық құрылыс түбегейлі түрде өзгерді. Мемлекеттік социализм тұжырымдамасының негізгі келесі ережелер арқылы көрінеді:
6 Кооперативтердің жіктеуі
Кооперативтік қозғалыс тарихының барлық кезеңдерінде ғалымдар, теоретиктер мен практиктер өмір сүруші кооперативтерді оларға тән және жалпы бегілері бойынша белгілі бір топтарға жіктеуге, жүйелеуге және бөлуге ұмтылып келді. Расында, кооперативтерді дұрыс жіктеу не үшін қажет? Иә, оны білмеу жақ сақтықтарға әкелуі мүмкін. Мысалы, Кооперативтердің Бүкіл ресейлік Бірінші съезінде май айырушы артелдер өндіріс артелдерімен бір секцияға жатқызылды және өндіріс артелдері бөлімшелерінің бірі ретінде қаралды. Ал май айырушы артелдер болса, табысты кооперативтердің бірі болатын, бұл жерде өндіріс артелдері де осыған қабілетті екен деген түсінік қалыптасты. Ал, шын мәнісінде олар кооператив жүйесіндегі ең артта қалушылар еді.