Ақыт қажының «Жиһаншаһ» дастанындағы Шаһзада бейнесі
Халық ақындарының шығармашылығындағы фольклорлық дәстүр мәселесін сөз еткенде, ел аузында сақталып келген аңыз, әпсана, хикаяттардағы кейіпкерлердің де айрықша орын алатындығын жасыруға болмайды. Қызыр, Атымтай Жомарт, Ескендір, Қорқыт тәрізді тағы да басқа бейнелер аңыз арқылы көпшілікке жақсы таныс болғандықтан толғаулар мен дастандарда қолданыс тапқанда туындыны тұтасымен халыққа етене жақын етіп жібереді. Халық ақындарының мифтік кейіпкерлер мен аңыздағы бейнелерді өз шығармаларына арқау етуінің бір қыры осында жатыр. Мифтік кейіпкерлерден жиі кезігетіні періште, пері, жын, мыстан кемпір. Бұлардың жиі қолданылуының да өзіндік себебі бар. Өйткені, олар мифтен, эпикалық туындыларға, одан халық ақындары шығармаларына сатылай отырып өткен.
Дастанның соңында осы жұмысқа басты кейіпкер өз еркімен қайта келеді. Бірақ, бұл келістің мазмұны да мақсаты да өзгеше. Мазмұны – алдаушылардың өзін алдап кегін қайтарса, мақсаты-ғашығын іздеу. Яғни, Жиһаншаһ алды-артын аңдамайтын аңқау бала емес, өмірдің біршама өткелінен өткен жігіт.
Бұл – дастандағы сурет. Басына осыншама ауыртпалық түссе де көздеген мақсатына жету үшін төзеді, шыдамдылық танытады. Әрине, қандай сюжетті шығарма болмасын, автордың қалауы басты бейнені мейілінше жағымды етіп көрсету. Сонда ғана ол тыңдаушылардың ықыласын өзіне аударады. Сондай ұнамды көріністердің бір қыры – кейіпкердің төзімді болуы. Олай болса:
Осымен дастанның оқиғасы аяқталады. «Мың бір түндегі» аңызда Жиһаншаһпен аз ғана уақыт бірге тұрған Шамшияны суға түскенде белгісіз бір жәндік шағып өлтіреді. Ал, дастанда автор бұл иірімді енгізбеген. Біздің ойымызша бұл автордың қалыптасқан фольклорлық шығармалардағы дәстүрді берік ұстанғандығы болса керек. Өйткені эпикалық туындылардың басым көпшілігіне оқиға желісі басты кейіпкердің еліне оралып, бақытты ғұмыр кешуімен аяқталады. «Жиһаншаһ» дастанында да осы дәстүр сақталған.