Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
Жоспар
Кіріспе 3
1 Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу 5
1.1 Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері 5
1.2 Оқыту процесіндегі қағидаларды басшылыққа алу 9
1.3 Қазіргі заман дидактикасының өзіндік ерекшеліктері және сараланған заңдылықтарын оқыту процесінде қолдану 21
Қорытынды 24
Пайдаланылған әдебиеттер 25
Кіріспе
Оқу процесіндегі дидактиканың мәні. Оқу процесі әр текті және табиғаты жағынан әртүрлі көптеген жағдаяттардың мың санды байланыстары мен қатынастарын қамтиды.
Ғасырымыздың басында оқу ұғымы енді осы процесті құрайтын екі бірлікті - оқыту қызметі мен оқып- үйренуді қамтитын болды. Оқыту - оқу материалын игеруге ынталандырушы мұғалімдердің қызметін, ал оқып-үйренуді ұсынылған білімдерді игеруге бағытталған оқушылар іс-әрекетін танытады.
1 Дидактиканың заңдылықтары мен қағидаларын оқыту процесінде басшылыққа алу
1.1 Дидактика заңдылықтарының ерекшеліктері
Оқу теориясының негізгі құрылым бірліктері - бұл ғылым тарапынан анықталған заңдар мен заңдылықтар. Заңдар мен заңдылықтар құбылыстар, процестер мен олардың нәтижелері арасындағы жалпы, объектив,тұрақты және қайталанып келетін байланыстар мен тәуелділіктердің мәнін ашады. Дидактикалық процестің негізін құрайтын аса маңызды және негізгі заңдылықтар мен заңдар оқу принциптері немесе дидактикалық принциптер деп аталады. Бұл принциптер арқасында оқу процесіне қатысы бар көптеген заңдылықтардың мән-мағынасы ашылады, мұғалімдер мен оқушылардың қызметтері реттеледі, барлық оқу пәндерін өтуде және оқудың барша кезеңдерінде олар өздерінің жалпы мәнін сақтайды.
1.2 Оқыту процесіндегі қағидаларды басшылыққа алу
Оқудың дәстүрлі теориясында аса танымал болғандары келесі дидактикалық принциптер: саналылық және белсенділік, көрнекілікпен оқыту жүйелілік және бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, көңіл-күй ескеру, теория мен практиканы байланыстыру. Саналылық және белсенділік принципі негізінде ғылым тарапынан анықталған заңдылық тұжырымдары жатыр. Білім мәні оқушының өз ақыл-ой белсенділігі арқасында игерілген терең де әрі өз бетінше ұғынылған білімдерден құралады. Білімдерді саналы игеру бірнеше шарттар мен жағдаяттарға тәуелді: оқу мотивтері. оқушылардың танымдық белсенділігінің деңгейі мен сипаты, танымдық іс-әрекетті басқара және оқу тәрбие процесін ұйымдастыру мұғалім қолданған әдістер мен оқу жабдықтары және т.б. Оқушының өзіндік таным белсенділігі оқудың маңызды жағдаятының бірі есептеледі, ол оқу материалын терең әрі берік игеруде пәрменді ықпал жасайды. Оқудың саналылық және белсенділік принципін іске асыру барысында келесі маңызды оқу ережелері сақталуы тиіс:
Қорытынды
Табысты оқу қамтамасыздығы үшін неге оқыту қажет, білім мазмұны қандай болуы керектігін анықтап алу міндетті шарт. Білім мазмұны түсінігі бойынша біркелкі пайымдама жоқ.