Көктүріктер мемлекетінің іргесін қалаған тайпалар жүйесі
Тарихта алғаш рет түрік атауымен мемлекет құрған Көк түріктер, осы ерекшелігімен тарихта маңызды орын алады. Тарихта шамамен екі жүз жылға жуық өмір сүрген Көк түріктердегі тайпа жүйесі, ғасырлар бойы зерттеліп бүгінгі Түркі әлеміне бір көпір болғаны белгілі. Бүгінгі тақырыбымыз да Көк түріктердің тарихындағы әртүрлі аттармен, ұйымдармен белгілі болған тайпалардың композициясы болмақ. Бұл композиция, басқаша айтсақ тайпалардың ыдырауы мен әрекеттенуі Көк түрік мемлекетінің 744 жылы құлағанынан кейін де жалғасып, тіпті көш кездерінде де маңызды рөл ойнаған.
Бірінші аймақ, Пу-ку (P’u-ku (бугу/бугут), Тонгра (T’ung-lo), Вей-хо (Wei-ho) Байырку (Pa-ye-ku), Фу-ло (Fu-lo) тапалары жасаған Тола өзенінің солтүстігі болып табылады. Бұл бес тайпа өздері өзара біріккен, осында жасайтын мең-чен (Meng-ch’en), ту-жо-хо (T’u-jo-ho), хун (Hun), ху-хсие (Hu-hsie), су-чие (Ssu-chie) сияқты кіші тайпалармен қосылып жиырма мың жетпіс әскер шығара алатын еді.
Екінші аймақ, Хамидің (I-wu) батысы, Карашардың солтүстігі (Yen-ch’i) Ақтаудың (Pai-shan) етектері. Бұл жерде чи-пи (Ch’i-pi), пу-ло-чихи и - ших (P’u-lo-chihi I-shih), су-по (Su-p’o), на-хо (Na-ho), ву-куан (Wu-kuan), йе-ших (Ye-shih), юни-хуан (Yu-ni-huan) және басқа да кіші тайпалар бар, бұлардың да жетпіс мыңға жуық жақсы әскері болатын. Олардың кейбір тайпалары егіншілікпен айналысатын. Бұл түріктердің егіншілікке бастауындағы маңызды мағлұмат болып табылады (6).
Бугу, Тонгра, Тупо, Байырку, Толанко, Ху-шие, Амие (Эдиз) Чипи, Басмик, Курыкан, Қырғыз, Хун, Қарлұқтар және Ұйғырлар 646, 647, 648 жылдары Қытайдың Таң әулетімен келісімге келіп, бір-бір қытай атағымен бірге әскери шен берілді. Осыдан кейін Орта Азияда Қытай басымдығы бас көтерді.
Төлес атауы тек ғана тайпа атауы емес еді. Бұл мәселе тарихта бірнеше рет қозғалды. Деректер бойынша барлық тайпалардың жалпы атауы болып табылады. Ал осы жалпы аты бізді одан сайын ертеректегі тарихқа апарады. Ұлы Ғұн мемлекеті заманында Тиң-лиң (Ting-ling), Ке-кун (Ke-k’un), Қырғыз (Kirgiz), Хо-чие (Ho-chie) тайпалары туралы айтылады. Осылардың ішіндегі Тиң-лиң (Ting-ling) Алтай тауларынан Орал тауларына қарай ұзайтын аймақта мекендеген тайпалардың бір тармағы болатын. Біздің заманымыздың 2 ғасырынан кейін олардың орнына Као-че (Kao-ch’e (Kanglı), яғни Қаңлылар келді. Као-челер (мағ.: үлкен арбалылар) да Тиң-лиңлер сияқты үлкен тайпа болатын. Као-че (Kao-ch’e (Kanglı) аты жойылғаннан кейін, олардың орнын Төлестер алды. Төлестер де 603 жылға дейін осылай өмір сүрді.
Қалған бір бөлігі де Тұрпан аймағына келіп Қараханидтерге қосылды. Ал қырғыздар бұрыннан Енисей аймағында жасаған. Бұлар 1700 жылдарға дейін осылайша жасады. Ал одан кейін ойраттардың күштеуімен Тянь-Шаньға келіп, қазіргі таңдағы күйлеріне айналды. Ұйғырлар, Төлес тайпаларының шығыс бөлігіндегі тобынан шыққан болатын. Олар Тоғыз Оғыздардан кейін өз мемлекеттерін құрды. Ал мемлекет күйрегеннен кейін бір бөлігі Қытайға, бір бөлігі Тұрпанға кетті.