Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
І-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ 4
1.1 ҚР-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы 4
1.2 Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы 9
ІІ-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ 13
2.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы 13
2.2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму бағдармалысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны 16
ҚОРЫТЫНДЫ 20
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 21
КІРІСПЕ
Ұлттық экономиканың жоспарлы экономикадан нарықтық қатынастар негізіндегі экономикаға өтуіне байланысты еліміздің қысқа мерзімді кезеңде әлем тамыған дамыған елдер қатарына қосылуы үшін ұзақ мерзімді стратегиялармен жақсы жасалған мемлекеттік бағдарламалардың алатын орны, жалпы экономиканы жоспарлауда еліміз үшін қажет басым салаларды дамыту бүгіндегі маңызды қызметтің бірі.
Экономика ұлттың дамуының басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің тұрақты дамуы және мемлекеттің әлемдік рыноктағы орны бүгінгі жаһандану заманында ел экономикасының бәсекеге қабілеттілігі арқылы анықталады. Сондықтан ендігі жерде Қазақстан Республикасының және ұлттық экономика салаларының алдындағы негізгі міндеті бәсекеге қабілетті экономиканың қалыптастыру болып табылады. Мемлекеттің бәсекелестік қабілеті елдің халықаралық аренадағы ролі мен беделінің артуынан, мемлекеттің өз азаматтарының өзекті проблемаларын шешу қабілетінен, мемлекет ұсынатын қызметтер мен өнеркәсіп өнімдерінің сапасының әлемдік деңгейде артуымен көрініс табады.
І-ТАРАУ. ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫ ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ДАМУЫ ЖӘНЕ ДАМУ ЖОСПАРЛАРЫНЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫ
1.1 ҚР-да жүргізілген реформалар және жоспарлар негізіндегі даму барысы
Тарихтан бері келе жатқан қазақ еліміз көптеген әр қилы замандарды басынан өткізіп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистік құрылыста болып келіп, 1991 жылы өз тәуелсіздігін алғаннан кейін мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрінетін нарықтық экономикаға өттік. Яғни бұл жүйеде тиімді қызметтер атқару үшін ұлттық экономикаға пайдалы, жан-жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзімді стратегиялар шығару, сондай-ақ оны іске асыру керек болды. Яғни бір сөзбен айтқан кезде даму жоспарларын даярлап, оны іске қосу қажеттігі туындады.
Еліміздегі экономикалық циклмен дамуы егемендігін алған жылдардан бастап құлдырау және соңында 1994-1995 жылдары дағдарыстың жоғары дәрежесі көрінді. Ал 1996 жылдан бастап еліміз экономиканың жандануы, инфляцияның төмендеуі, ЖІӨ-нің өсуі сияқты көрсеткіштер оң бағытта өсіп экономикалық жандану және өсу сатысындамыз.
1.2 Қазақстан экономикасының бүгінгі таңдағы жалпы жағдайы
Жалпы елімізде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесідей мәселелер орын алуда:
1) Өнеркәсіптің жаппай шикізат бағыттылығы;
2) Отандық өнеркәсіптің бәсекеге қабілетінің өте төмендігі;
3) Негізгі өндіріс құралдарының 80% тозуы;
4) Әлеуметтік мәселелердің әлі де болса кейбір тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелері) шешілмеуі;
5) Ресурстардың тиімді бөлінбеуі және қолданылмауы (еліміздегі мұнай және газ саласында жұмыс істейтіндер мен қаржыгерлердің және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
ІІ-ТАРАУ. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ ЖОСПАРЛАУДАҒЫ ҚАЗІРГІ КӨЗҚАРАСТАР МЕН БАСЫМ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Бүгінгі таңда қабылданған стратегиялар мен Президент Жолдауының маңыздылығы
Қазақстан Президенті өзінің «Бәсекеге қабілетті Қазақстан, бәсекеге қабілетті экономика және бәсекеге қабілетті халық» деген Жолдауында атап өткендей «экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып табылады. Біз бұған экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы елімізді дамытудың 2010 жылға дейінгі жоспарына сәйкес қол жеткіземіз. Мен бұл ретте мемлекттік қолдаудың оңтайлы ролі, бір жағынан, экономиканы барынша ырықтандырып, оның ашықтығына қол жеткізуде, екінші жағынан – инфрақұрылымды жасау және басым салаларды дамытуға жекеменшік салаларды дамытуға жеке меншік секторды тарту жөнінде белсене жұмыс жүргізуде деп білемін» деген еді. Елбасымыз 2005 жылы экономиканы дамытудың негізгі бағыттарына келесілерді жатқызды:
2.2 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновациялы даму бағдармалысының ұлттық экономиканың тиімді дамуындағы орны
Қазақстан Республикасында бүгінгі таңда экономикалық дамуында ғылымды көп қажет ететін отандық өндірісті дамыту, бәсекеге қабілетті өнімдерді алуға бағдарланған жаңа ақпараттық технологияларды әзірлеу мен игеру және республиканың өнеркәсіп пен ғылыми-техникадағы әлеуетін сақтау мен дамыту есебінен ұлттық экономикалық қауіпсіздің мүдделерін қамтамасыз ету Қазақстан экономикасының өзекті стратегиялық міндеттері болып табылады.
Қазақстанның ғылыми-техникалық саясаты инновациялық процестерді жандандыруға, жаңа технологиялық құрылымдарды енгізуге, өңдеуші өнеркәсіптегі жаңа қайта бөлістерді игеру, ұлттық ғылыми-техникалық әлеуетті жандандыруға, ғылым мен өндіріс арасындағы алшақтықты азайтуға, индустриялық қызметті ынталандыруға, озық шетел технологиясының нақты трансферті мен халықаралық стандарттарды енгізуді қамтамасыз етуге бағытталуы керек.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, елімізде жүргізілген барлық экономикалық шаралар өз өнімін беріп, мығым экономикалық өсуге қол жеткіздік. Енді өткен шаралардың кемшілігін түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшін әлем жүріп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиімді жағын таңдап алу және соған жету үшін рыноктық қатынастардың заңдылықтарын, қызмет ету механизмін саралап оларды ұлттық экономика дамуына қолдана білсек, бұл біздің дамып келе жатқан еліміз үшін маңызды болып табылады.