Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Полный просмотр работы

Инвестиция

Жоспар
Кіріспе 3
І бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері 5
1.1 Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері 5
1.2 Қаржы инвестициялары 8
1.3 Инвестициялардың тиімділігін бағалау 11
II бөлім. Қазақстан тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау 16
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау 16
2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері 18
III бөлім. Республикадағы инвестициялық процестерді басқару 21
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері 21
3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі 22
3.3 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері 25
Қорытынды 31
Пайдаланған әдебиеттер 33

Кіріспе
Инвестициялық саясат, экономикалық өрістер мен салалардағы күрделі қаржылыардың пайдалануының негізгі бағыттарын сипаттайтын,халық шаруашылықтың әдістер мен шешімдердің жиынтығын білдіреді. Нарықтық қатынастарға өтпелі кезеңде инвестициялық саясаттың негізгі мақсаттары ресурс өндіруші және тұтұнушы салалар арасындағы күрделі қаржыландыру қатынастарын оңтайландыру, күрделі қаржыларды қайта бөлістіруде халықтың әл-ауқатын көтеруді қамтушы ғылыми-техникалық прогересті жеделдету, әлеуметтік инфрақұрылымды дамытушы салалар пайдасына жұмсау.

І бөлім. Кәсіпорындардың инвестициялық іс-әрекеттері
1.1 Инвестициялардың маңызы, мәні және түрлері
Инвестициялар-кәсіпкерлік қызметінің және нәтиежесінде пайда құрылатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интелектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикалық ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Инвестициялар нақты инвестициялар және қаржы инвестициялары болып бөлінеді. Нақты инвестициялар капиталдың өнеркәсіпке,ауылшаруашылығына,құрылысқа және т.б. жұмсалымы. Қаржы инвестициялары—мемлекеттен басқа да кәсіпорындардан,инвестициялық қорлардан бағалы қағаздар мен акцияларды сатып алуға бағытталған.

1.2 Қаржы инвестициялары
Қаржы инвестициялары, яғни кәсіпорындардың бағалы қағаздарды алуға кеткен шығындарды,кәсіпорындарға үлестік қатысулар, басқа кәсіпорындарға вексельдік қарыз беру және басқада борыштық міндеттемелер, нарық экономикадағы есептің аса маңызды объектісі болып табылады.
Капиталды берудің формасы мен табысты бөлудің әдісіне қарай бағалы қағаздар ьорыштық және борыштық емес болып бөлінеді. Борыштық бағалы қағаздар-заттай емес активтерге берілген салым ретінде, пайыз түрінде табыс табуға құқық алу үшін айырбасқа қарызға берілген қаражат болып есептелінеді. Қарыз алуға алған қарызды белгілі бір белгіленген уақытта қайтаруға міндеттенеді.

II бөлім. Қазақстан тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
2.1 Қазақстандағы тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау
Қазақстандағы «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» заң (28 ақпан 1997ж) қабылданған. Онда инвестицияның қызметі –инвестицияларды жүзеге асыру процесімен байланысты кәсіпкерлік қызмет деп көрсетілген.Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау ең алдымен кемсілерден тұрады:
-инвестициялық қызметті қамтамасыз етудің заң шығарушы кепілдері;
-жеңілдіктері мен артықшылықтары жүйесін белгілеу;

2.2. Мемлекеттің инвестициялық қызметін жүзеге асыру және оның маңызды мәселелері
Инвестиция түсінігі күрделі қаржы түсінігінен әлдеқайда кең Инвестициялық қызмет –дегеніміз «Заңды тұлғалардың, азаматтардың және мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс -әрекеттерінің жиынтығы» болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық сфераларды жүзеге асырады:
а)күрделі құрылыс;
ә)иновациялық сфера;
б) қаржы капиталын пайдалану сферасы;
в)қозғалатын және қозғалмайтын мүлік нарығында мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен ипотекалық несиені қоса есептегенде).

III бөлім. Республикадағы инвестициялық процестерді басқару
3.1 Қазақстандағы инвестицияны басқару ерекшеліктері
Жаңа экономикалық қатынастар негізінде нарықтық экономикаға көшу сапалы жаңа инвестициялық саясатпен қамтамассыз етілуі қажет.Себебі,қатынастардың жаңа жүйесі барысында инвестиция көздері түпкілікті өзгереді.Егер реформаға дейінгі жүйеде республика экономикасы бірыңғай,қатаң орталықтандырылған қайнар көзге КСРО-ның мемлекеттік бюджетіне тәуелді болған болса,ал егеменді даму жағдайларында әр түрлі,ең алдымен меншік көздерге бағдарланады.
Инвестициялық процесті басқару Қазақстан экономикалық дамуының тарихи тәжрибесін, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық сипаттағы жаңа мүмкіндіктерін ескеруді пайымдайды. Қайта құру кезеңінде республика дамуының жалпы деңгейі мен қарқыны,оның сапалық жағдайы бірталай төмендеді және нақты,потенциялды мүмкіндіктері әлемдік тенденцияларға сәйкес келмеді.

3.2 Қазақстан Республикасындағы инвестицияларды мемлекеттік басқару жүйесі
Республиканың әлеуметтік-экономикалық дамуын басқарудың түпкілікті жаңа жүйесіне көшу осы процестің басты мәселелерін анықтауға себепші болады. Олардың бірі болып инвестициялық қамсыздандыру мәселесі табылады. Көшудің алғашқы кезеңінде заң шығаратын негіздер мен ұйымдық құрылымдарды құру, сондай-ақ республиканың қаржылық ресурстарын пайдалану мен шетел инвестицияларын тарту жөніндегі өзіндік саясатты құру қажет болды.

3.3 Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері
Ең алдымен аса маңызды екі мәселеге ерекше көңіл бөлу керек:біріншіден,халық шаруашылығының құрылымдық өзгерістеріне нарықтық механизм әсер ете алмайды,сондықтан бұл өзгерістерді мемлекет тарапынан реттеу қажет;екіншіден,өзгерістерді инвестициялық процестермен және шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық белсенділігін ынталандырумен тығыз байланыста қарастырмасақ өндірістің әлеуметтік-экономикалық тиімділігін арттыру мақсатында құрылымдық реттеу мәселесін шешу мүмкін емес.

Қорытынды
Мен осы курстық жұмысымды аяқтай отырып,бұл жұмысымды қорытындылайтын болсам,мен өте күрделі тақырыпты талқыладым.
Біріншіден жалпы инвестиция дегеніміз не екенін ұғынып,содан соң оның мәнін,мазмұнын, объектілерін және субъектілерін ашып түсінік беріп өттім.

Пайдаланған әдебиеттер
1. «Инвестиция туралы ҚР мемлекеттік комитетінің құрылуы» Заңы 9.11.1996ж.
2. «Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы» ҚР Заңы 28.02.1997ж.
3. Әубакиров Л.Ә. Нәрібаев К.Н. «Экономикалық теория» Оқулық Алматы, 1998ж.
4. К.Б.Бердалиев «Қазақстан Экономикасын басқару негіздері» Оқу құралы Алматы 2001ж
5. И.В.Игошин «Инвестиции» Учебник Москва,1999ж
6. Ж.О.Ихданов. Э.О.Орманбеков «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Оқу құралы-Алматы, 2002ж.
7. Кажамгулов.Т. «Саяси экономия негіздері» Алматы, 1991ж.
8. Т.С.Крылова «Экономикалық теория»Алматы, 2004ж.
9. А.Г.Куликов «Кредиты инвестиции»Учебное пособие. Москва, 1995ж.
10. Ғ.Т.Курманова, Қ.Ғ.Дюсембаева «Инвестицияны қаржыландыру және несиелендіру» Орал 2003ж.
11. А.Қ.Мейірбеков,Қ.Ә.Әлімбетов «Кәсіпорын экономикасы»Оқу құралы Алматы,2003ж.
12. Осипова «Экономикалық теория негіздері»Алматы 2002ж.
13. В.С.Савчук «Анализ инвестиционных проектов»Учебник .Украина.2000г.
14. С.С.Сахариев А.С.Сахариева «Жаңа кезең-экономикалық теория»-Алматы,2004ж.
15. А.М.Сейтказиева, А.Б.Байкадамова, Ж.И.Сариева «Инвестиционная деятельность предприятия»Учебное пособие. Алматы. «Экономика» 1998г.
16. И.С.Сергеев «Финансирование и организация инвестирования»Учебное пособие Москва 2000г.
17. Ө.Қ.Шеденов, Ч.С.Байжомартов «Жалпы экономикалық теория» Алматы, 2004ж.
18. «Инвестиция қызметі туралы»ҚР Заңы 28.02.1995ж.