ҚР - да сапа менеджментінің даму перспективасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 ҚР - да сапа менеджментінің даму перспективасы 6
1.1 Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы 13
1.2 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары 18
Қорытынды 22
Қолданылған әдебиеттер 25
Кіріспе
Кәсіпорынның өндірістік тиімділігін арттырудың бірден бір жолы - өндірілетін өнімнің немесе ұсынылатын қызметтің сапасын жетілдіру болып табылады. Өндірілетін өнімнің сапасын арттыру қазіргі таңда ішкі және сыртқы нарықтарда өнімнің бәсекеқабілеттілікке ие болуына алып келеді. Өнімнің бәсекеқабілеттілігі еліміздің беделін және ұлттық байлығымызды арттырудың негізгі факторы болып табылады.
Бұл реферат тақырыбының өзектілігі ҚР - ның дүниежүзілік сауда ұйымына кіру бағытына байланысты отандық кәсіпкерлер алдында өте күрделі міндет тұр. Ол өндірілетін өнім мен көрсетілетін қызметтің сапасын арттыру арқылы ішкі және сыртқы нарыққа бәсекегеқабілетті өнімдерді ұсыну. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей мұндай жетістіктерге тек сапаны кешенді басқару арқылы қол жеткізуге болады. Сондықтан сапаны тиімді басқару мәселесі, отандық кәсіпкерлердің бәсекегеқабілеттілігін арттыру үшін өте маңызды.
1 ҚР - да сапа менеджментінің даму перспективасы
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін тауарлардың және көрсетілетін қызмет сапасын тұтынушының сұраныс талабына сай болуы үшін өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілу қажет.
1.1 Өнімнің бәсекегеқабілеттілігін арттыруда стандарттау мен сертификаттаудың маңыздылығы
Өнім мен қызметтерді сертификаттаудың негізгі мақсаты - адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.
Республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелінетін азық-түлік пен тағамдық өнімдердің, шикізаттардың адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс. Өндірілетін өнімнің және көрсетілетін қызметтің сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірілетін сапа көрсеткіштерін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға және ол өнімдердің сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етілуі қажет.
1.2 Кәсіпорында өнім сапасын жетілдірудің негізгі бағыттары
Жапония, АҚШ елдері өндірушілер арасындағы бәсекені ынталандыру арқылы, бұл кәсіпорындардағы жұмыс орындарына жоғары білікті, тәжірибелі мамандардың жұмыс істеуіне қол жеткізді. Бұл мамандар кәсіпорындағы сапа мәселесін шешуде жаңа методтарды қолдану арқылы кәсіпорынның әлемдік нарықта бәсекегеқабілеттілігін артырды.
ҚР - дағы кәсіпорындардың бәсекегеқабілеттілігін жоғарылату үшін келесідей шаралар қолдану қажет:
Қорытынды
Технологиялардың жоғарғы қарқынмен дамуымен қатар тұтынушылардың талғамы да артуда. Бұл құбылыс арқылы сапа көрсеткіштерінің маңыздылығы өсіп келеді. Осыған байланысты әлемнің көптеген елдерінде халықаралық стандарттарды енгізу талабы қойылды.
Халықаралық деңгейдегі сапаға қойылатын талаптар ИСО 9000 сериясымен анықталады. 1987 жылы Стандарттау жөніндегі ХҰ және АҚШ, Канада, ФРГ елдерінің қатысуымен ИСО 9000 сериялы 5 Халықаралық стандарт бекітілді. Бұл стандарттарда өнімнің сапасын қамтамасыз ету жүйесіндегі талаптар, өнімді дайындау, ұйымдық бақылау және өнімді сынақтан өткізу, өнімді қолдану, сақтау және тасымалдауда қолданылатын талаптар жасалып бекітілді.