Операциялық жүйе
Алғашқы тақырыптарда компьютердің жұмысы операциялық жүйе арқылы басқарылатыны ал пайдаланушының машинада түрлі информацияны өңдеу үшін арнайы дайындалған программаларды пайдалануы тиіс екенш ескертілген болатын.
Қазіргі кезде түрлі типті компьютерлерге арнайы дайындалған программалар жеткілікті. Олар негізінен мынадай класстарға бөлінеді:
- жүйелік программалар
- қолданбалы программалар
Қолданбалы программа - белгілі бір мамандық саласында берілген нақты есептерді шығара алатын әмбебап программалар жиынтығы. Практикада түрлі мәліметтерді өңдеуге арнап пайдаланушының өзі құратын программалардың түрлері өте көп. Бір мақсатта пайдаланатын программа жиынтығын қолданбалы программалар дестесі деп атайды.
Жүйелік программаның түрлері:
DOS.COM-ның жұмысы - пайдаланушының программалары мен түрлі информацияны дискіге тиеу не одан оперативті есте сақтау құрылғысына ендру, дискіде тиеулі программаны жою және т.б. Ол жад ұяшықтарымен орындалатын жұмыстарды да басқарады.
COMMAND.COM-ның негізгі жұмысы - пайдаланушының негізгі программалары мен берілгендерді жадқа енгізу және оларды өңдеу. Ол ішкі не резиденттік деп аталатын мынадай командаларды да орындайды: DIR, CLS, COPY, DELETE, CD, MD, RD, DATE, TIME, VER және т.б.