Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Полный просмотр работы

Интернет

Жоспар
Кіріспе 3
1 “Желі арасындағы протокол” (ІР) 5
2 “INTERNET-пен байланысу” 7
3 World Wide Web (дүниежүзілік өрмек) 9
4 Телеконференция (UseNet) 10
5 Телеконференция аттары 12
6 Орыс тіліндегі конференциялар 12
7 Жұмысқа кіріспе 13
8 Электрондық почта 13
9 Телеконференция (UseNet) 14
10 Телеконференция аттары 15
11 Орыс тіліндегі конференциялар 16
12 Жұмысқа кіріспе 16
13 Электрондық почта 17
14 Почталық программалар 17
16 Домендік аттар жүйесі 18
17 Домендік жүйе құрылымы 19
18 Іздеу системалары. (Поисковые системы) 21
Әдебиеттер 24

Кіріспе
Информациялық қоғамда адамзаттың байланыс құралының өзгеше екенін практика көрсетіп отыр. Олай болса, жалпы білім беретін орта мектептегі Информатиканы оқыту әдістемесіндегі “Компьютерлік телекоммуникация” тақырыбы курстың өзекті тақырыптарының бірі болып табылады. Енді дүние жүзілік байланысты қамтып отырған Internet желісінің мүмкіндіктеріне, қызметіне толығырақ тоқталайық. Internet деген не? Ол әлемнің әрбір түкпіріндегі компьютерлер байланысы болып табылатын кең көлемді, тармақталған желі. Кейбір мәліметтер бойынша Internet жүздеген мемлекеттерді және 1,7 млн. байланыс компьютерлері қосылған 18 мың жеке желілерді біріктіреді, және де оның 35 млн қолданушылары бар. Егер 1985 жылы Internet 100-ге тарта желілерден тұрса , ал 1989 жылы оның саны 500-ге , 1990 жылы 2218 желіге артты. 1991 жылы АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының желілі ақпараттық ортасы, желілер санын 4 мыңға жуық деп бағалады. Ал одан кейін олардың саны 4 есеге артты. Дәл қазіргі уақытта желілерге қосылу санының өсуі айына 15%-ті құрайды. Компьютерлерді қолданушылардың көбі үйде де , жұмыста да Internet – ке қосылудың мүмкіндігін алғылары келеді. Мұның ең қарапайым шешімі- модем және телефон сымы арқылы байланыс компьютерлеріне жалғану.

Дегенмен INTERNET тек желі ғана емес , ол-желілердің желісі. INTERNET көптеген байланыс желілерін бір-бірімен біріктіріп, дүниедегі ең үлкен компьютерлер торабын құрайды.
Оның қарапайым желілік нүктелері өкімет мекемелерінде, университеттерде, фирмаларда, тіпті мектептерде де орналасқан.
INTERNET информация магистралына өте ұқсас, институт, мектеп терминалы арқылы оған жеңіл кіруге болады, ол үшін INTERNET-тегі жүйенің нөмірін теру керек. Мұнан кейін керекті жердегі (қала, мемлекет) желі нүктесімен байланысып, өзіңізге қажет материалдарға қол жеткізесіз. Керек етсеңіз NASA құжаттарын да, ЦРУ құпия архивтерін де оқуыңызға болады екен.
INTERNET-тің бар мүмкіндігін , онда жиналған мәліметтерді де түгел айтып беру қиын. Оның үстіне күнбе-күн оған жаңа мәліметтер келіп түсіп жатады.

1 “Желі арасындағы протокол” (ІР)
Почталық жәшікке конвертсіз хат салып жіберсеңіз, хатыңыз жіберілген жерге барады деп ойлай аласыз ба? Хатты конвертке салып, конвертке адресті жазып, марка жабыстыру керек екенін біз білеміз. Тура осылай, почталық бөлім өзіндік ережелерді ұстайды, олар почталық желінің жұмысының тәртібін анықтап, анықталған ережелер INTERNET жұмысының тәртібін реттейді. Бұл желіні Интержелі протоколы деп атайды. Интержелі протоколы (ІР) адресацияға жауап береді, яғни сіздің мәліметіңіз түскен кезде, маршрут не істеу керек екенін білетініне кепілдік береді.

2 “INTERNET-пен байланысу”
Бізге кенеттен бір файл керек болып қалды делік және оның қай жерде екені бізге белшілі болсын. Ол файл тегін берілетін программа, жұмысқа керекті ақпарат (құжат), сурет немесе кітап та болуы мүмкін. Енді сол файлды өз компьютерге қалай әкелу жолын қарастырайық.

3 World Wide Web (дүниежүзілік өрмек)
World Wide Web (дүниежүзілік өрмек)- INTERNET - тің графиктік, аудио және видеозапистерге, документтік ресурстарына кіру сервисі. WWW әдетте INTERNET-тің синонимі деп атайды, бірақ ол қате пікір. Дүние жүзілік өрмек бүгінгі күнгі INTERNET -тің белгілі сервистарының бірі. World Wide Web-ті қарағанда сіз қайда барғыңыз келеді және не істегіңіз келеді өзіңіз білесіз. Бұл мультимедиалық және гиперссылкалық амалдар арқылы жүзеге асады.

4 Телеконференция (UseNet)
Егер сіз WWW-пен танысып , желінің барлық мүмкіндіктерін білем десеңіз, сіз қателесіз! WWW-пен қатар жаңалықтар әлемі- телеконференция UseNet немесе жаңалықтар тобы бар. UseNet - тің миллиондаған жан-күйерлері бар. Шамасы жағынан UseNet электронды почтадан және WWW-дан қалыспайды.
Жаңалықтар тобының негізгі ерекшелігі- дүниежүзінің миллиондаған адамдарымен әңгімелесу, оның ішінде әңгімелесушіні өзіңіз таңдап аласыз.

5 Телеконференция аттары
Телеконференция атауы әртүрлі деңгейдегі бірнеше бөліктен тұрады. Олардың әр біреуі информация береді. Бірінші деңгей-негізгі идентификатор, ол жаңалықтар тобының бағытын көрсетеді. Олар техникалық, әлеуметтік, музыкалық және т.с.с. болады. Бұл телеконференцияның аттарының домендік аттардан айырмашылығы, бұнда жоғарғы деңгейдегі идентификатор сол жағында тұрады, арықарай төменгі деңгейлер тұрады. Жие кездесетін жоғары деңгейлі идентификаторлар:

6 Орыс тіліндегі конференциялар
Орыс тіліндегі конференциялардың ең бастысы relcom. Негізгі идентификатордың атынан кейін топтар аттары тұрады. Бұл relcom барлық Россиялық провайдерлардың жаңалықтар серверларында қолданылады. Мұнда сіз өзіңізге керекті, қызықты тақырыптарды таба аласыз.
Негізгілердің ішіне demos пен relis - де кіреді. Біріншісі Demos компаниясынан қолдау тауып отырады. Бұл компания россиялық ірі провайдерлардың бірі. Ал екіншісі Relis, Relcom Information Service - бұл негізінен коммерциялық телеконференция, Релком желісінде ұйымдастырылған. Relis-ақылы, жіберілген хабарлама бизнес-информацияға ұқсайды.

7 Жұмысқа кіріспе
UseNet жүйесін жаңадан пайдаланушыларды newsbies (“жаңа”) деп атайды. Оларға арналған дискуссиялық топтар бар, олар үлкен мәліметтер арасында үйренуге көмектеседі. Өздерінің атауында олар newuser (“жаңа қолданушы”) сөзін қолданады, мысалы: relcom.newuser. Бұл топта сіз серверлардың жұмысымен танысуға арналған мәліметтерді таба аласыз.

8 Электрондық почта
Электрондық почта (e-mail) - Internet-тің кең таралған сервистарының бірі. Электрондық почта арзан және тиімді болып келеді. Мұнда сіз конверт пен марка үшін ақша жоймайсыз , тек Internet-те өткізген уақытыңыз үшін төлейсіз. Электрондық хат жазуда немесе оқуда сіз міндетті түрде желіде отырмауыңыз керек. Internet тек

9 Телеконференция (UseNet)
Егер сіз WWW-пен танысып , желінің барлық мүмкіндіктерін білем десеңіз ,сіз қателесіз! WWW-пен қатар жаңалықтар әлемі- телеконференция UseNet немесе жаңалықтар тобы бар. UseNet – тің миллиондаған жан-күйерлері бар. Шамасы жағынан UseNet электронды почтадан және WWW-дан қалыспайды.

11 Орыс тіліндегі конференциялар
Орыс тіліндегі конференциялардың ең бастысы relcom. Негізгі идентификатордың атынан кейін топтар аттары тұрады. Бұл relcom барлық
Россиялық провайдерлардың жаңалықтар серверларында қолданылады. Мұнда сіз өзіңізге керекті, қызықты тақырыптарды таба аласыз.

12 Жұмысқа кіріспе
UseNet жүйесін жаңадан пайдаланушыларды newsbies (“жаңа”) деп атайды. Оларға арналған дискуссиялық топтар бар, олар үлкен мәліметтер арасында үйренуге көмектеседі. Өздерінің атауында олар newuser (“жаңа қолданушы”) сөзін қолданады, мысалы: relcom.newuser. Бұл топта сіз серверлардың жұмысымен танысуға арналған мәліметтерді таба аласыз.

13 Электрондық почта
Электрондық почта (e-mail) - Internet-тің кең таралған сервистарының бірі. Электрондық почта арзан және тиімді болып келеді. Мұнда сіз конверт пен марка үшін ақша жоймайсыз , тек Internet-те өткізген уақытыңыз үшін төлейсіз. Электрондық хат жазуда немесе оқуда сіз міндетті түрде желіде отырмауыңыз керек. Internet тек сіздің хатыңызды жіберу және алу үшін керек.

16 Домендік аттар жүйесі
Цифрлық адрестер-бұл да компьютердің қарым-қатынасы арқасында түсінікті болды. Цифрлық адрестерді айту және жаттау қиын. Сондықтан Internet-тегі компьютерлерге аттар беріледі. Internet қолданбалы программалары компьютердің сандық адрестерінің орнына аттар жүйесін қолданады.

17 Домендік жүйе құрылымы
Домендік жүйе аттарды біріктірген топтардан тұрады. Әрбір топ домен деп аталады. Домендер бір-бірімен нүкте арқылы бөлінеді.

18 Іздеу системалары. (Поисковые системы)
Бүгін Internet-те 200 деген іздеу машиналары бар деп есептелуде. Сонымен қатар ресурстар және тізімдер каталогтары бар. Іздеу системаларының әр қайсысының сұрау тілі бар. Енді соларға тоқталайық.