Жұмыссыздық.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ЖАЛПЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ 6
1.1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ 6
1.2 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ЦИКЛДІК, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ 8
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ 12
2.1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУШЫ ФАКТОРЛАР 12
2.2 Филлипстің қисық сызығы 16
2.3 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ 18
ҚОРЫТЫНДЫ 21
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР: 23
КІРІСПЕ
Мәселенің өзектілігі. 30-шы жылдардан бастап Гэллап ұйымы мемлекет үшін қандай мәселе күрделі екендігі туралы қоғамдық пікірді білу мақсатында сұрақ-жауап жүргізе бастаған болатын. Экономикамен шектелмей қалған жауаптар қатарында нашақорлық, қылмыстылық, қоршаған ортаның ластануы және ядролық соғыстар болды. Ал 1981 жылы құнсызданудың өсуіне көпшілік оны мемлекет алдында тұрған маңызды мәселе деп есептеді. Арадан екі жыл өткеннен кейін жұмыссыздық көрсеткіші өсіп, көпшілік жұмыссыздықты маңызды мәселеге айналдырды. Адамдарға көптеген себептерге байланысты жұмыссыз қалулары мүмкін. Мұндай себептер қатарына олардың алғаш рет жұмыс іздеуі, адамдардың жағдайы жақсы жұмыс табу мақсатында бұрынғы жұмыс орындарын тастап кетулері, уақытша жұмыстан босағандық және де фирмалардың жабылып қалуларына байланысты жұмыстан босаулар жатады. Жұмыссыздықтың осы соңғы түрі мәжбүр жұмыссыздық деп аталады.
Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Курстық жұмысты жазудағы негізгі мақсатымыз қазіргі таңда дүние жүзі бойынша ауқымды мәселеге айналып отырған жұмыссыздық мәселесін жан-жақты және терең зерттеу болып табылады. Осы мақсаттан мынадай міндет туындайды, яғни жұмыссыздық мәселесін әлемдік дәрежедегі зерттеушілер еңбегін пайдалана отырып, оқырман қауымға жеткізе білу.
Курстық жұмыстың құрылысы. Курстық жұмысты біз екі тарауға бөліп қарастырдық. Бірінші тарауда жалпы жұмыссыздық мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздықтың жалпы түсінігі мен жұмыссыздықты топқа бөліп қарастырдық және циклдік және құрылымдық жұмыссыздыққа тоқталдық. Демек, жұмыссыздық дегеніміз белгілі бір себептерге байланысты жұмыстан босаған немесе алғаш рет жұмыс іздеу барысында сәтсіздіктерге ұшыраған тұлғалар. Жұмыссыздықтың себептері әр түрлі болып, ол негізінен жұмысшылардың нәсіліне, жасына және жынысына қарай топтар арасында әр түрлі болып келеді. Әсіресе түрлі түсті нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткіші ақ түсті нәсілдер арасындағы жұмыссыздық көрсеткішіне қарағанда әлдеқайда жоғары болады.
Курстық жұмыстың екінші тарауында экономикадағы толық жұмылдыру мәселесіне тоқталып, онда жұмыссыздық дәрежесіне баға бердік және де оны анықтаушы факторларға жан-жақты тоқталдық. Сонымен қатар жұмыссыздық дәрежесін төмендету мен жұмыссыздық бойынша көмек ақы мәселелерін қарастырдық. Экономиканың қандай кезде толық жұмылдыру жағдайында болатындығын анықтау экономикалық саясаттың шешуші мәселелері болып табылады. Ал жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін анықтаушы факторлар жұмыссыздықтың жалғасуы және жиілігі болып келеді.
1 ЖАЛПЫ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
1.1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ТҮСІНІГІ
Америкалық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздықтың бес негізгі мінездемелерін анықтады:
1. Жасы, жынысы және еңбек тәжрибелеріне байланысты жұмыссыз топтар арасында үлкен айырмашылықтар бар;
2. Еңбек базарында үлкен ағым байқалады. Жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруші және де кемітуші қарсы ағымдар жұмысты және жұмыссыз адамдармен салыстырғанда үлкен көрсеткіштерді көрсетеді;
3. Осы ағымның маңызды басым бөлігі циклдік сипатта болады, яғни жұмыстан босату мен еңбек келісім-шарттарын бұзу төмендеу кезінде үлкен мөлшерге жетсе, ал өз еркімен жұмыстан босау жоғарылау кезінде үлкен мөлшерге жетеді;
4. Кез келген айда жұмыссыз қалған тұлғалардың көпшілігі тек қана қысқа мерзім аралығында жұмыссыз болады;
5. АҚШ-тағы жұмыссыздық басым бөлігі ұзақ уақыт бойына жұмыссыз отырғандардың үлесіне тиесілі болып келеді.
Бұл фактілер жұмыссыздықтың не екендігі туралы және сонымен қатар онымен не істеуге болатыны немесе болмайтындығы туралы маңызды түсінік береді.
1.2 ЖҰМЫССЫЗДЫҚТЫ ТОПҚА БӨЛІП ҚАРАСТЫРУ ЖӘНЕ ЦИКЛДІК, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ ЖҰМЫССЫЗДЫҚ
Уақыттың кез келген мерзімінде жұмыссыздықтың жиынтық дәрежесі немесе жұмыссыздық коэффиценті болады. Мысалы, 1989 жыл наурызда жұмыссыздық коэффиценті 4,9 пайыз болды. Бұл сандар астында жынысы және жас тобына қарай көлемді қайшылықтар жасырынады.
2 ЭКОНОМИКАДАҒЫ ТОЛЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ
2.1 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІНЕ БАҒА БЕРУ ЖӘНЕ ОНЫ АНЫҚТАУШЫ ФАКТОРЛАР
Экономикалық саясат үшін маңызды мәселе – бұл экономика қай уақытта толық жұмылдырылған жағдайда екендігін анықтау болып табылады. Толық жұмылдырылған кезеңдегі жұмыссыздық дәрежесі табиғи дәреже болып, жұмыссыздықтың құрылымдық дәрежесі мағыналары бойынша сәйкес келетін түсініктер болады.
Табиғи дәреже бағасын кейбір кезеңдерден табады, яғни еңбек базары тепе-тең болғанда және жалпы жұмыссыздық дәрежесі мен топтар бойынша жұмыссыздық дәрежелері теңестіруде олардың табиғи маңыздарында болғанда табылады.
2.2 Филлипстің қисық сызығы
1958 жылы ағылшын экономисі А. Филлипс оның ықпалын көрсететін, “жұмыс бастылық” деген үлгіні ұсынды. 1861-1956 жылдардағы Ұлыбритания санақтары деректерін пайдалана отырып, ол жалақы ставкасы өзгеруі мен жұмыссыздық деңгейінің арасындағы тәуелділіктің кері әсерін қисық арқылы көрсетті. Сөйтіп, Англиядағы жұмыссыздықтың 2,5-3 проценттен артық көбейтуі баға мен жалақы өсуін күрт баяулататынын дәлелдеді.
Үкімет Филлипстің қисық сызығын сол күйінде экономикалық саясатты жасаудың құралы ретінде қолданды. Әсіресе ол толық жұмыспен қамту және өндіріс бағасының тұрақтылығын анықтайтын жағдайда пайдаланылды.
Абцисса өсінде жұмыссыздық деңгейі, ординат өсінде тауар бағаларының өсу қарқыны бейнеленеді. Қисық сызық өсі параметрлердің көрінісі.
2.3 ЖҰМЫССЫЗДЫҚ ДӘРЕЖЕСІН ТӨМЕНДЕТУ ЖӘНЕ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Жұмыссыздықтың табиғи дәрежесін түсіру әдістерін талқылау жасөспірімдер арасындағы жұмыссыздықтың жоғарғы коэффицентін және ұзақ мерзімді жұмыссыздарға тиісті жұмыссыздықтың жалпы үлесінің өте жоғары екендігі қиындата түседі. Біз жасөспірімдік жұмыссыздық жайлы айтар болсақ, олардың көпшілігі жұмыс күшіне бірінші болып кіріп жатқан жаңадан келгендер болып табылады. Олардың ересектерге қарағанда жұмыс күшіне қайтадан енушілігі жоғары болып келеді. Сондықтан жасөспірімдердің алғашқы жұмыс орнын іздеуге жіберілетін уақытын қысқартқанда, олар арасындағы жұмыссыздықты да қысқартуға мүмкін болар еді. Жұмыс іздеуді қысқарту үшін жастарды жұмылдыру қызметін құру ұсынылған болатын.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қорытындылай айтар болсақ, жұмыссыздық мәселесі қазіргі кезде бүкіл дүние жүзі бойынша ауқымды да, күрделі мәселеге айналып отыр. Америкалық еңбек базарында жүргізілген көптеген зерттеулер жұмыссыздық негізгі мінездемелерін анықтап берді. Олар қатарына жұмыссыздық дәрежелері арасында жасы, жынысы және еңбек тәжрибелеріне байланысты ауытқулар, қарсы ағымдардың жұмылдыру мен жұмыссыздықты өсіруі және азайтуы, мұндай ағымдылықтың көпшілігінің циклдік сипатта болуы, көпшілік тұлғалардың қысқа мерзімге жұмыссыз қалуы және АҚШ-тағы жұмыссыздардың басым бөлігінің көп уақыт бойына жұмыссыз қалуы жатады. Сондай-ақ құрылымдық жұмыссыздық дегеніміз экономиканың толық жұмылдыру жағдайында болатын жұмыссыздық болып табылады. Ал циклдік жұмыссыздық дегеніміз құрылымдық жұмыссыздықты басып озу болып табылады.
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
1. Фишер С.- Макроэкономика. - Москва.- ИНФРА - М.-1997ж - 784 б.
2. Сакс Д. Ж., Ларрен Ф. Б.-Макроэкономика.-Глобальный подход.- Москва.- Дело.- 1996ж - 848 б.
3. Гальперин. А. М. - Макроэкономика.- Москва.-Экономическая школа.- 1997 ж. -712 б.
4. Мамыров Н. Қ., Тілеужанова М.- Макроэкономика.- Алматы.-Экономика баспасы.-2003 ж. - 432 б.