Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 28 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Коммерциялық және банктік несие.


Мазмұны
Кіріспе 3
І Несие нарығының қалыптасуы және дамуы 4
1.1 Несие нарығына сипаттама 4
1.2 Қазақстандағы несие нарығының структурасы 7
ІІ Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялық банктердің ролі 10
2.1 Банктік несиенің ерекшеліктері және түрлері 10
2.2 Қазақстанда ипотекалық несиенің дамуы 12
ІІІ Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуекелді бағалауы 16
3.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалау 16
3.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі 19
Қорытынды 26
Қолданылған әдебиеттер 28

Кіріспе

Бүгінгі күні Қазақстанның несие нарығы қаржы жүйесінің ең үлкен және тез дамып келе жатқан бөлігі болып табылады. Экономиканың несие жүйесінің дамуы кез келген мемлекеттің басым міндеттерінің бірі болып табылады. Қазақстанда соңғы бірнеше жылда несие жүйесі бөліктерінің тұрақтылығын жетілдіру мен нығайту және несие құралдарына халықтың сенімін арттыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілді. Қаржы жүйесінің негізі бірнеше рет реформалау нәтижесінде оның ең қарқынды дамыған және тұрақты құрамдас бөлігі болған Қазақстан Республикасының несие жүйесі болып табылады. Несие қызметін табысты реформалау барынша тұрақты несие жүйесін құруға мүмкіндік береді.
Кейінгі жылдары несие банктік жүйе арқылы нарықтық экономикада өте маңызды рөл атқарады. Банктердің ресурстық базасы жоғары қарқынмен өсуде бұл көп жағдайда экономиканы несиелеу жөнінде қызметті едәуір жандандыра түсуге мүмкіндік береді. Несие қызметінің қарқын алуына байланысты банктер несиелеудің сан алуан түрлерін игеретін болды. Солардың бірі Ипотекалық несиелеу болды. Бүгінгі таңда ипотекалық несие беруді қаражат қорларын көбірек тартып, жылжымайтын мүлік нарығындағы операцияларды тиімді жүргізуді қамтитын көп бейімді тетік әрі тұтастай бір жүйе десе болады.

І Несие нарығының қалыптасуы және дамуы

1.1 Несие нарығына сипаттама

Несие – нарықтық экономиканың тірегі ретінде экономиканың дамудың ажырамас элементін білдіреді. Оның барлық шаруашылық субъектілерімен қатар мемлекет те, үкімет те, сондай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді өндіру сферасынан емес, олардың айырбас сферасынан іздеуіміз керек.Тауар айырбастау – бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шынымен де осындай айырбас кезінде несиеге байланысты қатынас туындайды.
Құнның қозғалысы – бұл несиенің қозғалысының кіндігін сипаттайды. Несиелік қатынастардың пайда болатын экономикалық негізіне капитал айналымын жатқызуға болады.
Көбінесе несиені ақша түрінде түсінеді. Бір жағынан қарағанда бұған негіз де бар сияқты. Себебі, қазіргі шаруашылықта қарыз көбіне ақша түрінде берілуде. Бірақ бұл жерде ақша мен несиенің әр түрлі ұғымды білдіріп, әр түрлі қатынастарды түсіндіретіндігін естен шығаруға болмайды.

1.2 Қазақстандағы несие нарығының структурасы

Нарықтағы негізгі несие берушілерге коммерциялық банктер жатады. Олар жеке және заңды тұлғалардың бос ақша қаражаттарын уақытша тартады және активті операцияларды орындау үшін осы қаражаттың негізінде ресурс базасын құрайды. Коммерциялық банктер өз кезегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық банкісіне есеп береді. Ұлттық банк коммерциялық банктерге ломбардтық несиені, қайта қаржыландырудың несиесін және өз негізінде қысқа мерзімді қарызды ұйғаратын РЕПО-ны ұсынады. Ұлттық банк қайта қаржыландырудың мөлшерлемесін белгілейді. Коммерциялық банктер несие бойынша өздерінің пайыз мөлшерлемелерін Ұлттық банк белгілеген мөлшерлемелерден төмен белгілей алмайды.
Несие нарығында реттеуші орган ретінде ҚР қаржы нарығын және қаржылық ұйымдарды қадағалау және реттеу жөніндегі Агенттігі алға шығады. Бұл орган, мәселен кастодиан-банктің, брокер банктің және т.б. банктердің негізгі тәртіп нормативтерін анықтайды.

ІІ Қазақстандағы несие нарығындағы коммерциялық банктердің ролі

2.1 Банктік несиенің ерекшеліктері және түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады. Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие. Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен бірсыпыра айырмашылықтары бар.
Біріншіден, коммерциялық несие тауар түрінде беріледі, ал банктік несие ақша түрінде беріледі. Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауар сатылуын қамтамасыз ету үшін беріледі. Банктік несие берушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.

ІІІ Коммерциялық банктердің несиелік қабілеттілікті және тәуекелді бағалауы

3.1 Отандық банктердің несиелік тәуекелді басқару және бағалау

Жалпы банк табысты берген несиесіне байланысты: оның сапасы, қайтарымдылық деңгейі, т.б. Несиенің өз уақытында қайтарылмауы банктің зиян шегуіне немесе банкроттыққа алып келеді. Несиелік тәуекелді неғұрлым төмендету несиелік мекемелер қызметін басқарудағы басты міндет.
Несиелік тәуекел – қарызгердің несиелік келісіміндегі мерзім мен жағдайларға сәйкес кредиторға деген өз міндеттемелерін орындамаудың ықтималдығы, яғни қарыз алушының банктен алған несиесі бойынша қарызын немесе оған есептелінген сыйақысын өз уақытында қайтара алмауына байланысты банктің зиян шегуін сипаттайды.
Банк тәжірибесінде несиелендірумен байланысты несиелік тәуекелдің пайда болу себептері мен проблемаларына тоқталайық:

3.2 Несиелік қабілетті және тәуекелді бағалаудағы шетел тәжірибесі

Шет елде клиенттер дердің несиелік қабілеті туралы ақпараттар жинауға маманданған және олар туралы анықтамалар беретін арнайы фирмалар немесе агенттіктер жұмыс жасайды. Бұл тәуелсіз ұйымдар банктерге келісімшарт негізінде қызмет көрсетеді. Мысалға, фирма «Дан энд Брэд форд» 3 млн жуық АҚШ-тың, Канаданың, Данияның фирмалары туралы ақпараттар жинақтап, жалпы ұлттық және аймақтық анықтамаларда жариялайды.

Қорытынды

Жоғарыда айтып кеткендей кез - келген елде несие жүйесін ұйымдастыру басты және өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Біздің еліміздің несие жүйесін дамыған елдер тәжірибесіне сүйене отырып жасауда. Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады. Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі сома берілетін. Қазір нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.
Терең экономикалық өзгерістер әлемдік қауымдастыққа ену мемлекеттің несие жүйесін сәйкес түрде өзгертті.