Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Саясаттану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 14 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Саяси келісімдер


Жоспар

1 Саяси келісімдер 3
1.1 Келісім саудасының моделі: қатаң, жұмсақ және аралас стратегиялардың мүмкіндіктері мен шектеулері 3
1.2 Келіссөздерде ойын теориясын қолдану: интегративтік, полемиялық және принципиалды стратегияның мүмкіндіктері мен шектеулері 6
1.3 Интегративтік, полемиялық және принципиалды келіссөздер 6
Әдебиеттер 14

1 Саяси келісімдер

1.1 Келісім саудасының моделі: қатаң, жұмсақ және аралас стратегиялардың мүмкіндіктері мен шектеулері

Белгілі болғандай, келісім үстеліндегі қатаң, конфронтациялық жағдай әскери әрекетті еске түсіреді. Мұнда қолданылатын әскери тәсілдер мен амалдар өзара келісімге келетін саяси тактикаға қарағанда әскери тактикаға жақын болады.
Қатаң сауда көмегімен саяси консенсусқа жету серіктестің сипатын басқаруға бағытталған күш тәсілдерін қолдануды ұсынады. Қатаң сауда абсолютті ұтысқа есептелген: барлығы немесе ештеңе. Қысым көрсету, кінәлау – барлық бұл тәсіл-амалдар қатаң саудаға жатады. Олардың маңызы, мәні – серіктесін қайткен күнде де жеңілуге мәжбүрлеу.

1.2 Келіссөздерде ойын теориясын қолдану: интегративтік, полемиялық және принципиалды стратегияның мүмкіндіктері мен шектеулері

Саяси келіссөздердің стратегиясы мен тактикасын дамытудағы ең қарқынды ол ойын теориясы болып табылады, ол теорияны тәжірибелі саясаткерлер емес, ғалымдар жасап шығарған. Ойын теориясын ХХғ. ортасында американдықтар жасап шығарған, олар: венгерден шыққан математик Дж.Нейман және экономист О. Моргенштерн. Кейінірек оны келіссөздер теоретигі американдық ғалым Х. Райфф, А. Рапопорт және Т. Шеллинг қолдана бастады.
Бірақ, ойын теориясын нақты келіссөздік жағдайларда қолдану мәселесі өте күрделі, себебі, теорияға сәйкес әрекет ететін адам рационалды болып саналады. Сонымен қоса, ойын теориясы субъективтік жоспардың көптеген жоспарланбаған болжаусыз факторларын, яғни ақпаратты есепке алмауды, оны жасыруды, келіссөз жүргізушілердің мінез сипатын, олардың қақтығыстарын, т.б. есепке алмайды. Сонымен қоса, ойын теориясы келіссөз кезіндегі сайыс қатынасы мен серіктестік қатынасының арасындағы таңдау мәселесін нақты қалыптастыруға мүмкіндік береді, сондықтан, бұл теорияның дамуына кейінірек психологтар маңызды үлестерін қосты, олар сайыс пен серіктестіктің феномендерін, субъективті факторлардың әсерін, ақпарат ауысудың сапасын, келіссөз үрдісінде жеке қарым-қатынасты қолдану мүмкіндігін жеке жоспарда қарады.

1.3 Интегративтік, полемиялық және принципиалды келіссөздер

Серіктестік келіссөздер көп жағдайда интегративтік деп аталады, себебі, ойын теориясының құрылымына сәйкес мұндағы басты нәрсе – бірігуге ұмтылу және күш-жігер, әр серіктестің старттық потенциалын көтеру үшін өз стратегиясын «интеграциялау». Бұл жағдайда, ойынның мақсаты келіссөздің соңында барлық қатысушылардың «тиімді сомаға» қол жеткізуі. Кей жағдайда мұндай келіссөздер серіктестік рухындағы келіссөздер деп аталады, себебі, онда өзара әсерлесудің нақ осы түрі қолданылады.
Мұндай келіссөздік ойынның басты шарты қатысушылардың бір-бірін серіктес ретінде дұрыс бағалауы болуы керек. Осылайша, «саяси серіктес» түсінігі үш кезеңді білдіреді:

Әдебиеттер

1 Выдрин Д. И Очерки практической политологии. – Киев. : Луч, 1991. – С. 180.
2 Василенко И. С. Политические переговоры. – М. : Академия, 2006. – С. 380.
3 Гаджиев К. С. Политическая философия. – М. : Политиздат, 1999. – С. 368.
4 Кудинов О. П. Большая книга выборов. – М. : Просвещение, 2003. – С. 240.
5 Поляков Л. В. Основы политического консультирования: теория и практика. – М. : КДУ. Изд-во МГУ, 2004. – С. 135.