Инфляция
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Инфляция түрлерi мен оның ерекшелiктерi 5
1.1 Инфляция түсiнiгi 5
1.2 Инфляцияның түрлері 8
1.3 Инфляцияға қарсы саясат шаралары 15
2 Қаржының инфляциямен өзара байланысы 21
2.1 Қаржының мәнi 21
2.2 Қаржының экономикадағы рөлі 25
2.3 Инфляцияның қаржы жүйесiндегi зардаптары 27
Қорытынды 36
Қолданылған әдебиеттер тізімі 37
Кіріспе
«Қаржы» ұғымы ақша нысынындағы қоғамдық өнімді бөлумен байланысты болатын экономикалық қатынастардың кең ауқымын қамтиды. Тауар-ақша қатынастарының жалпы қамтуындағы сипатқа ие болып отырған нарықтық экономика жағдайында қаржы нақтылы және үздіксіз болып жататын ақша айналымын – ақша ағынын бейнелеп көрсетеді.
Қаржы –ақша қатынастарының жиынтығы, олардың ажырағысыз бөлігі, ол әр қашан экономикалық жүйе шеңберіндегі қоғамдық ұдайы өндірістің түрлі субьектілері арасындағы бүкіл ақша қатынастарын емес, тек айрықша ақша қатынастарын білдіреді, сондықтан оның рөлі мен маңызы экономикалық қатынастарда ақша қатынастарының қандай орын алатындығына байланысты.
1 Инфляция түрлерi мен оның ерекшелiктерi
1.1 Инфляция түсiнiгi
Инфляция – бағалардың орта деңгейінің көтерілу үрдісі, табыстардың құнсыздануы. Елдегі тауар рыноктарының көбінде тепе-теңдік бұзылса, бағалар тоқтаусыз өседі. Яғни, инфляция – бұл жалпы ұсыныс пен сұраныс арасындағы теңгерімнен шығаруға әсер беретінақшалай нарықтың құбылысы. Жеке тауар нарығында сұраным ұсынымнан артық болса, бұл тауарға баға деңгейі өседі. Бірақ мұндай жекелеген нарық сәйкессіздігі инфляцияны қалыптастырмайды. Инфляция – бұл нарықтардың көбінде сұранымның артуынан қалыптасқан тепе-теңдіктің бұзылуына байланысты пайда болған елдегі баға деңгейінің жалпы өсуі.
Ақша сұранысынан тыс тауар бағалары еңбек өнімділігіне, нарықтың монополизациялануына, жаңа салық ставкаларына, нарық жағдаятына (конъюнктурасына), сыртқы экономикалық жағдайға, мемлекеттік реттеуге және басқа да себептерге байланысты өзгеруі мүмкін. Яғни бағаның өсуін көптеген себептер қалыптастырады. Бірақ бағаның кез-келген өсуі де инфляция емес. Сондықтан жоғарыда келтірілген себептердің арасынан инфляцияны қалыптастыратындарын анықтап алу қажет.
1.3 Инфляцияға қарсы саясат шаралары
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты – экономиканы сауықтырудың жалпы экономикалық баға мен жалақының реттеудің әдістерін, қаржыны сауықтыру, несие экспансиясын баяулату, ақша эмиссиясын жоюды қарастырады. Асқынған жағдайда ақша реформасын жүргізеді. Ол бір уақыттың өзінде материалдық-қаржының баланстанбауының себептері және салдары бола алады. Оның барлық шаруашылық механизмін жөндемей жеңу бола қоймас. Осы механизмді емдеу нәтижесіз болуы мүмкін, себебі ол инфляциялық вирус инфляцияға қарсы саясатты жасаудың қиындатып жібереді. Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясатты экономикадағы диспропорцияны бірте-бірте жоймай елестету мүмкін емес.
2 Қаржының инфляциямен өзара байланысы
2.1 Қаржының мәнi
Қаржының мәні, оның даму заңдылықтары, тауар-ақша қатынастарын қамту сферасы мен қоғамдық ұдайы өндіріс процесіндегі рөлі қоғамның экономикалық құрылысымен, мемлекеттің табиғатымен, фунцияларымен айқындалады.
Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялар қаржысының айырмашылығы негізінен мына себептерге байланысты:
2.2 Қаржының экономикадағы рөлі
Қаржы мемлекеттің, заңи және жеке тұлғалардың арасында, жекелеген мемлекеттер арасында ақша қорларын қалыптастыру, бөлу және пайдалану жайында пайда болатын ақша қатынастарының жүйесі болып табылады. Басқа сөзбен айтқанда, ерекше қорлар арқылы іске асырылатын ақша қатынастары - бұл қаржылық қатынастар.
Қаржыны экономикалық категориялардың қатарынан бөліп алу үшін қаржы құбылысын қараудан оның мәнін - оның болмысының барлық сан алуан нысандарының бірлігінде көрінетін мән-мағынасының ішкі мазмұнын зерттеуге көшу керек.
2.3 Инфляцияның қаржы жүйесiндегi зардаптары
Қаржы қатынастары мен инфляциялық процестердің бір бағыты келеңсіз сипаты, бірін-бірі өзара толықтыра отырып, экономикалық жүйедегі келеңсіз нәтижелерге апарады. Мәселен, инфляция бірқатар әлеуметтік –экономикалық проблемаларды тудырады:
• Ақшалай табыстардың құнсыздануы;
• Ұзақ мерзімді инвестицияларға деген экономикалық ынтаның түсуі;
• Ақшалай жинақтардың құнсыздануы;
• Нақтылы пайыздың төмендуі,
• Экономикалық байланыстардың бұзылуы және т.б.
Төмен инфляция немесе оның болмауы ұлттық шаруашылықтың түрлі деңгейлерінің қаржылық көрсеткіштерін жақсартатыны секілді ұқсас жағдайда қаржы қатынастарының
Қорытынды
Кейiнiрек Үкiмет пен Ұлттық банкiнiң қатал монетарлық саясатты жүргiзгенiнiң, қоғамдық меншiктi жекешелендiрудiң және басқа елдердегi инвестиция жұмылдырудың нәтижесiнде инфляцияның деңгейi едәуiр төмендетiлдi.
Ақшаның айналымдағы саны азайса, бiр жағынан, оның бағамын бiр деңгейде ұстап жүруге мүмкiндiк туады (ол жақсы), ал екiншi жағынан, ел iшiнде төлем қабiлетi бар сұраныс кемидi (бұл жаман). Қолда ақша болмаса, сатып алуға мүмкiндiк жоқ. Ұсыныстың көбеюi бағаны өсiрмейдi, ал кей жағдайда, тiптi төмендетедi. Сондықтан, Үкiмет орындарының инфляцияны бағалайтын көрсеткiшi болып табылатын, тұтыну қоржынының жиынтық индексi баға мен инфляцияның төмендегенiн көрсетедi. Осыған байланысты кейбiр ресми көрсеткiштердiң дұрыстығына күмәндануға болады.