Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 62 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Бағалы қағаздар нарығы: инвестициялық белсенділікті көтеру факторы ретінде


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРУ МЕХАНИЗІМІ 5
1.1 Бағалы қағаздар нарығының орны, жұмыс істеуі және құрамдас бөліктері 5
1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері 8
1.3 Бағалы қағаздарды шығару механизімі 17
1.4 Эмитенттер мен инвесторлар туралы жалпы сипаттама 20
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ КӨТЕРУІ 27
2.1 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер 27
2.2 Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау 29
2.3 Бағалы қағаздар нарығының инвестициялық белсенділігін арттыру мен оның негізгі бағыттары 33
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗАДАР НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ 37
3.1 Бағалы қағазадарды талдау 37
3.2 “Казпочта” АҚ акцияларды шығару проспектісі 47
3.3 Бағалы қағаздардың табыстылығын есептеу 54
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
ҚОСЫМША 62

КІРІСПЕ

Қазақстан орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертуде.
Нарық – күрделі, әрі жан – жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы. Ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысы ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген. Басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шектеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез – келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылады. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ең тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектілер ғана алады.
Өзінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелермен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90-шы жылдардың басында құрыла бастады.
Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттің меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері – халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы итституттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады.
Жұмыстың мақсаты Қазақстандағы бағалы қағаздар түрлері мен жіктелуін қарастыру, бағалы қағаздардың шығарылуымен оның эмитенттерін қарастыру сонымен қатар Қазақстан Республикасында қандай бағала қағазадар түрлері шығарылатынын қарастырып, оларға талдау жасау. Бағалы қағаздың сапасы мен сандарына мінездеме беру арқылы оның дамуына жағдай жасау. Осы мақсаттарды іске ала отырып, келесі қадамдарды анықтаймыз:
1) Бағалы қағаздар не, ол не үшін керек?
2) Оның түрлері, жіктелуі.
3) Қ.Р бағалы қағаздарды шығару.
4) Бағалы қағаздардың даму жолдары.
5) Бағалы қағазадрға талдау жасау.
Қазақстан Республикасының мемлекеті бағалы қағаздар нарығын құру және одан әрі өрістету мақсатында қажетті шараларды жасауда. Қазақстандағы меншікті мемлекет иелігінен алу және жекеменшіктендірудің Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі элементтерін құру процесін жеделдетті. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизмдерінің бірі акция шығаруды пайдалану мүмкіндігін ашты. Бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндігін жасайды. Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
Өркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуде қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық - экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
1) эмитенттер, яғни әр түрлі бағалы қағаздар шығаратын шаруашылық субъектілер;
2) инвесторлар, яғни уақатша бос ақша иелері – заңды және жеке тұлғалар;
3) бағалы қығаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер, дилерлер, инвестициялық басқарушылар және т.б;
4) қор биржалары, депозитарийлер, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін , сақтайтын ұйымдар;
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Бағалы қағаздар нарығы барлық мемлекеттерде, көптеген қарым-қатынастарда экономикалық өсуді қаржыландырудың өте жақсы және тиімді механизімі болып табылады.

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК. ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ МЕН ШЫҒАРУ МЕХАНИЗІМІ

1.1 Бағалы қағаздар нарығының орны, жұмыс істеуі және құрамдас бөліктері

Жалпы айтқанда бағалы қағаздар нарығы деп бағалы қағаздар шығарып, қатысушылары арасында айналымға жіберетін экономикалық қатынастар жиынтығын айтуға болады.
Бұл мағынада бағалы қағаздар нарығы басқа да тауарлар анықтамасынан, мысалға мұнай нарығынан айырмашылығы болуы мүмкін емес. Айырмашылығы жеке объект қылып салыстырса ғана көрінеді. Бағалы қағаздар номенклатурасы әлде бір жеке тауар нарығына сәйкес емес, толығымен жалпы тауар нарығын қамтиды. Одан ары, егер тауарлар заводтар мен фабрикаларда шығарылған болса, бағалы қағаздар айналымға кетеді. Тауар өз тұтынушысына жетуі үшін тауар қозғалысының өз жолы ұйымдастырылуы керек, ал бағалы қағаздар үшін өз жолы қажет. Тауар бір не бірнеше рет сатылуы мүмкін, ал бағалы қағаздар шектеусіз көп сатыла береді. Бағалы қағаздар нарығы - әр мемлекет нарығының құрамдас бөлігі. Бағалы қағаздар нарығының негізі болып тауар нарығы, ақша және ақша капиталы табылады. Тауар нарығы, ақшаға өндірістік байланыста көмекші болады.
Бағалы қағаздар нарығының классификациясы бағалы қағаздар классификациясымен көптеген ұқсастықтар біріктіреді. Айырмашылықтары:

1.2 Бағалы қағаздардың жіктелуі және түрлері

Бағалы қағаздар бірнеше түрлі болып жіктеледі: біріншіден, түсіретін көрінісіне; екіншіден, эмитенттің сипатына; үшіншіден, айналым мезгілімен айналым жеріне байланысты: (2 сурет).
1) Кіріс төлеу жөнінен қарызды және үлесті бағалы қағаздар болып екіге бөлінеді. Қарызды бағалы қағаздар бойынша кіріс нақты пайызбен төленіп, ал қарыздың күрделі негізгі бөлігін келешекте белгіленген уақытта өтеу көзделеді. Үлесті бағалы қағаздар, немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушінің корпорацияның мүлігіндегі үлесін көрсетеді және иемденушіге шектеусіз уақыт бойы дивидент түрінде кіріс түсіреді. Ал бағалы қағаздардың басқа түрлері қарызды және үлесті түрлерінен туындайды.
2) Бағалы қағаздар шығарушысы (эмитенті) жөнінен де жіктеледі. Олардың эмитенттері мемлекет, жергілікті әкімшілік, корпорациялар, қаржы институттары және тағы басқа заңды тұлғалар болуы мүмкін. Эмитенттеріне байланысты үлесті және қарызды бағалы қағаздар төмендегідей түрге бөлінеді:

Cурет 2 - Бағалы қағаздардың жіктелуі


Акция бірнеше түрге жіктеледі (3 сурет). Бірінші жағынан, акционерлерден басқа біреуге беру тәсілі бойынша: атаулы және иесі ұсынушы болып екіге бөлінсе, екінші жағынан, корпорацияны басқару қатынасу құқығы бойынша – жай және артықшылықты акция деп те екіге бөлінеді. Корпорация тек өзінің жарғысында бекітілген акцияларды ғана шығара алады.
1) Атаулы акция – иесі міндетті түрде корпорацияның реестірінде тіркелуі тиіс акция. Акционерлер кітабының қанша және қай уақытта алғандығы туралы жазылған акция иесі ғана акционер болып есептеледі.
2) Ұсынушыға арналған акция – иесінің аты-жөні корпорация кітабында тіркелмеген акция. Кітап ұсынушыға арнап шығарылған акцияның жалпы саны ғана көрсетіледі.
Ал басқару жағынан корпорацияларға қолында атаулы акциясы бар акционер қолайлы. Себебі ол акционерлік капиталдың қозғалысын және бағалы қағаздардың қозғалысын және бағалы қағаздардың кейбір акционерлердің қолында шоғырлануы олардың бұл мемлекеттен кеткенін реттеп және бақылап отыруға мүмкіндік береді. Акционерлердің көзқарасы тұрғысынан қарағанда, әсіресе қысқа мерзімді мүддені көздеген акционерлер ұсынушысы арналған акцияны қолдайды.

Cурет 3 - Акциялардың жіктелуі

Әрбір акция өз иесіне бір дауыс үлесін береді. Сонымен бірге жай акция дивиденд алуға кепілдік бермейді [2, 31бет].
Артықшылықты акциялар- меншік туралы ерекше сертификат. Олар корпорация пайдасының деңгейіне қарамастан белгіленген мөлшерде неғұрлым нақты дивиденд төлеуін қамиамасыз етеді. Бұл акция дауыс құқын бермейді.
Артықшылықты акциялардың өзі бірнеше тармағына бөлінеді. Оларды былай топтастыруға болады:
1) Қатысушылар және қатыспаушылар, кумулятивті және кумулятивті емес, конвертабельді және конвертабельді емес. Акциялардың бұлай бөлінуінің себебі акция иемденушілердің артықшылықтарын пайдалануына байланысты. Олар:

1.3 Бағалы қағаздарды шығару механизімі

Бағалы қағаздар - ең алдымен мүлікті иемденуге құқық беретін ақшалы құжат немесе қарыз берушіге қарыз алушының берген қарыз міндеттемесі. Шығарылуы жөнінен бағалы қағаздар нарықтық және нарықтан тыс болып екіге бөлінеді. Нарықтан тыс бағалы қағаздар әлеуметтік – нарықтық қатынастардың дамуы негізінде пайда болған қағаздардың ерекше түрі. Оларға жинақ облигациялары, зейнетақы қорларының облигациялары, депозиттік облигациялар және т.с.с жатады. Жинақ облигациялары негізінен жеке тұлғалар орасында орналастырылады. Бұл бағалы қағаздар АҚШ- та кең таралған. Зейнетақы қорларының облигацияларына мысалы, АҚШ-та біреуге жалданбай-ақ өзалдына қызмет істейтін адамдардың ақшасына шығарылған облигациялар жатады. Ал депозиттік облигациялар қысқа мерзімді, орта және ұзақ мерзімді болып үшке бөлініп, тек жергілікті басқару органдарына ғана сатылады.

1.4 Эмитенттер мен инвесторлар туралы жалпы сипаттама

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар – бұлар бағалы қағаздар алып – сатумен айналысатын не оның айналымы мен есебіне қызмет көрсететін жеке тұлғалар не мекемелер; бұлар бағалы қағаздар айналымына қатысты өз араларында белгілі бір экономикалық қатынастармен айналысатын тұлғалар.
Функционалдық қызметтеріне байланысты қатысушылардың төмендегідей негізгі топтары да бар (7 сурет):
1) эмитенттер
2) инвесторлар
3) қор делдалдары
4) бағалы қағаздар нарығына қызмет көрсететін мекемелер
5) мемлекеттік заңдылығын қадағалау және бақылау органдары :
Эмитенттер – бұлар бағалы қағаздарды айналымға жіберетіндер.
Инвесторлар – бұлар айналымға жіберілген бағалы қағаздарды сатып алушылар.
Қорлық делдалдар – бұлар бағалы қағаздар нарығындағы эмитенттер мен инвесторлар арсындағы байланысты қамтамасыз ететін саудагерлер.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУ ЖОЛДАРЫ МЕН ОНЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ КӨТЕРУІ

2.1 Бағалы қағаздар нарығын реттейтін жүйелер

Бағалы қағаздар нарығының кейбір элементтері 20-шы жылдары КСРО- да жаңа экономикалық саясат кезінде болған. Ал қазіргі егемен Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының алғашқы нұсқалары Кеңес Одағы заңдарының негізінде 90-шы жылдардың басынан бастап пайда бола бастады.
Елде дамыған бағалы қағаздар нарығы қалыптасуы үшін, оның құрамдас бөліктері болуы қажет. Олар:
1) Сұраныс пен ұсыныс
2) Делдалдармен басқа қатысушылар
3) Нарықтық инфрақұрылым, яғни коммерциялық банктер, қор биржалары, инвестициялық институттар және т.с.с.
4) Нарықты реттейтін және өзін-өзі реттейтін жүйелер.
Нарықтың осы құрамдас бөліктері қазіргі уақытта негізінен құрылып болды. Бұл жөнінде елімізде экономикалық жүйені реформалауды тереңдету жолында қабылданған Қазақстанда мемлекеттік меншікті жеке меншіктендіру Ұлттық бағдарламасы бағалы қағаздар нарығының негізгі субъектілері - акционерлік қоғамдардың құрылуын тездетуде шешуші рөль атқарады.

2.2 Бағалы қағаздарды банк аясында инвестициялау

Инвестиция деп қаражатты ұзақ мерзімге белгілі бір салаға пайда табу мақсатында салуды білдіреді. Инвестициялық қызметке банктер делдал ретінде қатысады. Банктер өздерінің инвестициялық қызметінде тиімді инвестициялық саясат жасай отырып жүзеге асырады. Банктердің инвестициялық саясаты инвестиция портфелін басқару бойынша стратегияны құру және іске асыру шараларын, қалыпты қызметті, табыстылықты арттыру, банк балансының өтімділігін қамтамасыз ету бағытында портфельді және тура инвестициялардың оптималды құрылымына жетуді білдіреді. Банктің инвестициялық саясаты банктің басқармасымен жасалады. Инвестициялық саясаттың басты элементтерінің бірі – банктің валюта – қаржылық портфелін, соның ішінде инвестициялық портфелін басқарудың тактикасы мен стратегиясын жасау болып табылады.

2.3 Бағалы қағаздар нарығының инвестициялық белсенділігін арттыру мен оның негізгі бағыттары

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс - шаралар жүргізілуде. Бағалы қағаздар нарығының дамуы жолында шешеуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік – психологиялық мәселелер көп.
Экономикалық мәселелерге:
1) Нарықты реттейтін механизмнің жоқтығы;
2) Бағалы қағаздар нарығын дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;
3) Заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;
4) Салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы (депозитно-регистраторская система);
5) Бағалы қағаздар нарығының материалдық – техникалық негізінің аздығы;
6) нарық инфрақұрылымы өсу деңгейінің төмендегі жатады.
Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығычмен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұл мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігі мен инвестиция беруге психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды [2, 90бет].

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗАДАР НАРЫҒЫНА ТАЛДАУ ЖАСАУ

3.1 Бағалы қағаздарды талдау

2006 жылы 1 қаңтарда корпоративті бағалы қығаздар нарығында акция эмиссиясын жүзеге асыратын 2940 акционерлік қоғам, 62 брокер-дилерлер, 18 тіркеушілер, 11 банктік-костодиондар, және инвестициялық портфельді басқаратын 25 ұйым тіркелген.
2005 жылы 137 акция эмиссиясы (2002 жылы 86 эмиссия) және номиналды құны 88,7 млрд.теңге болатын 30 мемлекеттік емес облигация эмиссиясы тіркелген (2002 жылы 25 эмиссия, номиналды құны 48,2 млрд.теңге). 2004 жылы 1 қаңтарда айналымда 3521 әрекет етуші акция эмиссиясы және номиналды құны 178,5 млрд.теңге болатын 71 әрекет етуші мемелекеттік емес облигация болды.
Айналым мерзімі үш жыл болатын мемлекеттік бағалы қағазадардың табыстылығы 2002 жылда 8,30 жылдық пайызды құрады сонымен қатар оның бағасы төмендеді және аукционның соңғы қорытындысы бойынша 2004 жылдың қаңтарында олардың табыстылығы 6,09 жылдық пайызды құрады.
Тәжірибе көрсеткеніндей, едәуір құлаудан кейін нарықтың тұрақтануы болды, оған ұқсас жағдай 2001 жылда көрінген, яғни сәуір айынан бастап, мамыр айы бойы МЕОКАМ бойынша аукцион табыстылығы 9,99 % -дан 8% төмендеуі, табыстылықтың төмендеуі, сұраныстың төмендеуіне алып келді.

3.2 “Казпочта” АҚ акцияларды шығару проспектісі

Уәкілетті органдардың жарияланған акциялардың шығарылымын мемлекеттік тіркеуі, осы проспектіде көрсетілген акцияларды алуда инвесторларға қандай да бір ұсыныстар жасауды білдірмейді.
Акциялар шығарылымының проспектісі Қазақстан Республикасы заңдарының талаптарына сәйкестігіне ғана құралды. Акционерлік қоғамның лауазымды тұлғалары осы проспектідегі ақпараттардың растығына жауапты болады және олар осы проспектіде берілген барлық ақпараттар рас, сондай-ақ қоғам мен оның орналасатын акцияларына қатысты инвесторларды түсінбеушілікке алып келмейтіндігін дәлелдейді.

3.3 Бағалы қағаздардың табыстылығын есептеу

Инвестиция тиімділігін анықтайтын ең негіздігі шама – бұл оның табыстылық көлемі. Оны есептеу бағалы қағаздарға қаржы салудағы тиімділігін бағалаудың бірден бір әдісі болып табылады. Инвестиция табыстылығын инвестордың бағалы қағаздарды иелік етуден түскен жиынтық табыстың көлемімен, инвестордың басында жасалған қаражат салымдарының шығындар көлеміне қатынасымен анықтауға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ

Дипломдық жұмыста бағалы қағаздар нарығының экономикалық белсенділігі және оның экономикадағы маңыздылығы нақтыланады. Бұл жұмыста төмендегідей қорытындылар жасалады:
1) Бағалы қағаздар категория ретінде, былайша айтқанда тауар түрінде ішкі өз қасиеттерімен және сыртқы көрінісі меншік құқын анықтайтын жалған өзгеше тауар ретінде көрінеді.
Осыдан, біздің ойымызша, бағалы қағаздар әлеуметтік-экономикалық қатынастар процесінде және қаржы нарығында айналыста болатын, табыс әкелу қабілеттіліктерімен көрінетін, сонымен бірге шаруашылықты тиімді жүргізуге қатысатын жалған өзгеше тауар болып табылады.

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. Галанова А.С.,Басова И.С. Рынок ценных бумаг.- Москва.,1996.-339бет.
2. Көшенова Б.А.Бағалы қағаздар нарығы.- Алматы., 1999.-234 бет.
3. Абдрахманова Г.Т., Жумабаева З.С.,Рынок ценных бумаг: особенности функционирования в Казахстане.- Алматы., 2002-340 бет.
4. Сейткасимов Т.С., Ильясов А.А., Ценные бумаги и фондовый рынок. - Алматы., 1998.-184 бет.
5. Жатканбаев Е.Б., Агальцова С.В.Рынок государственных ценных бумаг. - Алматы., 1999.-312 бет.
6. Колесникова В.И.,Таркановского В.С.,Ценные бумаги.- Москва.,1998. -219бет.
7. Жуков Е.Ф., Ценные бумаги и фондовые рынки.- Москва., 1995-224бет
8. Косолапов Г. Интеграционные процессы в корпоративном секторе и фондовый рынок // Рынок ценных бумаг №13 2005 г-19-21 бет.
9. Джуматова А.К. Деятельность Инвестиционного Фонда Р.К на рынке ценных бумаг // Банки Казахстана №6 2005г -24-25стр.