Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тракторды сынау техникасы мен технологиясы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 40 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Тракторды және оның бөлшектерін, механизмдерін агрегаттарын қондырғыда сынау


Жоспар

1 Тракторды және оның бөлшектерін, механизмдерін агрегаттарын қондырғыда сынау 3
1.1 Қондырғыда сынаудың тиімділігі, қондырғыларға қойылатын талаптар 3
1.2 Қондырғыларды топтастыру 4
1.3 Қондырғылардың құрылысы және оның құрамын анықтау, таңдау және есептеу 5
1.4 Тракторды сынауға арналған қондырғылар 16

1 Тракторды және оның бөлшектерін, механизмдерін агрегаттарын қондырғыда сынау

1.1 Қондырғыда сынаудың тиімділігі, қондырғыларға қойылатын талаптар

Жаңа трактордың беріктігін, мерзімдік төзімділігін анықтағанда және ескі тракторлардың құрлысын жетілдіріп жаңартқанда қондырғыны пайдаланып сынау жұмыстарын жүргізу жылдан жылға кең өріс алып келеді.
Тракторды қондырғыда сынаудың, оны табиғи жағдайда шаруашылықта сынаумен салыстырғанда көптеген артықшылықтары бар: біріншіден, сынақты жүргізуге қажетті уақытты және қаражатты аз талап етеді; екіншіден, сынақты ұйымдастырып жүргізу - ауа райының жағдайына, шаруашылық жұмыстардың атқарылу кезеңдеріне тәуелді емес; үшіншіден, сынақ жұмыстарын жаңа трактордың толық жасалып дайын болуын күтпей-ақ оның дайын болған бөлшектерін, механизмдерін, агрегаттарын әрқайсысын өз алдына бөлек сынауға мүмкіншілік береді, осының арқасында жаңа тракторға жан-жақты алдын ала тексеріліп сыналған бөлшектермен механизмдер, агрегаттар пайдаланып сынаққа жіберілетін трактордың жалпы беріктігін, төзімділігін артырып кездейсоқ болатын ақаулардың шамасын азайтуға қол жетеді; төртіншіден, сынақ жүргізгенде алынатын ақпараттың қатесін азайтып, дәлдігін арттыруға мүмкіншілік туады.
Егер тракторды жобалағанда немесе жетілдіру жұмыстарын жүргізген кезде бір механизмнің бірнеше түрі жасалып, олардың ішінен ең жақсысын, тиімдісін, төзімділігі жоғарысын таңдап алу қажеттігі туған жағдайда сынақты қондырғыда жүргізу өте тиімді.

1.2 Қондырғыларды топтастыру

Қондырғының құрылымы оны пайдаланып жүргізілетін сынау жұмыстарының мақсаты мен міндетіне, сыналатын заттың құрлысының күрделігіне, пайдаланылатын әдістеменің ерекшелігіне және жүктемені еліктету ерекшелігіне байланысты.
Қондырғыны жүргізілетін сынақ жұмыстарының мақсаты мен міндетіне қарап үш топқа бөлуге болады: баптап-тексеруге арналған қондырғы; мерзімдік төзімділігін анықтауға арналған қондырғы; пайдалану қасиеттерін зерттеуге арналған қондырғы.

1.3 Қондырғылардың құрылысы және оның құрамын анықтау, таңдау және есептеу

1.3.1 Екпінді қондырғылар. Динамикалық сынақтар жүргізгенде сыналатын затқа екпінді жүктемелердің әсерін електету қажеттігі туындайды. Осы мақсатпен сыналатын заттың соңғы білігіне екпінді иінді күштің әсерін еліктететін маховик жалғанады. Маховиктің екпінді иінді күші сыналатын заттың соңғы білігінде ол жұмыс атқарғанда пайда болатын екпінді иінді күштерге тең болып, табиғи жағдайдағыдай деңгейлерде өзгеруі тиіс. Қажетті иінді екпінді күштің шамасы белгілі тәсілдермен есептеліп анықталады.
Екпінді қондырғылар фрикциялық элементтердің (тіркес муфтасы, тежегіш, фрикциялық муфта) жұмысын зерттеп сынау үшін қолданылады. 1.1 суретте екпінді қондырғылардың ықшамсызбалары келтірілген. 1.1, а суретте бір массалы қондырғының ықшамсызбасы келтірілген. Бұндай қондырғыларды сыналатын заттың жетектегі білігі қозғалмайды, сондықтан қондырғыда сыналатын заттың жетекші білігіне әсер ететін жүктеменің екпінді иінді күші ғана електіледі. Бұндай қондырғыда тежегіштерді және оларға арналған фрикциялық материалдарды сынауға болады. Қозғағыштың 1 маховикті 3 қозғалысқа келтіруін жеңілдету үшін және сыналатын заты 2 іске қосып маховикті 3 тежеген кезде қозғағышты 1 маховиктен ажырату үшін арнайы муфта 4 пайдаланылады. Оның құрылысы, жұмыс істеу принципі тіркес муфтасына ұқсас.

1.4 Тракторды сынауға арналған қондырғылар

1.4.1 Тракторды жинақталған күйінде сынау. Тракторды сынауға арналған қондырғылар екі түрлі принциппен жасалады: біріншісі, трактордың өзін (жинақталған күйінде) сынауға арналған қондырғылар; екінші трактордың немесе трактор агрегатының физикалық моделін сынауға арналған қондырғы.
Бірінші принциппен жасалған қондырғыларда (1.10, 1.11 суреттер) шығаратын зауыттың талабына сай жиналып құрастырылған, бапталып тексерілген трактор қондырғыға орналастырылып жұмыс істетіп сыналады. Сынақ кезінде трактордың негізгі айқындауыштары, сипаттамалары анықталады. Мысалы, тарту сипаттамасы, динамикалық көрсеткіштері, техника-экономикалық айқындауыштары және т.б.