Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 55 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері


Мазмұны
Кіріспе 3
1 Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері 6
1.1 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы 6
1.1.1 Ақша айналыс құралы 7
1.1.2 Ақша төлем құралы 8
1.1.3 Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде 9
1.1.4 Дүниежүзілік ақша қызметі 10
1.1.5 Сонымен түйіндейтін болсақ 11
1.2 Ақшаның қажеттігі және экономикалық мәні 11
1.2.1 Ақшаның түрлері 14
1.2.2 Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі 15
1.2.3 Дүниежүзілік ақша 15
1.3 Ақшаның теориясы мен заңдар жүйесі, ақша айналысының түрлері, элементі, негізгі типтері 16
1.4 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы 19
1.4.1 Ақшаның металдық теориясы 19
1.5 Ақша реформасы 40
1.5.1 Ақша реформасының мазмұны 43
2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша несие саясаты) 47

Кіріспе
Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден-бір шарт және өнім болып табылады.Тауар - бұл сату немесе айырбастау үшін жасалынған еңбек өнімі. Адам еңбегінің өнімі (зат),оны өндірушілердің белгілі қоғамдық қатынастарын тудыра отырып,тауар формасын қабылдайды. Заттардың тауарға айналуы ақшаның пайда болуындағы объективті алғышарттарды құрайды. Бірақ кез келген зат тауар бола алмайды. Егер (нақты еңбекпен белгіленген) тұтыну құны өз сатып алушысын таппаса немесе қоғам тарапынан мойындалмаса, онда оны дайындауға кеткен уақыттың рәсуә болғаны; мұндай бұйым тауарлық формаға ие емес, өйткені оның қоғамға қажеті шамалы. Сондықтан да әрбір тауар қажетті тұтыну құнын алу құралы бола отырып, өзінің өндірушісіне қатынасы бойынша айырбас құны ретінде көрінеді.»Айырбас құн тауарлардың өзінен бөлініп шыққан және олармен бірге өз бетінше өмір сүретін тауар, ол ақша».

1 Ақша теориялары мен заңдар жүйесінің негізгі қызметтері
1.1 Ақшаның қызметтері және олардың қазіргі жағдайдағы дамуы
Ақшаның әрбір қызметі ақшаның тауар айырбастау процесінен туындайтын, тауар өндірушілердің өзара байланысының формасы ретіндегі әлеуметтік-экономикалық маңызының белгілі бір жағын мінездейді. Ақша бес түрлі қызмет атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, қор және қазына жинау құралы, дүниежүзілік ақша.
Ақша құн өлшемі ретінде. Құнның өлшем қызметі тауар өндірісі жағдайында туындайды. Бұл ақшаның барлық тауарлар қаңының өлшемі ретіндегі қабілеттілігін білдіреді, бағаны анықтауда делдал қызметін атқарады. Өзінің жеке құны бар тауар ғана, құн өлшемі бола алады. Бұндай тауар болып өндіруіне қоғамдық еңбек жұмсалған, құнды құрайтын алтын саналады. Яғни, бұл қызметті толық құнды ақшалар атқарады. Ақша еңбек өлшемі - ол жұмыс уақытын емес, осы еңбекпен құралған құнды көрсетеді.
Ақша түрінде көрінетін тауардың құны, оның бағасы болып табылады. Толық құнды ақша айналысы жағдайында алтынның бағасы болған жоқ. Ақшаның өз бағасы болмайды, олардың құны өздерімен анықталуы мүмкін емес. Бағаның орнына ақшалар, кез келген тауарлар санын сатып алу мүмкіндігі бар. Сатып алу қасиетімен ерекшеленеді.

1.1.1 Ақша айналыс құралы
Ақша айналыс құралы қызметінде тауарларды өткізудегі делдал болып табылады.
Тауарлар бір қолдан екінші қолға ауыса отырып, өзінін тұлынушысын тапқанға дейін ақша үздіксіз қозғалыста болады.
Тауар айналысы кезінде, ақша делдал ролін атқарады, ал бұл кездегі сатып алу және сату актісі ерекшеленеді, уақыты мен кеңістігі бойынша сай келмейді. Сатушы, тауарын сатқаннан кейін, басқа тауарды сатып алуға әр уақытта асықпайды. Ол тауарды бір нарықта сатуы, ал басқа нарықтан сатып алуы мүмкін. Делдал ретіндегі ақшаның көмегімен уақыт пен кеңістіктегі өзара сай келмеушілік жойылды.

1.1.2 Ақша төлем құралы
Тауар айналысы ақша қозғалысымен байланысты. Бірақ ақша қозғалысы міндетті түрде тауар қозғалысымен бір уақытта тоғысуы тиіс емес. Ақша құнның еркін формасында көрінеді. Олар өткізу процесін еркін аяқтайды. Ақшаның қозғалысы тауар қозғалысынан ерте немесе кеш жүруі мүмкін.
Егер тауар мен ақшаның қарама-қарсы қозғалысы болмаса, яғни тауар төлем ақы түскенге дейін сатып алынған немесе керісінше болса, онда бұл жағдайда ақшалар төлем құралы қызметін атқарады.бірқатар ақшалай төлемдерді төмендегідей етіп топтатуға болады:

1.1.3 Ақша - қорлану және қазына жинау құралы ретінде
Ақшаның төлем және айналыс құралы қызметтері ақшалай қорлардың құрылуын талап етеді. Ақшаның қорлануының қажеттігі Т - А - Т айналымының екі актілерге Т - А және А - Т айрылуымен байланысты.
Капиталистік қоғамдық формацияға дейінгілер үшін байлықты «таза қазына» формасында жинақтау, яғни ақшаның қарапайым қорлануы тән келеді. Бұл экономикалық дамуға ешқандай да ықпал еткен жоқ, себебі олар шын мәнісінде айналыстан тыс жатқан ақшалар болды. Капитализм тұсында бұл қазыналар несиелік жүйе және қор биржалары арқылы пайда әкелетін капиталға (өнеркәсіптік немесе сауда) айналады. Қазына жинау кызметінің қажеттігі тауар өндірісімен байланысты болды. Айналым капиталын немесе тұтыну заттарын алу үшін ең бастысы ақшаны жинау қажет.

1.1.4 Дүниежүзілік ақша қызметі
Тауар шаруашылығының кеңеюі, шаруашылық байланыстардың интернационалдануы, дүниежүзілік нарықтың пайда болуы дүниежүзілік ақшалар қызметінің пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар интернационалдық құн өлшемі, халықаралық төлем және сатып алу құралы ретінде қызмет етеді.
Бұл қызметті бастапқыда толық бағалы ақшалар (алтын), ал кейіннен нағыз ақшалар (шетел валютасы) атқарды. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін алтынға балап бекітті.

1.2 Ақшаның қажеттігі және экономикалық мәні
Ақшаның өндіргіш күштер мен тауар қатынастарының біршама жоғары дамуы нәтижесінде пайда болғандығы ертеректен бізге белгілі. Ақшаның жаратылысын зерттегендегі басты анық болғаны, ол оның тауарлы шығу тегіне байланыстылығын көрсетеді. Тауар - сатуға немесе айырбастауға арналған еңбек өнімі. Осы еңбек өнімінің тауарға айналуы ақшаның пайда болуының объективтік алғышарттарын туғызған.

1.2.1 Ақшаның түрлері
Ақша өзінің дамуы барысында екі түрге бөлінеді: толық, құнды ақшалар және толық, құнсыз ақшалар.
• Тауарлар және көрсетілетін қызметтер бойынша төлем міндеттемелері;
• мемлекетке катысты қаржылық міндеттемелер;
• банктік несиелер, мемлекеттік және тұтыну несиелері бойынша қарыздық міндеттемелер;
• сақтандыру міндеттемелері;

1.2.2 Ақшаның қор жинау және қорлану қызметі
Ақша жалпыға бірдей балама ретінде, оның иесіне тауар алуды қамтамасыз етумен қатар, байлықты жинау құралы болып табылады. Сондықтан да адамдар оларды жинақтауға немесе қорлануға тырысады. Қорлану үшін ақша айналыстан алынады, сөйтіп тауарды сату және сатып алу қозғалысы үзіледі.
Ақшаның қор жинау қызметін толық бағалы емес ақшалар атқара алмайды, себебі олардың меншікті құны жоқ. Бұл қызметті атқару қашаннан алтынға жүктелген.
Ал ақшаның қорлану қызметін толық бағалы емес ақшалар атқарады. Тауар өндірісі жағдайында қорлану екі формада жүзеге асырылады десе болады:

1.2.3 Дүниежүзілік ақша
Сыртқы сауда байланыстары, халықаралық заемдар, сыртқы серіктестерге қызмет көрсету барысы дүниежүзілік ақшалардын пайда болуына себеп болды. Дүниежүзілік ақшалар жалпыға ортақ төлем құралы, жалпыға ортақ сатып алынатын құрал және жалпыға ортақ қоғамдық байлықтың материалдану құралы болып табылады. Халықаралық төлем құралы ретінде дүниежүзілік ақшалар халықаралық байланыстардағы есеп айырысуларда қолданылады. Халықаралық сатып алынатын құрал ретінде дүниежүзілік ақшалар елдер арасындағы нақты ақшамен төленетін тауарлар және көрсетілетін қызметтер айырбасындағы тепе-теңдік бұзылған жағдайда қызмет етеді. Жалпыға ортақ қоғамдық байлықты құрау ретінде дүниежүзілік ақшалар бір елдің екінші бір елге займ немесе субсидиялар беруі барысында қызмет етеді.

1.3 Ақшаның теориясы мен заңдар жүйесі, ақша айналысының түрлері, элементі, негізгі типтері
Қайта құру кезеңіне дейін «ақша айналымы» мен «ақша айналысы» ұғымдары арасында айтарлықтай шек қойылатын. Ақша айналысы деп қолма-қол ақшаның қозғалысы танылды. Ал ақша айналымы ұғымы одан кең мағына бергендіктен ол қолма-қол және қолма-қолсыз айналым мағынасын сипаттайды. Бұл жағдайда қолма-қол ақша қозғалысы тұрғындардың (халықтың) ақшалай табыстарының бөлінуін қарастырса, қолма-қолсыз ақша өндіріс қаражаттарының бөлінуін қарастырады.

1.4 Ақшаның металдық теориясы және металл ақша айналысы
1.4.1 Ақшаның металдық теориясы
Бұл теорияның өкілдеріне капиталдың алғашқы қорлану кезеңіндегі меркантилистер (Томас Мэн, т.б.) жатады. Оларға қоғамның байлығын ақшамен өлшеуге, сонымен қатар ақшаны бағалы металдармен бірдей деп санау тән болған.

1.5.1 Ақша реформасының мазмұны
Ақша реформасы екі кезеңде жүргізілді. 1922 ж. 25 шілде және 11 қазанда Кеңхалком декретімен Мембанкке 1, 2, 3, 5, 10, 25 және 50 червонец тұрғысындағы банктік билеттерді шығару туралы құқық берілді. Бір червонец соғысқа дейінгі алтын монетадағы (7,74234 г алтын) 10 рублын теңесті. Мембанк червонецтерді кәсіпорындарда вексельдік және тауармен қамтамасыз етілген қарыздар беру арқылы шығарып отырды. Бұл тауар айналысының қажеттілігімен байланысты червонецтерді шығаруға мүмкіндік берді.

2 Қазақстан Республикасының ұлттық ақша жүйесі. (Ұлттық банк қызметі, мақсаттары, міндеттері, ақша несие саясаты)
Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие «банктердін банкі», «соңғы сатыдағы несие беруші» ролін атқарады, ақша-несиелік және валюталық саясатты анықтайды, оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттің Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.