Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары


Мазмұны
Кіріспе 3
І. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымының теориялық негіздері 7
1.1 Ұжымдық таным теориясының педагогикалық-психологилық негізі 11
1.2 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері 13
1.3 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері 18
ІІ. Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық танымдық іс-әрекетінің даму жолдары 25
2.1 Бастауыш сыныпта оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттерін дамытудағы педагогикалық-психологиялық шарттар 26
Қорытынды 33

Кіріспе
Мәселенің өзектілігі.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер әлеуметтік тәжірибені игерудегі,өз мүмкіндіктерін жүзеге асырудағы,өзіндік танымдық қажеттіліктерін іске асырудағы қиындықтарды жеңе отырып тәжірибе жинақтау,бірлесе еңбек теу,қарым-қатынас жасау бірліктеріне ие болу сияқты субьект позицияларын қалыптастыру мүмкіндігімен әрбір оқушыны қамтамасыз ететіндей мұғалім ұйымдастырғанының негізіндегі оқушылардың біріккен іс-әрекеті.
Ұжымдық танымдық іс-әрекеттер белгілі бір дәрежеде оқу материалын меңгеруі,оқу барысындағы «Осал жерлері» жөнінде оқушылардан кері ақпараттарды жедел алу сияқты өзекті мәселелерді шешуге мүмкіндік жасайды,оқушыныңтұлғалық қасиетін өз мәнінде дамыту үшін маңызды шарт болып табылатын қарым-қатынастың жетіспеушілігін азайтады.
Диалектикалық қарама-қайшылықтардың бірлігі мен күресі деп аталатын заңына сәйкес кез-келген нәрсені дамыту процесінде күрес арқылы қарама-қайшылыықтар пайда болады,олай дамытудың қозғаушы күші де,қозғалыс көзі де қарама-қайшылық.

1.1 Ұжымдық таным теориясының педагогикалық-психологилық негізі
Ұжымдық танымдық іс-әрекетті ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық мағынасы әрбір оқушының іс-әрекет субъектісі тәртібімен қамтамасыз етуде, оның өзін-өзі көрсетуіне көмектесуде. Орынды әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылған ұжымдық сипаттағы іс-әрекеттері арқылы психологиялық-педагогикалық қарама-қайшылықтарын шешуге, яғни әрбір оқушыны тұлға ретінде қалыптастырып дамытуға мүмкіндік жасайды.

1.2 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетінің педагогикалық ұйымдастырылуының мүмкіншіліктері
Оқушылардың ұжымдық таным іс-әрекеттері – оқу процесіндегі қарама-қайшылықтарын шешуге, оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға жетістіктері мол. Бұл жөнінде Т.Е.Конникованың және оның шәкірттерінің мектептерде жүргізген зерттеу жұмыстарының нәтижелерінде көрініс тапқан. Бұл зерттеулер сабақ барысында оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытуға көмектесетін ұжымдық танымдық іс-әрекеттердің мол мүмкіндіктерін көрсетіп берді. Ұжымдық іс-әрекеттер негізінде оқушыларда меңгерілетін материалдардың көлемі артып, оларды терең түсінулеріне мүмкіндік жасалады. А.Синицкая зерттеулері ұжымдық іс-әрекеттерін ұйымдастырудың мүмкіндіктерін іске асырудың жоғары сатысы бірін-бірі екеніндігін айқындады, өйткені ол оқушыға оқу барысында белсенділік және ізденімпаздық танытуға мүмкіндік туғызады.

1.3 Бастауыш сынып оқушыларының ұжымдық таным іс-әрекетін қалыптастырудың психологиялық аспектілері
Оқушының ғылым негіздерін оқып-үйренуге және оларды өмірде қолдана білуге қажетті қабілеттері оқу іс-әрекеті үрдісінде қалыптасады. Оқушының танымдық және шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оның іс-әрекетін белсенді ету жұмысын ұйымдастыру керек. Оқушының жан-жақты дамуы тек ұжымдық таным іс-әрекеттер негізінде жүзеге асады және мақсатты болады.
Кез келген адамға тән әрекет болады. Сондай-ақ оқушы танымдық іс-әрекеті негізінде мыналар әрекеттер жасайды: білім алады, қосымша әдебиеттер оқиды, тапсырмалар орындайды, есептер шығарады, рефераттар жазады т.б. Осы әрекеттердің барлығы психикалық үрдістер түрінде көрініс береді: сезіну, қабылдау, ойлау, еске түсіру, көз алдына елестету т.б. оқушының танымдық іс-әрекетін оқу үрдісінде белсенді ету – оның ойлау қабілетін күшейту.