Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 35 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Валюталық бағам және оның экономикадағы орны


Жоспар
Кіріспе 3
1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ 5
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері 5
1.2 Валюталық бағам және төлем балансы 11
2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ 19
2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер етуші факторлар 19
2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз үшін маңызы 23
Қорытынды 32
Қолданылған әдебиеттер 35

Кіріспе
Жалы экономиканың қызмет етуі бұл елдер арасындағы экономикалық және сауда, қаржы қатынастарына тікелей байланысты. Осы аталған қатынастардың жүзеге асуы негізінен валюталық нарыққа немесе валюталық бағамға тиесілі. Яғни, экономиканың негізі ақша немесе қаржы болса, әлемдік әр елдің ақша бірлігінің бір-біріне деген арасалмағын айқындау көрсеткіші валюталық бағамға жүктеледі. Сондықтан, қай-қайсы елдің валюталық жүйесінің маңызды элементі валюталық бағам болып табылады. Себебі, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбір елдердің валюталары құнының арақатынасы өлшемін талап етеді.

Осыған орай курстық жұмыс тақырыбын «Валюталық бағам және оның экономикадағы орны» деп алдым. Бұл тақырыпты жазудағы негізгі міндеттеріме мыналар жатады:
- Валюталық жүйенің түсінігін анықтап, оның пайда болуының себептерін талдау және оның мәнін ашу;
- Валюталық жүйенің маңызды элементі ретінде валюталық бағамның оның экономикалық маңызы мен мәнін ашу;
- Валюталық бағамға әсер етуші факторларды талдау және оның экономиканың тиімді әрі тұрақты дамуына қосар үлесін атап өту;
- Валюталық бағамды реттеуге байланысты операцияларды талдау және оның еліміздегі жүргізілу барысын көрсету болып табылады.

1 ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЕГІЗГІ ЭЛЕМЕНТІ РЕТІНДЕ ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ МАҢЫЗЫ МЕН РӨЛІ
1.1 Валюта жүйе және оның негізгі элементтері
Валюта ( италиян сөзі , сөзбе - сөз – құн ) – елдің ақша бірлігі , оның шартты түрі, халықаралық төлем есеп айырысу айналымының каналдары арқылы ұлттық ақшаларды қолданудың ерекше формасы.
Шаруашылық жағдайларын интернационалдыру және әлемдік еңбек бөлінісін интенсивтендіру халықаралық нарықтың құрылуына себепші болды. Өндіріс күштерінің дамуымен ішкі рыноктағы өркендеген салалардың өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын жетілдіру – міне осылардың бәрі әлемдік сауда саттық байланыстардың кеңеюіне әсер етті.
Әлемдік шаруашылық байланысы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара қарым қатынастардың тереңдеуі және осы елдердің экономикалық жағдайын анықтайтын барлық факторлардың өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен бағаның өсу қарқынына үлкен әсер етті. Әлемдегі елдердің қарым – қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие иегі жылдан – жылға ұлғая түсуде. Ұлттық қоғамдағы ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар айналымы тұрақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы саналады. Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел валютасы қолданылады.
Елдердің әлемдік шаруашылыққа интеграциялауына ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына және керісінше айналуын туындатады. Ол халықаралық валюта есеп айырылысу және несие – қаржы қатынастарында жүзеге асады.

1.2 Валюталық бағам және төлем балансы
Жоғарыда айтқанымыздай валюта жүйесінің маңызды элементінің бірі валюта бағамы болып табылады. Себебі, халықаралық экономикалық қатынастар дамуы әрбір елдердің валюталары құнының арақатынасы өлшемін талап етеді.
Валюта бағамының өлшемі төмендегі жағдайлар үшін қажет:
• Тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық сауда барысында өзара айырбастау, капиталдар мен несиелердің қозғалысын реттеу үшін, экспорттаушы шетелдік валютадағы түсімін ұлттық валютаға айырбастауда, импорттаушы шетелден сатып алған тауар бағасын өтеу үшін шетелдік валютаны алу кезінде, валюталармен өзара байланыстардың қажеттілігінен;
• Дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарды бейнелеген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыру негізінде;
• Банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы есеп-шоттарын уақытылы қайта бағалап отыруына байланысты.

2 ВАЛЮТАЛЫҚ БАҒАМНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕТТЕУ
2.1 Экономикадағы валюталық бағамның орны және бағам өзгерісіне әсер етуші факторлар
Валюталық бағам – шетелдің ақша бірлігіне шаққандағы бір елдің ақша бірлігінің бағасы. Сол бойынша экспорттаушы саудадан түскен шетел валютасын ұлттық валютаға ауыстырады. Басқа елдің валюталары сол мемлекеттің аумағында заңды және төлем құралы ретінде қолданылмайды. Өзге елден сатып алынған тауарға төлеу үшін импорттаушы ұлттық ақшаны шетел валютасына алмастырады. Берешектерін өтеуді және сыртқы заемдар бойынша пайыздарды төлеуді мақсат еткен борышқор шетел валютасын ұлттық ақшаға айырбастайды.
Валюталық жүйенің негізгі элементтерін қарастыру үшін оларды ұлттық және халықаралық деңгейлерге жіктеуге тура келеді. Осыларға жеке тоқталып, олардың элементтерінің қызмет етуіндегі байланыстары мен ерекшеліктерін қарастырайық.
Валюталық жүйенің маңызды элементтері – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетілген қызметтердің халықаралық барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттілігінен:

2.2 Ұлттық валюталық жүйе және валюталық бағамды реттеп отырудың еліміз үшін маңызы
Валюталық жүйенің маңызды элементтері – валюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлармен көрсетілген қызметтердің халықаралық барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара байланыстардың қажеттілігінен: дүниежүзілік және ұлттық нарықтағы бағаларды, сондай-ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарды бейнелеген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға банктер мен формалардың шетел валютасындағы шоттарын уақытылы қайта бағалап отыра байланысты негізделеді.
Валюталық бағам валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді. Валюталық бағамның қажеттігі:

Қорытынды
Қорыта келгенде, валюталық бағам дегеніміз – бұл бір елдің ақша бірлігінің басқа бір елдің ақша бірліктеріне бейнеленген бағасы. Әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру оларды өндіріс және айырбас процесінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді. Валюталық бағамы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етуші көптеген факторларға байланысты өзгереді.
Өз кезегінде валюталық бағам валюталық жүйенің маңызды элементі болып табылады. Валюталық жүйе дегеніміз - ұлттық заңдылықтарымен немесе мемлекет аралық келісім шарттарымен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді.

Қолданылған әдебиеттер
1. «Валюталық реттеу туралы» Қ.Р –ның заңы // 24.12.1996.
2. «Қ.Р-да ұлттық валютаны енгізу туралы» Қ.Р. Президентінің заң күші бар жарлығы // 12.11.1993.
3. «Қ.Р-ның ақша жүйесі туралы» Қ.Р-ның Заңы // 13.12.1996.
4. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы : Экономика, 2001, - 466 б.
5. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.
6. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / «Ақша айналысы және несие» – Алматы, Қазақ университеті, - 2000ж.
7. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: «Экономика» 2000ж.
8. Байгісиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 302 бет.