Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 76 стр.

Полный просмотр работы

Кеден бақылауы

МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ 3
1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ
ҚАЖЕТТІЛІГІ 6
1.1 Нарықтық экономикада кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты 6
1.2. Кеден бақылауының аймағы 10
1.3 Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi 22
2 ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ТАУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 32
2.1 Жеке тұлғалармен тауарларды тасымалдау тәртібі 32
2.2 Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды оңайлатылған және жеңілдетілген тәртіппен кедендік рәсімдеу 37
2.3 Жеке тұлғалармен тауарларды уақытша әкелу және әкету 42
3 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА БОЛЫП ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР 49
ҚОРЫТЫНДЫ 72
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 75

КIРIСПЕ
Қазақстан Республикасы өз тәуелсiздiгiне оңайлықпен жете қойған жоқ. Бұл мәселе мені әрқашан , әр кезде ойландырады. Себебi, ең бiрiншi - тарих алдындағы парыз, екiншi - елдiң азаматы ретiндегi мiндет. Дипломдық жұмысымның кеден бақылауы деп аталуы да тұңғиық тарих топырағына жетелейдi. Көздi Шыңғысхан дәуiрiне жүгiртсек кеден бақылауына ұқсас шекарадан тауарлар алып өту кезiнде алынатын барымта мен тамгалар еске түсерi анық. Кеңес Өкiметi билiк құрған тұста елдiң кедндiк жүйесi тiкелей Мәскеуге бағынды. Сондықтан бұл Қазақстан кеденiнiң тарихындағы "ақ дақ" ретiнде бейнелендi. Бұдан бiз еш ұтпағанымыз айтпаса да түсiнiктi.

Бұл мақсаттарға жету үшiн келесi мiндеттер қойылып отыр:
- қазiргi уақыттағы Қазақстан Республикасының кеден бақылауын ұйымдастыру барысы;
- Қазақстан Республикасының кеден бақылауы саласында негiзгi ұйымдастырушылық жұмыстарды жүзеге асырудың жағдайы;
- Қазақстан Республикасының кеден бақылауында техникалық құралдарды қолданудың жолдары және негiзгi туындайтын мәселелер;
- кеден бақылауы саласында кейiнгi 10 жыл iшiнде болған мәселелер, өзгерiстер мен енгiзулер;
- кеден бақылауында халықаралық қатынастарда болып жатқан мәселелер;
Дипломдық жұмысты орындау кезiнде заңдық, нормативтiк актiлер, әдiстемелiк сiлтемелер мен нұсқаулар, отандық және шетел ғалымдарының ғылыми еңбектерi қолданылды.

1 НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАДА КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНЫҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ
1.1 Нарықтық экономикада кеден бақылауын жүргiзудiң сипаты
Кеден бақылауы дегенiмiз - кедендiк заңдылықтарды бұзылудан сақтау мақсатымен жүргiзiлетiн мемлекеттiң кедендiк шекарадан өткiзiлетiн тауарларды, көлiк құралдарын, жеке тұлғаларды тексеру арқылы жүзеге асырылатын кедендiк лауазымды тұлғалардың қызметi.
Қазақстан Республикасының кеден кодексiнiң 12 бөлiмiнiң 56, 57, 58, 59, 60, 61 және Қазақстан Республикасының кеден кодексінің 13 бөлiм 62, 63 тарауларында кеден бақылауы толық көрiнiс табады.
Кеден бақылауы мынандай қағидаларға сүйенедi:

1.2. Кеден бақылауының аймағы
Қазақстан Республикасының кеден органдарының орналасқан, кедендiк рәсiмдеу орындарында кедендiк бақылау мақсатын жүзеге асыру кезiнде кеден бақылауының зонасы құрылады. 2002 жылғы 15 ақпандағы № 50 Қазақстан Республикасының Кiрiс Министiрлiгiнiң Кеден Комитетiнiң бұйрығымен бекiтiлген кедендiк бақылау зонасын құру және белгiлеу тәртiбi туралы ережеде: "кедендiк бақылау зонасын тануға негiз болып- еркiн қойма, кедендiк қойма, уақытша сақтау орнын тану туралы шешiм; кеден органының орналасқан орны туралы регистрациялық құжаттар, кеден органының кедендiк рәсiмдеу орындау белгiлеу туралы шешiм, сонымен қатар аэропорт, порт, темiр жол станцияларында құру туралы шешiм, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң халықаралық өткiзу пунктерiнiң ашылу туралы шешiмi табылады ".

1.3 Кеден бақылауын жүргiзудiң нысандары мен тәртiбi
Кедендiк бақылаудың нысандары:
1. Кедендiк декларацияны, құжаттар мен мәлiметтердi тексеру;
2. Ауызша пiкiр сұрау;
3. Түсiндiрмелер алу;
4. Кедендiк қадағалау;
5. Тауарлар мен көлiк құралдарын тексеру;
6. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендiк тексерiп қарау;
7. Жеке тексеру;

2 ҚАЗАҚСТАН РСЕПУБЛИКАСЫНЫҢ КЕДЕНДІК ШЕКАРАСЫ АРҚЫЛЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРМЕН ТАУАРЛАРДЫ ТАСЫМАЛДАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1 Жеке тұлғалармен тауарларды тасымалдау тәртібі
Қазақстан Республикасына әкелуге немесе Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынғандарын қоспағанда, өндірістік немесе өзге де кәсіпкерлік қызметке арналмаған тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген шарттар мен нормалар сақталған жағдайда, жеке тұлғалар осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіпте Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген салмақтық және құндық нормалардың шегіндегі, оларға қатысты жеңілдетілген тәртіп көзделмеген тауарларды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы осы тарауда көзделген оңайлатылған тәртіппен өткізеді.
Шетел мемлекеттерінде үздіксіз болу мерзімі алты айдан асатын Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі жеке құрамының Қазақстан Республикасының шетелдік мекемелеріндегі жұмысының аяқталуына орай, келген елiнен жеке пайдалануға арналған тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік аумағынан тысқары жерде бүкіл жұмыс істеу кезеңі ішінде алған жалақы сомасының шегінде кедендік баждар төлеместен әкелуге құқығы бар.
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің оңайлатылған немесе жеңілдетілген тәртібі көзделмеген тауарларға кедендік ресімдеудің осы Кодекспен белгіленген жалпы тәртібі қолданылады.

2.2 Жеке тұлғалармен тасымалданатын тауарларды оңайлатылған және жеңілдетілген тәртіппен кедендік рәсімдеу
Тауарларды Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізудің жеңілдетілген тәртібі, осы бапта көзделген шараларды қоспағанда, кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатуды және тарифтік емес реттеу шараларын қолданбауды көздейді. Жеңілдетілген тәртіппен өткізілетін тауарларды декларациялауды жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы олардың жүруі кезінде, Қазақстан Республикасының Кедендік Кодекстің 265-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарларды бір мезгілде ауызша немесе конклюденттік нысанда кеден органына табыс ете отырып жүзеге асырады.

2.3 Жеке тұлғалармен тауарларды уақытша әкелу және әкету
Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің шетелдік мемлекетте уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкете алады. Тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тауарларды Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерлерде тұрақты тұратын жеке тұлғалар өздерінің Қазақстан Республикасында уақытша болуы мерзіміне кедендік төлемдерден, салықтардан толық босатыла отырып және тарифтік емес реттеу шаралары қолданылмастан уақытша әкеле алады. Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының кедендік аумағына жеке тұлғалар уақытша әкелетін тауарлардың жекелеген санаттарына қатысты жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелудің шектелген мерзімдерін белгілеуі мүмкін. Жеңілдетілген тәртіппен уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар, осы тауарлардың өткізілуіне қатысты ауызша декларациялау көзделген жағдайларды қоспағанда, жолаушылардың кедендік декларациясын толтыру жолымен жазбаша нысанда декларацияланады. Уақытша әкелінетін және уақытша әкетілетін тауарлар табиғи тозудың немесе табиғи кемудің салдарынан болатын өзгерістерден басқа, өзгеріссіз күйінде қайта әкетуге және қайта әкелуге жатады. Тауарлар кез келген кеден органы арқылы қайта әкетілуі және қайта әкелінуі мүмкін. Қайта әкетілетін және қайта әкелінетін тауарлар әкету және әкелу кезінде тиісінше ресімделген жолаушылардың кедендік декларациясында бұл тауарлар туралы мәліметтер болған жағдайда кедендік төлемдерден, салықтардан және тарифтік емес реттеу шараларын қолданудан босатылады.

3 КЕДЕН БАҚЫЛАУЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРДА БОЛЫП ЖАТҚАН МӘСЕЛЕЛЕР
Халықаралық қатынас субьектiлерi мемлекетiмiздiң кеден шекарасынан өткен кезде ең бiрiншi Қазақстан Республикасы кеден қызметiнiң кедендiк бақылауынан өтедi. Осы кедендiк бақылау жүзеге асырылып жатқан кезде көптеген мәселелер мен қиыншылықтар туындайды. Бұл мәселелердiң себебi өздерiңiз бiлетiндей Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң әлi әлсiз екенi бәрiңiзге мәлiм. Бiрақ осындай мәселелер туындаған жағдай да бiздiң республикамыз басқа мемлекеттерден көмек сұрауға мәжбүр болады. Ал дәл қазiргi уақытта елiмiз экономикасы дамыған мемлекеттермен тығыз байланыс пен қарым-қатынас жүргiзуi арқасында, көптеген бiрлескен бағдарламалар қалыптасып жатыр. Сол бағдарламалардың мыналар жатады:

ҚОРЫТЫНДЫ
Кеден қызметi - елiмiздiң экономикасының өсуiне, өркендеуiне және нығаюына үлкен үлесiн қосады деп айтуымызға бiрден-бiр болады.
Қазiргi таңда сыртқы сауданың кең етек жаюына байланысты Қазақстан Республикасының кеден қызметiндегi кеден бақылауы кәсiпкерлер, өндiрiс басшылары және Сыртқы экономикалық қатынас қатысушыларының арасында үлкен қызығушылық тудырып жатыр. Өйткенi осы субьектiлер өз қызметтерiн жүзеге асыру барысында кеден бақылауымен бетпе-бет кездеседi.
Кеден бақылауының екi жаққа да тиiмдi болуы, яғни мемлекет пен Сыртқы экономикалық қызмет қатысушылары арасында тиiмдi болуы мынадай жағдайларға әкелiп соғады:

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Нормативтiк-құқықтық актiлер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы, 1995 жыл 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Кеден кодексi. Астана 5 сәуiр 2003 жыл. № 401-11 ҚРЗ "Егемендi Қазақстан" 11.04.03 жыл. № 102-104 (24042-24044).
3. Қазақстан Республикасының Кеден бақылауы: нормативтiк актiлер жиынтығы. Алматы: ЮРИСТ 2002 жыл.
4. 2004-2006 жылға Қазақстан Республикасының кеден қызметiнiң дамуы бағдарламасы. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 3 қазан 2003 жыл, №1019.
5. 01.01.2004 - 11.10.2004 жылдың Қазақстан Республикасы кеден органдары қызметiнiң негiзгi көрсеткiштерiнiң анализi. "Азия-экономика и жизнь" 2003 жыл, № 11, 03-13 беттер.
6. Казахстан в цифрах. Статистический сборник. Қазақстан Республикасының статистика бойынша агенттiгi. Алматы; 2004 жыл.
7. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексi. 1997 жыл.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2002 жылғы 6 қыркүйектегi № 981 қаулысымен бекiтiлген "Қазақстан Республикасының Кедендiк бақылау агенттiгi туралы ереже".
9. "Контрабанда үшiн қылмыстық жауапкершiлiк жөнiндегi заңдарды қолдану тәжiрибесi туралы" Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты пленумының 1997 жылғы 18 шiлдедегi № 10 қаулысы.
10. Қазақстан Республикасы Үкiметi мен АҚШ Үкiметi арасындағы "Орталық-Азиядағы қауiпсiздiк инициативасы шеңберiндегi " бағдарламалар. 1992 жыл 20 мамыр.
11. ҚР КМ КК "ҚР кеден шекарасы арқылы автомобиль құралдарымен тауар алып өту кезiндегi кеден нарядының бақылау жүргiзу ережесi туралы" бұйрығы. 2001 жыл 15 ақпан № 50.
12. "Қазақстан Республикасының Экспорттық бақылау туралы" заңы. 1996 жыл 18 маусым. № 9-1.
13. "Қазақстан Республикасының Валюталық реттеу туралы" заңы. 1996 жыл 24 желтоқсан. № 54.
14. Кедендiк ресiмдеу. Нормативтiк актiлер жиынтығы. 2002 жыл.
15. Кедендiк режимдер. Нормативтiк актiлер жиынтығы 2002 жыл.
Басқа да әдебиеттер:
16. М.А.Сәрсенбаев "Қазақстан Республикасының кеден iсi құқығы" Алматы: Данекер 2001 жыл.
17. Д.М.Мадиярова "Кеден iсiн ұйымдастыру және басқару" Алматы: Экономика 2001 жыл.
18. Н.Ш.Шеримова "Таможенное право (в схемах)" Алматы: Данекер 2003 жыл.
19. Н.А.Голощапов "Таможенный контроль" Москва 2000 жыл.
20. Д.С.Жақашев "Кеден органдарының құқықтық мәртебесi: теориясы мен практикасының мәселелерi" Алматы 2004 жыл.
21. В.Г.Драганов "Кеден iсiнiң негiздерi" Мәскеу: Экономика 1998 жыл.
22. Е.Вибол "Кедендiк тексерiстiң органдары" Алматы 1999 жыл.
23. Д.Серко "Импорттың тәжiрибесi және халықаралық сауда". Нью-Йорк 1985 жыл.
24. С.Т.Алибеков "Кеден құқығы" Алматы 1999 жыл.
25. С.Р.Ушурова "Қазақстан Республикасындағы кеден iсiнiң негiздерi" Алматы 1998 жыл.
26. Р.Б.Жакупова "Казахстан и ВТО" 1-2 том, Алматы: Данекер 2002 жыл.
27. Таможенный вестник - журнал. №2 1998 жыл.
28. Таможенный вестник - журнал. №7 2001 жыл.
29. Таможенный вестник - журнал. №1 2003 жыл.
30. Кеден iсiнiң сөздiгi.