Қазақстанның Ресейге қосылуы және оның саяси-құқықтық салдары
Жоспар
1 Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси – құқықтық мәселелері 3
2 Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы 4
3 Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Устав 5
4 Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824ж. Орынбор қырғыздары туралы Устав 6
5 Кенесары Қасымұлының хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар 7
Әдебиеттер 9
1 Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси – құқықтық мәселелері
Қазақ хандықтарының Ресейге қосылуының саяси – құқықтық мәселелері. Кіші жүздің ханы Әбілхайыр 1726ж. Ордабасыдағы бүкілқазақтық жиында қазақ әскерлерінің қолбасшысы болып сайланды. Әбілхайыр хан Ресейге арқа сүйеп өз позициясын нығайтпақ болып Ресей патшасы Анна Иоановнаға жасырын хат жазды. Әбілхайырдың бұл әркетіне жоңғарлардың үздіксіз шабуылы да түрткі болды.
1731ж. 19 ақпанда патша Анна Иоановна Кіші жүздің Ресейдің қол астына кіргені туралы грамотаға қол қойды. Содан кейін қазақ даласына А.И. Тевкелев бастаған патшаның елшілігі шығып 1732ж. 10 қазанда Әбілхайыр хан және 27 сұлтан, батырлар Кіші жүздің Ресейге қосылуы туралы заңды актіге қол қойып, ант берді. Осы жылы 21 қарашада тағы да 30 рубасы ант берді.
2 Бөкей хандығының саяси-құқықтық жағдайы
Ол Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болған соң 1771ж. Абылай хан (1711-1781) болып сайланды. ХУШғ. 50ж. Абылайдың басшылығымен қазақ жерлері жоңғарлардан түгелдей азат етілді. Абылайдың әскерлері Қазақстанға басып кірген қытай басқыншыларының бетін қайтарды. Абылайдың басшылығымен Оңтүстік қазақстан жерлері Қоқан басқыншыларынан азат етілді.
Абылай орталық хан билігін күшейтті. Рубасы сұлтандар мен билердің билігіне шек қойып, өзіне бағындырды. Бағынбаған сұлтандарды, билерді, старшындарды Абылайдың төлеңгіттері талқандап отырды. 1781ж.
3 Орта жүзде хандық биліктің жойылуы. 1822 ж. Сібір қырғыздары туралы Устав
Кіші жүздегі ХУШғ. Соңындағы шаруашылық-саяси дағдарысқа, жайылым мәселелерінің күрделеніп кетуіне байланысты қазақтардың көптеген топтары Орал мен Жайық аралығының төменгі бойына көшіп барып 1801ж. Бөкей хандығын құрды. Оған император Павел І келісім берді. 1812ж. Бөкей сұлтан орданың ханы болды. Ол қайтыс болған соң (1815) уақытша регент Шығай болып, 1823ж. патша Жәңгірді хан етіп бекітті және ол соңғы хан болды.
Бөкей хандығы патша өкіметінің әкімшілік бірлігі болып саналды. Хан ішкі мәселелерді Орынбор әкімшілігімен келісіп шешті. Ханның біршама ішкі дербестігі болды. Ол дербестік қаржы- салық, жер бөлу, рулық- территоиялық басқару, халықты шаруашылық жағынан орналастыру түрінде жүзеге асты.
4 Кіші жүзде хандық биліктің жойылуы. 1824ж. Орынбор қырғыздары туралы Устав
Патша өкіметі Қазақстанды отарлауды тереңдете түсті. Үкімет алдымен Орта жүздегі хандық билікті жоюды көздеді. Орта жүзде Бөкей (1817) және Уәли хандар (1819) қайтыс болған соң жаңа хан сайлауға Патша өкіметі тұрығысынан жол берілмеді. Батыс Сібір губернаторы М.М. Сперанский “Сібір қырғыздары туралы Устав” атты құжат жасады. Осы Устав негізінде Орта жүзде хандық билік жойылды.
5 Кенесары Қасымұлының хандығының саяси құрылысы және ондағы реформалар
Орта жүзден соң патша үкіметі іле –шала кіші жүзде хандық билікті жоюға кірісті. Орынбор генерал-губернаторы П.Эссен “Орынбор қырғыздары туралы Уставын” жасады. Ол 1824ж. азиялық комитетте бекітілді. Кіші жүзде хан билігі жойылды. Кіші жүз үш бөлікке бөлінді: Шығыс, Орта және Батыс. Әр бөлікті сұлтандар басқарды және олар патша өкіметінің шенеунігі болды. Билеуші-сұлтандардың 100-200 адамнан тұратын әскері болды.