Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Экономика саласын дамытуда қазақстанның халықаралық ұйымдармен байланысы

Қазақстан БҰҰ қызметіндегі саяси мәселелерді, әсіресе ядролық қауіпсіздікпен байланысқан сұрақтарды шешуге белсенді түрде қатысуда. Сонымен бірге Қазақстан еуразиялық кауіпсіздікті нығайту саласында мақсатты бағытталған жұмыстарды жүргізіп жатыр. Қазақстан өкілдерінің БҰҰ-ның көмекші органдарындағы жұмысы күн санап кеңеюде. Соңғы жылдардың өзінде Қазақстан ел орналасқан жерлер бойынша Біріккен Ұлттар Ұйымының экономикалық және әлеуметтік одағы комиссиясының және ақпарат бойынша комитеттің мүшесі болды. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасы мемлекеттермен түрлі келісімдер мен конвенциялар қатарына қатыстыру ұсыныстары қарастырылып жатыр. Халықаралық үкіметаралық ұйымдар қазіргі халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқарады. Халықаралық ұйымдардың бұл категориясының маңыздылығы олардың жұмысына мемлекеттер мен үкіметтердің ресми түрде қатысуында болып отыр.

Халықаралық қайта құру және даму банкі ұзақ мерзімді қарызды оның мүше елдерінің Үкіметтеріне немесе Үкіметтің кепілдігімен жеке ұйымдарға береді және олардың жүзеге асырылуын қадағалайды. Алушы елдер банктің кепілдемесін орындауға қарызды жұмсаудың есептерін және керекті мағлұматты беруге міндетті. 1994 жылдан бері ХҚДБ 16 Қазақстандық жобаларды жалпы сомасы 1,6 млрд. долларға қаржыландыру туралы шешім қабылдады. Қазіргі кезде бұл соманың 825 млн. доллары игерілді. Соңғы уақытта банк басшыларының Кеңесі Қазақстан бойынша тағы екі жобаны қолдады. Олардың бірі 15 млн. долларға шаруа қожалықтарына пост жекешелендіруге көмек көрсету.

Қазіргі кезде ЕҚДБ Қазақстан экономикасын дамытуға 420 млн доллар ақша салды және қосымша 200 млн долларды экономикалық дамудың эр түрлі бағдарламаларын қаржыландыруға дайын. ЕҚДБ басқа тағы 15 банк қаржыландыратын Қарметкомбинатты қайта құруды жалғастыру үшін 225 млн доллар көлеміндегі синдицияланған несие туралы жаңа келісімге қол қойылды.