Мұхаммед Хайдар Дулати
ЖОСПАР
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ 3
ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР 5
ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР 7
КАБУЛ.. 1509—1512 ЖЫЛДАР 8
МҰХАММЕД ХАЙДАР ДУЛАТИ
Қазақ ғылымымен мәдениетінің қалыптасуына өлшеусіз үлес қосқан майталман ғалым, халкымыздыц тұңғыш тарихшысы Мухаммед Хайдар Дулати (Хайдар Дулат). Енді ғана есін жиып, тәуелзіздігін жариялағаннан кейін өткеніне үніле бастаған елдің тарихының өшкенін тауып, қайнар бастауын зерттеп-білу Хайдар Дулатисыз мүмкін емес. Күні бүгінге дейін Қазақстан мен Орта Азия елдерін зерттеушілердің, тіптен туркі тектес халықтардың мәдениетін зерделеген европалық ғалымдардың қай-қайсысын алсак та, оған жүгінбей,еңбегіне соқпай кете алмайды.
ТАШКЕНТ —БҰХАРА. 1499—1508 ЖЫЛДАР
Мухаммед Хайдар 1499 жылдың осындай қиын-қыстау күндерінің бірінде Ташкент қаласында Мұхаммед Хусайын Дулатидің (?-1508) отбасыңда дүниеге келді. Мұхаммед Хұсайын ұлына жоғарыда айтылғандай өз әкесі Мұхаммед Хайдар Дулатидің атын берген. Өйткені Әбу Бәкір Дулати Қашғариядан қуып жіберген Мухаммед Хайдар Дудати ол кезде тірілер санатында жоқ еді.
Хайдар мырзаның әкесі Мухаммед Хұсайын да жастайынан билікке араласқан. Оның үстіне есейіп, оңы мен солын таныған кезде Моғолстанның билеушісі Шағатай ханның ұрпағы Жүніс ханның (1415—1487) кіші қызы Хуб Нигар ханымға үйленеді.
ҚАЛА-И ЗАФАР. 1508—1509 ЖЫЛДАР
Шайбандардың құрығы жете қоймаған жерлердің бірі таулы Бадахшан мен оның астанасы Қала-и зафар болатын. Әмір Темір ұрпақтарының асуы киын таулар ортасындағы иелігі болған осы шаһар — «Қала-и зафар», яғни «Жеңіс қаласы» деп тектен-текке аталмаған-ды. Соңғы жылдары ол Сұлтан Махмұт мырзаның Хан мырза, кейде бірак Мырза хан деп те аталып кеткен. 9жасар Хайдар мырза, сөйтіп жауға оңай алдыра қоймайтын.
КАБУЛ.. 1509—1512 ЖЫЛДАР
Арып, ашып жол азабын көріп барған Хайдар мырзаны Бабыр жақсы қарсы алған.Бауырына басып жас мырзаның басынан сипап, бетінен сүйіп өз баласындай көрген еді. Әйтпесе Бабырдың өзі де қиын жағдайды бастан кешіп жатқан-ды. Қабулға келіп коныстанғанымен іштен шыққан дұшпандары мен ізіне түскен жауларының оны жан-жақтан аңталап тұрған кезі болатын. Соған қарамай, Бабыр жас бөлесіне қолынан келген жақсылығын аямаған. Кейінірек Бабыр ол жайлы: «Жүніс ханның үшінші қызы — Хуб Нигар ханым. Оны Мұхаммед Хұсайын... Дулатқа атастырған. Одан ол бір қыз, бір ұл көтерді. Қызын Убайд хан (Убайдаллаһ хан,,Мұ¬хаммед Шайбанидың немере інісі, 1539 ж. қ. б.— Ә. Д.) алды..Мен Бұхара мен Самарқанды басып алғанымда, ол орнын ауыстырмай сонда қалды. Оның немере ағасы Сейіт Мухаммед мырза маған Саид ханнан елші болып, Самарқанға келгенде, ол соған еріп кетті. Кейін оған сұлтан Сайд хан үйленді.
Мұхаммед Хайдардың өмірі мен шығармашылығын орта мектеп пен жоғары оқу орындарының тарих пен әдебиетке қатысты пәндеріне жеке тарау ретінде болса да кіргізе беру керек-ақ. Алматыдағы үлкен көшелердің біріне ғалымның атын беріп, оған ескерткіш қойылса да артық емес. Тарих пен филология, шығыстану факультеті студенттеріне арнап Мухам¬мед Хайдар Дулати атындағы стипендиялар тағайындау да қажет. Хайдар мырзаның мүшел тойы қарсақында деректі фильм түсіріп, халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізуді де жоспарлау керек.