Монополия түсінігінің негіздері
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Монополия түсінігінің негіздері 4
1.1 Монополия және оның түрлері 4
1.2 Монополиялық билік 6
1.3 Монополистің өнім көлемін белгілеуі 8
1.4 Монополиялық биліктің көрсеткіштері 13
1.5 Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері 14
1.6 Жетілмеген бәсеке нарығының ысыраптары 17
1.7 Монополияға қарсы саясаттың негізі 18
2 Мемлекеттің бәсеке нарығындағы монополияға қарсы саясаты 22
2.1 Монополияға қарсы қолданылатын заңдар мен ережелер 22
2.2 Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары 25
Қорытынды 27
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 29
Кіріспе
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны болып табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
Монополиялық өндірісте ірі фирмалардың жұмыс істеуі тиімді, себебі ірі өндірістің шығындары ұсақ өндірістің шығындарынан гөрі төмен болатыны практика жүзінде дәлелденген. Мысал ретінде табиғи монополияны айтуға болады.
1 Монополия түсінігінің негіздері
1.1 Монополия және оның түрлері
Монополия (грек - mono - жалғыз, polіo - сатамын) жеке өндіруші тауар рыногын бақылап және сол рынокта үстем орын алған кезде пайда болады.
Монополияның мақсаты - рынокта баға мен өндіріс көлемін бақылау арқылы мүмкін болатын жоғары табыс алу. Мақсатқа жету құралы болып орташадан жоғары пайданы қамтамасыз ететін монополиялық баға құрылуын ұсынады.
Монополия бірнеше компаниялардың қосылуы арқылы құрылады және мынадай ұйымдық формалары бар:
1.2 Монополиялық билік
Нарық құрылымының ерекшеліктерін сипаттайтын ең басты көрсеткіштердің бірі, осы қарастырылып отырған нарықтағы фирмалардың саны боп табылады. Жетілген бәсекелес нарығында тауарды сатушылар және сатып алушылар саны өте көп болады, сондықтан олардың әрқайсысы жеке түрде тауардың нарықтық бағасына әсер ете алмайды. Тауардың бағасы нарықтағы сұраныс пен ұсыныс арасындағы байланыс арқылы анықталады. Осының салдарынан тұтынушылар мен сатушылар жетілген бәсеке нарығында тауардың бағасын тұрақты деп және өздерінің бақылауынан тыс деп қабылдайды. Өнім өндірушілердің басты мақсаты пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу, сондықтан олар әрдайым ұтымды өнім көлемін анықтауға ынталанады.
1.3 Монополистің өнім көлемін белгілеуі
Монополистің өнім шығарушы ретінде бәсекелес фирма сияқты өндіріс мақсаты — пайданы ең жоғары деңгейге жеткізу болып табылады. Монополист жалғыз өндіруші болғандықтан, нарықтық жағдайды толығымен бақылап, өз шешімі бойынша тауардың нарықтық бағасын белгілей алады. Монополистің сұраныс қисығының бұрыштық коэффициенті теріс сан болады. Сондықтан да, монополист төменгі бағаны белгілей отырып, өнімнің мөлшерін нарықта арттыруы мүмкін. Монополист тауар бірлігінің бәріне бір баға белгілейтін болғандықтан, тауардың бағасы монополистің орташа түсімін көрсетеді. Демек, монополиялық фирманың сұраныс қисығы орташа түсімінің де қисығы боп табылады. Өнім бірлігінің бағасы монополиялық жағдайда өзгермелі шама болады және өндіріс көлемінің функциясын көрсетеді:
2-сурет. TR, MR, AR, Е арасындағы байланыс.
Монополист барынша көп пайдаға МС = MR болғанда жететін болғандықтан, өндіріс көлемі ұтымды болу үшін, ол кез келген өнім көлеміне сәйкес болатын шекті түсім оң сан болатын жағдайды көздейді, яғни
1.4 Монополиялық биліктің көрсеткіштері
Бәсекелестік нарықта жеке өндіруші тауардың нарықтық бағасына әсерін тигізе алмайды, баға шекті шығын деңгейінде белгіленеді. Өндіруші тауардың нарықтағы бағасына әсерін тигізсе және баға шекті шығындардан жоғары деңгейде белгіленетін болса, онда жеке өндірушінің монополиялық билігінің бар екендігін айтамыз. Ал монополиялық биліктің күшін салу үшін, Абба Лернер көрсеткішін қолданады. Ол былай анықталады:
1.5 Монополиялық бағаны қалыптастыру ережелері
Нақты өмірде фирма басқарушылары өз фирмаларының орташа және шекті түсім қисықтары туралы шектеулі ақпараттар алып отырады. Соған қарамастан, олар MR = МС болғандағы өнім шығару көлемі мен бағаға қатысты шешім қабылдаулары тиіс. Монополиялық бағаны анықтау барысында осы шартты пайдалануды практикада жеңілдету үшін, «Бас бармақ» ережесін қолданады. Бұл ереженің негізі: шекті шығандарға белгілі мөлшерде үстеме баға қосу арқылы тауардың бағасын анықтау болып табылады және төмендегідей тәсілмен есептеледі:
1.6 Жетілмеген бәсеке нарығының ысыраптары
Жетілмеген бәсекелі нарықтың үлгісі қоғамның барлық ресурстарын барынша ұтымды пайдалануды, өнім өндіруге жұмсалған қоғамдық шығындарды мейлінше азайтуды көздейді. Жетілмеген бәсекелі нарық жетілген бәсеке жағдайында қалыптасқан тепе-теңдік қалыптан ауытқуды білдіреді. Сондықтан, қоғам шаруашылық өмірдің монополиялануынан белгілі бір залал шегеді. Түбінде монополия мәселесі жетілген бәсеке жағдайындағы жеке тауар өндірушінің еркі мен санасынан тәуелсіз билік мәселесіне айналады.
1.7 Монополияға қарсы саясаттың негізі
Көптеген елдерде жеке фирмалардың монополиялық биліктерін шектеу үшін белгілі заңдар қабылданып, олардың қызметтерін реттеуде әр түрлі механизмдерді пайдаланады. Мысалы, «жоғары деңгейдегі баға» белгілеу, салықтар және т. б.
Монополиялық фирмалар нарықта билік, үстемдік жүргізу арқылы тауарлардың бағасын неғұрлым жоғары қойып, ал өнім көлемін солғұрлым төмендететінін білеміз. Көпшілік елдерде жеке фирмалардың монополиялық билігін тежеу үшін арнайы заңдар қабылданады және оның іс-әрекетін жөндеу үшін түрлі реттеу механизмдері қолданылады. Осы тәсілдердің бірі бағаны шектеу, реттеу және салық салу. Енді осы айтылған тәсілдер монополиялық фирмаға қалай әсер ететінін көрейік.
2 Мемлекеттің бәсеке нарығындағы монополияға қарсы саясаты
2.1 Монополияға қарсы қолданылатын заңдар мен ережелер
Жетілген бәсекенің барлық даусыз жақсы жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Нарықтық процестердің дайындықсыз жүруі шаруашылық өмірдің кейбір салаларының монополиялануына әкеліп соғады. "Өзімен өзі болған" жетілген бәсеке, жетілмеген бәсекеге айналады. Монополия, жоғарыда атап өткендей, бағаға деген белгілі бір билікті білдіреді. Ал бұл билік әр түрлі алғы шарттарға негізделуі мүмкін, салық өндірістің басым бөлігін басып алу (капитал мен өндірістің шоғырлануы мен орталықтануы) нарықты және баға деңгейін бөлу, жасанды тапшылықтар жасау т.б. құпия және ашық келісімдер жасау. Трестерге қарсы заңдар зиянды іс тәжірибені шектеп экономиканың тиімділігін арттыруға бағытталған.
АҚШ-тың монополияға қарсы заңдары барынша жетілдірілген деп есептелінеді, оның бұрыннан келе жатқан тарихы бар. Ол "үш китке", үш негізгі заңдар актілеріне бағындырылған:
2.2 Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңдары
Қазақстанда осы уақытта пайда болған нарық бәсекеге жарамды емес. Біріншіден, тауар өндірушілердің, сатып алушылардың, делдалдардың саны олардың бағалардың дәрежесіне, тауарлық өндіріске, ұсыныстарға монопольдық әрекет жасау мүмкіншілігін жоққа шығаратын санынан көп төмен; екіншіден, тауар өндірушінің және сауда жүйесінің қуаты нарықты сұраныстың орташа төлем қабілеті дәрежесінде қамтамасыз ете алмайды, соның нәтижесінде жарыспалы өндірушілер мен сатушылардың көпшілігі бәсекелестер емес, монополистер болып табылады, үшіншіден, республикада жалпы нарықтық кеңістік жоқ, оның орнына әр түрлі тауар топтарының, жергілікті, әкімшілік, салық, көлік шекараларымен, тауарды орау, сақтау, апару және басқа тежеу шарттарымен шектелген көптеген оқшауланған (жергілікті) базалар бар.
Қорытынды
Бәсеке – нарықтық шаруашылық субъектілері арасындағы қосымша табыс алу үшін жақсы өндіріс факторларын иелену және тауарларды өткізу мүдделеріне байланысты қарама-қарсылықты бақталастық пен бәсеке.
Кәміл бәсекеге көпшілік фирмалар бір текті өнім өндіріп сататын нарықтық құрылым тән. Салаға ену және шығу шектелмеген. Әр фирма саланың жалпы өнім көлемінің азғантай бөлігін шығарады. Мұндай жағдайда бірде-бір фирма өнім бағасына әсер ететіндей нарықтың бөлігіне ие емес.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Я.Әубәкіров; К.Нәрібаев; М.Есқалиев "Экономикалық теория негіздері" оқулық; Алматы "Санат" 1998ж.
2. В.Крымова "Экономикалық теория" Кестелі оқу құралы; Алматы 2003ж.
3. Бибатырова И.А. "Монополизм и антимонопольная деятельность в Республике Казахстан" Учебно-методическое пособие; Алматы 2001ж.