Жер саулығынан – адам саулығына
Жоспар
Кіріспе 3
1 Жер саулығынан – адам саулығына 4
1.1 Ауаның ластануының жер саулығына тигізетін әсері 4
1.2 Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері 6
1.3 Жердің радиоактивті элементтерімен ластануы 9
1.4 Родон туралы не білеміз? 11
Әдебиеттер 14
Кіріспе
Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние. Өмірдің шаттығы мен қызығы денсаулыққа байланысты. Адам бақыты – денсаулық. «Денсаулық – зор байлық».Адамзат баласының тіршілік өміріндегі ең бір бағалы нәрсе, оның денсаулығы. Денсаулықты сақтап, оны орынсыз ысырап етпеу керек, үнемі денсаулықтың қорын көбейтіп отыру керек.Денсаулыққа немқұрайлы қарау дұрыс емес. Оған пассивті түрде емес, активті түрде қарау керек. Денсаулықты сақтаудың жолын үйрену әрбір адамның басты міндеті. Сондықтан да қазіргі кезде «Валеология» пәнінің маңызы зор. Валеология сөзі грек және латын сөздерінен алынған. «Валео» - денсаулық , «логос» - ғылым. Оның негізін алғаш рет қалаған Ицкович Брехман. Ол медицина ғылымдарының докторы, профессор. 1987 жылы ол валеология терминін ғылымға енгізді.
1 Жер саулығынан – адам саулығына
Жер - біздің асыраушы анамыз. Жер саулығы – адам саулығы. Ия, бұл сөздер әрине дұрыс айтылған. Ол үшін жер саулығының маңызы зор. Жер саулығы – адам саулығы деп айтсақ та болады. Өйткені жердің саулығына кері әсерін тигізетін факторлардың саны шектеусіз. Ал ол факторлардың барлығы да адам денсаулығына кері әсерін тигізеді. Біз «Жер саулығынан – адам саулығына» ұранын әрқашанда есте сақтауымыз керек. Дәл қазіргі уақытта жер саулығына кері әсерін тигізетін факторлар өте көп. Оларды атап айтатын болсақ:
1.1 Ауаның ластануының жер саулығына тигізетін әсері
Адам әрекеті ауаны ластаумен қатар жерді де ластап келеді. Күн сайын өнеркәсіп орындары ауаға орасан зор улы газ және оларға қоса өте майда бөлшектерден тұратын қоспаларды шығарып жатады. Олар ауамен бірге адам мен жануарлардың денесіне сіңеді және жер бетіне шөгеді. Кейде оларды жел алғашқы шыққан орнынан мыңдаған километр жерге айдап апарады. Міне, сондықтан да газ немесе қатты зат түрінде бөлініп шығатын заттардан ауаны қорғау адам саулығы үшін де, тіршілік үшін де, жер саулығы үшін де үлкен мән алады.
Осы уақытта ауаға улы қосындыларды жібермеу, адамзат баласының алдында тұрған үлкен мәселе.
1.2 Судың ластануының жер саулығына тигізетін әсері
Сумен салыстырғанда құрлық одан әлдеқайда аз бөлікті алып жатыр, ал су жер бетінде өте көп бөлікте жатыр. Сондықтан судың ластануы да жер саулығына көп кері әсерін тигізеді. Улы заттар теңіз суларымен, өзен ағыстары және жел арқылы мыңдаған киломер алшақ орналасқан аймақтарға тарап, жер саулығына қауіп тудырады.
1.3 Жердің радиоактивті элементтерімен ластануы
Радиоактивті қалдықтар мен аз мөлшердегі радиация екеуі бір-бірімен тығыз байланыста болады. Радиоактивті қалдықтарды қауіпсіз түрде сақтау бүкіл жер жүзі бойынша әлі күнге дейін шешімі табылмай келе жатқан мәселелерінің бірі. Елімізде дүниежүзілік стандартқа сай келетін радиоактивті қалдықтарды сақтайтын бірде-бір орындар жоқ. Бәрімізге белгілі Қазақстан уранды көп өндіретін мемлекеттердің бірі. Сонымен қатар уран өңдейтін кен-химия өнеркәсібінде кең орын алған. Семей полигонында қаншама радиоактивті элементтердің қалдықтары бар. Еліміздің экология және биоресурстар министрлігінің мәлімдемесіне қарағанда қазақ жерінде 101 радиоактивті қалдықтарды сақтайтын дүниежүзілік стандартқа сай келмейтін орын бар екені белгілі, онда осы күнде 255 миллион тонна радиоактивті қалдықтар сақталған. Олардың жалпы радиоактивтік күні 57,6 мың км.