«Айқап» журналындағы оқу-тәрбие мәселері
XX ғасырдың бас кезінде, яғни 1911 жылдың қаңтарынан бастап, 1915 жылдың қыркүйек айына дейін Тройцкі қаласындағы «Энергия» баспахансында қазақ тілінде үзбей шығып тұрған «Айқап» журналы халқымыздың әлеуметтік саяси-өмірінде, әдебиет пен мәдениетімізді насихаттап таратуда елеулі роль атқарды. Ол қазақтың тұңғыш қоғамдық-саяси және әдеби журналы болды. «Айқап» өзінің сипаты жөнінен жалпы демократиялық болғанымен, іс жүзінде Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Абай Құнанбаевтың ағартушылық идеялары негізінде дамып келе жатқан қазақтың қоғамдық ой-пікірінің, әдебиетінің, публицистикасының прогресшілдік және демократиялық дәстүрлерін жалғастырған ілгері дамытқан журнал болды.
«Қазақ» газетінде М. Жаңа Байбақтының бала тәрбиесі жөнінде жазған мақаласын айта кеткен жөн». Адам баласы басқа мақұлықтардан қандай ақылды, өнерлі болса, сондай осал, төзімсіз. Басқа жәндіктер ешбір жәрдемсіз, қарусыз жорытып жүретін ыстық я суықта адам баласы киім киіп, үй салып басын қорғайды. Тауықтың балапаны туысы мен тамақ іздеп шауып кетсе, адам баласы берген тамақты әрең ішеді. Сондықтан адамның адам болуына көп күтім, көп тәрбие керек. Басқа жәндіктерге тәрбие бек аз һәм тән тәрбиесі ғана керек. Адам балаларына, жаратушы аллаға, ұлтына һәм өзінен кейін өсіп -өнетін ұрпақтарына міндеті көп болғандықтан, тән тәрбиесі қанша керек болса, жан тәрбиесі сонша керек.
Адам баласы тек адам болғаны ғана үшін құрметтеледі, құтырған жан басқа бір себептен пайдасыздыққа шыққан мақұлықты атып өлтірсе, жұрт қуанады. Пайдасыздыққа шыққан кісіні атып өлтірсе, жұрт аяйды, өлтіруші ождан азабын тартады. Мұның себебі, адамның адамдығы. Яғни басқа нәрселер тек мақсатқа жеткізетін құрал болғанда адамның өзінің мақсаты болғандағы әңгіме адамның жанында, рухында болғандығы. Олай болса, адамның тәрбиесі тек тән тәрбиесі болмай, жан тәрбиесі де болу керек. Жан тәрбиесі бір дүздеме болмай, нағыз екі бет болу [33].
Сонымен баланы оқытқанда жеңіл жолмен бар мүшелерін бірдей тәрбиелеп, әзір білімді баланың кішкентай басына тыға бермей, жетелеп өзіне іздетіп, ақылын кәмілдеп, ізгілікке жетелеп, жүрегін адалдап, жақсыға қызығатын, жаманнан жеркенетін қылып табиғатын жіңішкертіп шығару мақсұт.
Бұл газет бетіне жазылған қысқа ғана ой. Қалың кітаптар маңызды, тауыса сөйленетін бұл туралы сөздер ардақты ғылым иесі адамдардың жұмысы [23].