Студенттердің контингентін автоматтандыру
Мазмұны
Кіріспе 3
1. Негізгі бөлімі 5
2 Есептің берілгені 6
2.1 Программаның алгоритмі 7
3 Программаның жазылуы 9
4 Енгізілген мәліметтер және шыққан нәтиже 12
Қорытынды 13
Қолданылған әдебиеттер 14
Кіріспе
Ғылыми прогресс - білімнің жоғарылауымен және ақпарат көлемінің көп болуымен сипатталады. Мұндай кең көлемдегі ақпараттарды басқару көп қиындық әкелері сөзсіз. ХХІ ғасыр жаңа технологияның пайда болуы, оның жедел өсуі мұндай мәселелерді шешуге жол ашты. Оны шешудің ең тиімді жолы - автоматтандыру. Қазіргі кезде біздің елімізде, шет елдерде де ақпараттарды автоматтандыруды кеңінен қолданады, оларды пайдаланылу салалары өте көп. Мұндай күрделі ақпараттарды автоматтандыру жүйелерді реттеу функциясын және алдыға қойылған тапсырманы шешу әдісін талдау қызметін атқарады.
Автоматтандыру – техникалық құрал-жабдықтарды, сондай-ақ энергияны, материалды және ақпаратты алу, түрлендіру, жеткізу, пайдалану процестеріне адамның тікелей не ішінара қатысуын босататын экономикалық материалдық тәсілдермен басқару жүйесін пайдалану.
1. Негізгі бөлімі
Үлкен оқу мекемелерінде студенттер жайлы мәліметтерді тез тауып, оны пайдалану үшін, мысалы бір студент жайлы мәлімет қажет болған жағдайда, қолдан басқарудың орнына оны автоматтандырған өте қолайлы .
Студенттер туралы автоматтандырылған анықтаманы жасау – еліміздегі жоғарғы оқу орындарының мыңдаған студенттер базасын кішкентай ғана компьютерлік бағдарламаға сыйғызу десе де болады. Университеттің әкімшілігі осыншама күрделі ақпараттарды осындай автоматтандырылған программалық қамтама арқылы реттеп отыр. Әрбір жаңа оқу жылының мәліметтері осы программаның қоймасына сақталып отырады. Осы деректерді қолданушылар оп-оңай қоймадан қажет кезде сұраныс беру арқылы ала алады. Мәліметтер көп болған сайын оны автоматтандырудың қажеттілігі арта береді.
2 Есептің берілгені
Студенттердің контингентін автоматтандыру, яғни студенттердің аты – жөні, қайдан келгендігі, жынысы, тобы, туылған жылы бойынша автоматтандыру .
Студенттердің контингентін автоматтандыру үшін бізге: фамилиясы, туған жылы, келген жері, тобы, берілген. Міне, осы арқылы студент контингентін автоматтандырамыз.
Алгоритм бойынша шешу үшін Turbo Рascal тілін пайдаланамыз. Қандай да бір объектіге қатысты программаларда әртүрлі мәліметтерді жинақтап қарастыру жиі кездеседі.
2.1 Программаның алгоритмі
Программа түсініктемеден басталады. Екінші жолда program өзекті сөзінен кейін ZZZSTUD программасының аты жазылған. Келесі жолда экранды тазалауға арналған crt модулін шақырамыз. Содан соң n индефикаторы 5 тұрақты санын сипаттап тұр. Zzz белгісін сипаттаймыз. Программада жазба қолданылғандықтан type сипаттау бөлімі жазылады. Сипаттау бөлімі RECORD қызметші сөзінен басталып END қызметші сөзінен аяқталады. Бұл қызметші сөздердің араларына өрістің идентификаторлары келтіріледі.
Қорытынды
Жоғарғы оқу орындарының жұмысын жеңілдету үшін автоматтандырылған басқару жүйелерін пайдаланған өте дұрыс. Себебі Қазақстанның түпкір-түпкірінен келген білімге ұмтылушы студенттердің саны шексіз көп. Олардың келген жерлеріне байланысты анықтамалық жасау - әрбір университетке өте пайдалы, алыс жерлерден келген студенттерге жатақхана беру үшін оның қайдан келгендігін анықтап алып беріледі. міне осындай жағдайларда оны осы автоматтандырылған анықтамалықтан сұраныс беру арқылы оңай тауып аламыз. Автоматтандыру іске аспаған жерде бұндай іздестіру әрекеттері көп уақыт алады және алынған ақпараттың дәлдігіне де сенімсіз қарауға тура келеді.
Қолданылған әдебиеттер
1. Фаронов В. В. Turbo Pascal 7.0 – Москва, издат. «Нолидж», 2000 г.
2. Turbo Pascal – Интернет-руководство. Чинер Р. Язык Турбо Си. «Мир», 1991 г.
3. Немнюгин С. Pascal: Учебный курс. Санкт-Петербург: "Питер", 1999 г.