Педагогтің ауызша сөйлеу арқылы әсер ету қағидалары
Педагогтің ауызша шешен сөйлеу шеберлігі - педагогикалық жоғары оқу орындарында кәсіби педагог маман даярлаудың ажырамас бөлімі. Әсіресе, еліміздегі нарықтық өтпелі кезеңде мемлекет саясатын жұртшылыққа ұғындыруда, қоғамдағы демократиялық үдерісті жете түсіндіруде жоғары сапалы, шынайы ауызша шешен сөз сөйлеу шеберлігінің мәні тіпті ұланғайыр. Демек, педагогтің ауызша шешен сөйлеу шеберлігі - мектеп мұғалімінің, кәсіби педагог маман иесінің, педагог студенттің қоғамдық көзқарасының мызғымастығы мен таным көкжиегінің, жан - жақты даярлығының тұңғиық қорытпасы, олардың жоғары эрудициясы мен шешендік білім, білік және дағдылар жиынтығын қамтыр мәдениеті.
Бесіншіден, «қайда сөйлеймін?» сауалы да аудиториямен қарым - қатынас жағдайы мен орнынан туындата отырып сөйлеу тактикасын, сөз сөйлеудің кұрылымын алдын - ала анықтайды.
Алтыншыдан, «қалай сөйлеймін?» сауалы арқылы адамдардың ақыл - ойына, ұғым - түсінігіне, сенімі мен сезіміне әсер етудің стилі, мейлінше бірден - бір сәйкесті амал ойластыратыны түсінікті. Айғақтаманың барша тактикасы осы сауалдың жауабында ғана тоқайласқан.
Қысқысы, аудитория алдындағы педагог шешен сөзі - ұзаққа созылатын шешендік іс - әрекеттің өнімі. Ол нақтылы мақсатта жетуге орайлас белгілі бағытқа межеленген болуы тиіс. Стратегия дәріс тақырыбының дамуына бағыттама береді. Сөз сөйлеу мен оған даярлық кезеңдеріндегі ілгергі жұмыстардың мазмұнын алдын-ала анықтайды. Дәріс жоспары - белгіленген стратегия да.
Тәжірибеде мұғалімдердің тезисті тақырыптан ажырата, дәріс мақсатын сауатты жүйелей алмайтынын жиі ұшырастыруға болады. Мәселен, дәріс үшін алғы кезекте белгілі мақсаттың болуы міндетті емес деген тұжырымды естудің өзі күлкі тудырарлық аса қынжылысты жағдай. Бұлай ойлаушылардың пікірінше, мұғалім бағдарламаға сәйкесті материалды баяндап беруші ғана, оның негізгі рөлі де осы іспеттес.
Егер де педагог шешен өз алдына тыңдаушылардың алға қойған мақсатына әсер етуді, белгілі бір межеленген мінез - құлыққа ұмтылдыруды, түсінікті қалыптастыруды, диалектикалық тұрғыда ойлау мен тұжырым жасай білу қабілетін дамытуды мақсат етіп қойса, онда ол өзінің бар күш - жігерін, күллі іс - әрекетін тек осы нәтижеге жетуге бағыттайды. Бұндай жағдайда мәтіннің құр дыбысталуы емес, онда адам санасын дамыта отырып әсер ету жүзеге аспақ.