Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының тарихы

Тип: Реферат

Объем: 5 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Жантай батыр (қазақша)

Бөгенбайдың сенімді жауынгер-серіктерінің тағы бірі, ол Жантай батыр: «Ашуы жауған қардай, шөккен нардай
Қарт қыран Қанжығалы қарт Бөгенбай,
Бөкеннің жас жолбарыс жеткіншегі,
Ауызынан жалын шашқан жас Жанатай...», - деп
сипаттайды қос батырды Мағжан Жұмабаев.
Жантай батырдың есімі тарихи жырларда қазақтың аты шулы басқа батырларымен қатар жиі аталады. Абылай ханның ең сүйікті жауынгерлерінің бірі болған Жантай қанжығалының Бозымынан тарайтын Нияз атасынан шыққан.

Жолдастары алғашында Арқандардың шеберлікпен жауды басқа жаққа бұрып әкеткенін көрсе, артынан батырдың қоршауға түскендігін байқайды. Тауға шыққандар оның жан-жақтан жау қоршауында қалғандығын көреді. Арқандар қаза табады. Өзінің сүйікті інісінің қаза болғандығын естіген Жанатай батыр өлтірушілерге қарғыс айтып: «Не өлем, не сендердің қандарыңды ішем» деп ант етеді.

Жантай батыр кенжесін атқа отырғызып «сәлем де Қанжығалы баласына, Ұмытпас!» - деп қоршауда қала берді. Бір күнге созылған шайқас, түнде жалғасын табады, қалмақтар қазақ батырларын тек таң ата ғана алады. Ауыр жараланған Жантайдың сауытын айбалталап сыпырып, қайсар батырды адырға асып кетеді.