Халықаралық еңбек бөлінісінің формалары мен даму факторлары
Жоспары
Кіріспе 3
1 Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі мазмұны 5
1.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің ерекшеліктері мен мәні 5
1.2 Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының негізгі бағыттары 7
2 Халықаралық еңбек бөлінісінің формалары мен даму факторлары 10
2.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік факторларының даму сипаты 10
2.2 Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар мен формулалар 11
Қорытынды 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 19
Кіріспе
Халықаралық еңбек бөлінісі халықаралық тауар айырбасының объективті негізі; мемлекеттердің экономикалық даму деңгейіне, қоғамдық құрылымына қарамастан, саудада, ғылыми-техникалық салада, ғылымда, тұрмыс қажетін өтеуде, өндірістік дамуда т.б. көптеген ынтымақтастықта бір бағытта бірлесе дамуға жұмылдырады.
1 Халықаралық еңбек бөлінісінің негізгі мазмұны
1.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің ерекшеліктері мен мәні
Халықаралық экономикалық қатынастардың мәнін және мазмұнын анықтайтын категориялардың бірі - халықаралық еңбек бөлінісі. Қазіргі уақытта халықаралық еңбек бөлінісіне тартылмаған елдер жоқтың қасы.Өндіргіш күштердің ҒТП әсерімен жедел дамуы халықаралық еңбек бөлінісі тереңдеуінің негізгі кепілі.
Халықаралық еңбек бөлінісі қатысушы елдер мен аймақтарға қосымша экономикалық тиімділік келтіріп, олардың өз қажеттіктерін неғұрлым аз шығындармен қамтамасыз етуге жол ашады.
Халықаралық еңбек бөлінісі ел ішіндегі және еларалық еңбек бөлінісінің қорытындысы.
Халықаралық еңбек бөлінісінің мәні өндіріс процесін бөлшектеу мен біріктірудің диалектикалық бірлігінен көрінеді.
1.2 Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының негізгі бағыттары
Халықаралық еңбек бөлінісі дамуының негізгі бағыты халықаралық мамандану мен өндірісті кооперациялауды мейлінше кеңейту және тереңдету.
Мамандану мен кооперациялау халықаралық еңбек бөлінісінің нысандары, сонымен қатар оның мәнін анықтаушы категориялар. Кәсіпорындардың жекелеген өнімдерді өндіруге мамандануы қазіргі ғылыми-техникалық құрылымының прогреске тікелей байланысты.Өндірістің технологиялық құрылымның күрделенуі өнім өндіру үшін пайдаланатын бөлшектер мен тетіктермен сандық мөлшерін көбейтіп жібереді.Мысалы,жеңіл автомабиль шығаруға қажет бөлшектер ме тетіктердің саны 20 мыңға,прокат станында-100 мыңға, электровозда -250 мыңға жуықтайды.
2 Халықаралық еңбек бөлінісінің формалары мен даму факторлары
2.1 Халықаралық еңбек бөлінісінің өндірістік факторларының даму сипаты
Өндірістің факторына анықтама беруі әртүрлі. Бірақ экономикалық ғылымда өндірістің факторларының түсінігіне немесе анықтамасына бір пікір қалыптасқан. Өндіріс факторлары - ол бір тауарларды өндіру үшін қажетті кететін ресурстар. Мұндай өндіріс факторларына еңбек және технология ( адам ресурстары ), жер және капитал ( Мүлік ) ресурстары жатады. Жалпы экономикалық теориялардан өндірістің жеке факторларының анықтамалары бар.
2.2 Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына әсер етуші факторлар мен формулалар
Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуына ең алдымен әсер ететін факторларға еңбек өнімділігін арттыру, өндірістің жоғары тиімділігіне жету және өндіріс шығындарын мейлінше төмендету факторлары жатады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің тартылымдығы сонда, бұл процеске қатысушы әрбір субъект одан өзінің экономикалық мүддесін қанағаттандыратын мүмкіндіктерді іздеп табады.
Халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарына экспортталатын тауарлардың халықаралық және ішкі бағалары айырмашылығынан және тиімді импортты ынталандырудан түсетін пайдаларды да қосуға болады.
Дүниежүзілік шаруашылық жүйесі құрылуының өзі халықаралық еңбек бөлінісінің біріктіруші қызметінің арқасында мүмкін болды.
Қорытынды
Сонымен, халықаралық еңбек бөлінісі - мемлекет ішінде және мемлекетаралық еңбектің даму қорытындысы болып табылады. Еңбек бөлінісі - оны бөлшектеу және қайта жинақтау. Өндірістік процесс жеке фазаларға және стадияға бөлінеді, одан кейін бір аймақта жинақталады. Ол жеке өз алдына кәсіпорын болуы ықпал етеді.Еңбекті бөлудің түпкі мақсаты - өнім шығарудың әдісі , яғни халықаралық еңбек өнімін өсіруге саяды. Халықаралық еңбек бөлінісі - өндіріс тиімділігін асыру мақсатындағы, қоғамдық еңбектің шығынын үнемдеуде өндірістік күші тиімді пайдаланудың негізгі құралы.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Киреев А. Международная экономика М: Международные отношения, 1997 г.
2. Халықаралық экономикалық қатынастар Байгісиев М. Алматы санат 1998 ж.
3. Овчинников К.П. Международное разделение труда: тенденции и противоречия. М: Экономика,1987 г.
4. Семенов К.А. Принципы развития международного разделения друда. М: Гуманитарное знание, 1996 г.