Жалпы ережелер. Құжаттардың құрамы. Бір ізге келтірілуі және стандартталуы.
Жоспар
1 Жалпы ережелер 3
2 Құжаттардың құрамы. Бір ізге келтірілуі және стандартталуы 5
Әдебиеттер 9
1 Жалпы ережелер
Құжаттау және құжаттаманы басқарудың негізгі ережелері кез келген ұйымдық-хұқылық нысандағы барлық бірлестіктер, кәсіпорындар, мекемелер мен ұйымдар үшін ресми құжаттарды жасау және олармен жұмыс істеуді ұйымдастыру, оның ішінде есептеу техникасы мен репрография құралдары жасайтын құжаттар үшін міндетті болатын ортақ талаптарды белгілейді.
Құжаттау - ұйымдардың жұмыс істеуі үшін қажетті құжаттар кешенін жасау процесі.
Құжаттаманы басқару - құжаттардың есебін жүргізу, қозғалысы және сақталуы, олардағы ақпаратты іздестіру мен пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты ұйымдастыру.
Бұдан әрі «ұйымдар» деп аталады.
2 Құжаттардың құрамы. Бір ізге келтірілуі және стандартталуы
Ұйымда жасалатын құжаттардың кешені қызмет барысында шешілетін мәселелердің ауқымына, құзырлық көлемі мен сипатына, мәселелердің шешілу ретіне (жеке дара басқару немесе алқалық басқару негізінде), басқа ұйымдармен өзара байланыстардың көлемі мен сипатына қарай айқындалады.
Мысалы, қолданылып жүрген заңдарға сәйкес басқару органдары төмендегідей өкім құжаттарын шығарады. Министрлер Кабинеті - қаулылар, Премьер-министр мен оның орынбасарлары - өкімдер; министрліктер - қаулылар, бұйрықтар, нұсқаулар; мемлекеттік комитеттер, комитеттер мен комиссиялар - қаулылар, нұсқаулар; кәсіпорындардың әкімшілігі - бұйрықтар, қаулылар, нұсқаулар; кооперативтік ұйымдар - шешімдер; қоғамдық ұйымдар - қаулылар, өкімдер.
Әдебиеттер
1. «Қазақстан Республикасының барлық ұйымдық-құқықтық нысандағы бірлестіктерінде (кәсіпорындарында), мекемелерінде және ұйымдарында құжаттау мен құжаттамаларды басқарудың негізгі ережелерін бекіту туралы»