Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Информатика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2010

Полный просмотр работы

Интерактивтілік интернет технологиясының басты ерекшелігі ретінде


Жоспар
Кіріспе 3
I. Интерактивтілік интернет технологиясының басты ерекшелігі ретінде 6
1.1 Интернеттің ақпараттық жүйедегі жаңалығы 11
1.2 Қазақ интернетінің проблемалары 16
II. Журналистік шығармашылықтағы интерактивтілік қырлары 20
2.1 Аудиториямен байланыстағы пәрменді құрал 23
2.2 Мемлекеттік тілдегі БАҚ сайттары және олардағы екіжақты байланыстың қолданысы 29
Қорытынды 32

Кіріспе

Өз тарихында түрлі дәуірлер мен формацияларды бастан өткізген адамзат баласы жиырмасыншы ғасырдың аяқ шенінде интерактивті ақпарат көздеріне қол жеткізді. Ал XXI ғасыр – ақпараттар тасқынының ғасыры болып саналуда. Яғни, бүгінде «Кім ақпаратты иеленсе, сол әлемді билейді» деген қағида аксиомаға айналып отыр. Жаңа ақпараттық технологиялардың дамуы еліміздің экономикалық, саяси тіпті әлеуметтік өміріне өзгерістер енгізбей қоймады. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін жаңа ақпараттық революция мейлінше өрістеу үстінде.
Қазіргі таңда біз үшін қашықтықтан басқаруға болатын теледидар, пейджер, радиотелефон немесе параболлдық антенналар жаңалық емес. Адам игілігіндегі электрондық даму да күннен күнге алға жылжуда. Екінші сөзбен айтқанда Интернет тіршілігімізге ентелеп еніп өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып отыр. Бүгінгі интернеттің қамту ауқымы кереметтің кереметі. Бұл шындыққа негізделген шеберлік әлемі. Өзінің даму барысында әлемдік тор соңғы жылдары кәсіпкерлік саласында да жаңа мүмкіндіктерге ие болды десек артық айтпаған болар едік.

I. Интерактивтілік интернет технологиясының басты ерекшелігі ретінде

ХХ ғасырдың аяғы бізге коммуникация саласынын әртүрлі жаңа аппаратуралар мен жалпылай жүйенің дамуымен бізге әйгілі. Бұл жайлы ғасыр басында тек қияли әңгімелерден естіп білуге болатын. «Уақыт бәріне сыншы» демекші, егемендігіміз елестен шындыққа айналған кезінде интернет жүйесі Қазақстанға да тәй-тәй басып келе бастады. Себебі, қоғамға ең басты қажеттілік ол информация болатын. Жай ғана информатция емес, әрі жылдам, әрі оперативті. Ал, аталмыш, бүкіләлемдік торда осының бәрі бар. Ақпараттық технологиялардың қарқынды даму барысында елімізге интернет жүйесі басында міндеттеліп енгізіліп жатқандығы байқалса, қазіргі таңда мұндай технологияларсыз өз өмірімізді көзге елестету мүмкін болмай қалды.

1.1 Интернеттің ақпараттық жүйедегі жаңалығы

Әлбетте, интернет болсын, тәулік бойы үзбей беріліп тұратын Гейтстің бағдарламалары болсын, Си-Эн-Эннің параболикалық антеннасы да, ашық қоғамға арналады. Кезінде ата-аналары Алматыда тұрған, Сорос - Қазақстан қорының атқарушы директоры Джордж Зарубин «бұл әдіс әлем халықтарының еркін ақпарат алмасып, Қазақстандағы оқиғалардан хабардар етудің бірден-бір тиімді құралы» деп есептеген. Яғни болашақта интернеттің қызмет аясы ауқымдана түсетінін айтқан болатын. Әйтсе де, соған қарамастан кезінде Ресейде Соростың бірнеше компанияларын айыптап жазған көлдей материалдар жарық көрген. Ал, интернетті жасаушылар кез-келген айыпқа, тыйымға қарсы. Әлдебір бағыттағы материалдарға тыйым салу жөніндегі заңды АҚШ-тың сот үкімі жоққа шығарып, интернет жүйесі сөз бостандығына кепілдік беретінін дәлелдеп берді.

1.2 Қазақ интернетінің проблемалары

Ақпараттық технологияның дамуы күннен-күнге белең алып, қарқынды дамып келе жатқан тұста, біздің осы салада ақсап жатуымыз мемлекетке сын екені сөзсіз. Себебі, кез-келген адам бүгін интернет арқылы ақпарат көздерімен тікелей қарым қатынаста болғанды қалайды. Өздерінің ойларын ашық қоғамға еркін жеткізіп, сол арқылы ой түйіп, рухани азық алуды міндет тұтады. Бірақ, көп жағдайда айтылған ойдын бәрі бір жерден шыға бермесі анық. Оған себеп, қазақ интернетінің жеткілікті дамымағаны. Мәселен Қазақстан бойынша 500-ге жуық жаңалықтар тарататын интернет сайты бар.

Қорытынды

XXI ғасыр электронды ақпарат құралдарының алтын ғасыры деп мойындаушылардың саны күн артқан сайын көбейіп келеді. Бүгінгі күнде ешбір сала телекоммуникацияның даму қарқынына ілесе алмайды. Кеше ғана INTERNET сөзі басым көпшілігіміз үшін түсініксіз, бұлдыр болатын. Ол туралы сөз бола қалса тосырқай қарағанмен, жаңалық сырын білмейтіндігімізді жасыра алмайтын едік. Қазір әрбір салмақты компания үшін осы Бүкіләлемдік компьютерлік торапта өз өкілдігін ашу лайықты бедел жинаудың ұтымды жолы болып отыр. Көптеген халықаралық трансұлттық корпоратциялар интернет жүйесін пайдалануды өздерінің филиалдарымен күнделікті мәлімет алмасудың ең тиімді әрі қолайлы әдісі деп санайды. «Күн сайын Бүкіләлемдік торапта миллиондаған вебсайт – компаниялар мен жеке адамдардың, ұйымдар мен мекемелердің интернеттегі электрондық ақпараттық өкілдері іске қосылады».