Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
Жоспар
1 Байқоңыр космодромының биосфераға әсері 3
1.1 Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай? 3
1.2 Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір-екі ауыз сөз 11
1 Байқоңыр космодромының биосфераға әсері
1.1 Байқоңыр космодромының биосфераға әсері қандай?
Байқоңыр космодромы қазақ жеріндегі ең үлкен және өте күрделі инженерлік құрылыс. Мұндай инженерлік кешенді адамзат баласы бұрын - соңды жасаған емес. Бұл ғажап құрылыста космос корабльдерін, космос станцияларын, зымырандарды, зымыран - тасымалдаушыларды сынау, космос кеңістігін зерттеу үшін кең көлемде ғылыми - зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Байқоңыр космодромындай құрылыс жер шарында жоқ. Сондықтан Байқоңыр космодромы дүниежүзі халықтарының назарын аударып, алаңдатып отыр. Ол тек космос корабльдері мен зымырандарды космос кеңістігіне ұшыру мақсатына жасалған емес. Сонымен қатар, әскери қару - жарақтардың жаңа түрлерін сынау мақсатын да көздейді. Байқоңыр космодромы әскери ғылыми-техникалық орталық болып есептеледі.
1.2 Байқоңыр космодромының болашағы жөнінде бір-екі ауыз сөз
Байқоныр космодромы айналаны қоршаған ортаға зиян келтіреумен қатар адамзат баласына пайда келтіретіні де ғылыми тұрғыдан дәлелденіп отыр.
Байқоныр космодромын Ресейге жалға бергенде, олар Қазақстан Республикасына жылына 115 миллион АҚШ долларын береді.Космодромды жөндеу үшін, онда неше түрлі құрылыстар салу үшін Ресей жылына 25-40 миллион АҚШ долларын жұмсап отырады. Космодромда өндірілетін электр қуатын сатқанда, одан 17 миллион доллар кіріс кіреді.Бұл кіріс қазақ елінің әр түрлі мұқтажына жұмсалатыны сөзсіз. Осы кезде Байқоңыр қаласында және оның серігі Төретам мен Ақай елді мекендерінде 60 мың адам тұрады. Олар түгелдей жұмыспен қамтамасыз етілген. Белгіленген мерзімде жалақыларын ай сайын алып отырады.