Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарих

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Сырымда әлі сыр бар

Бүгінде Сырым Датұлын, оның тікелей басшылығымен болып өткен күресін, ел басқарған әділ билігін, қол бастаған батырлығын білмей­тін қазақ жоқ десек те болғандай. Бірақ бұл тақырыптағы күрделі мәселелер әлі де баршылық. Олардың бастылары мыналар дер едік.
Алғашқы нақтылап, баршамыздың міндетті қабылдауға тиісті мәселеміз – С.Датұлының дүниеге келген жылы. Өйткені, 1992 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті Сырым батырдың 250 жылдығын атап өту туралы шешім қабылдағанымен, кейінгі оқулықтар, энциклопедиялар оқырман қауымды әбден шатастырып болды. Мәселен, бабамыздың туған жылын 1998 жылғы «Қазақтар» атты көпшілікке арналған тоғыз томдық анықтамалық (ІІ том, 88-б.), 2000 жылғы Атырау энциклопедиясы (345-б.), 2001 жылғы «Елтұтқа» оқу құралы (169-б.) – 1712 жыл, 2002 жылғы Батыс Қазақстан облысы энциклопедиясы (475-б.) – 1723 жыл деп берген. Бұдан басқа 1733 жылды ұсынушылар да бар. Осындай ұсыныстарға негізгі тірек фольклорлық мұрамыздағы атадан балаға жеткен түрлі аңыз-әңгімелер болып отыр. Ал Алматы, Орынбор, Астрахань, Москва, Санкт-Петербург, Уфа, Қазан қалаларындағы мұрағаттық құжаттар ештеңені жайып салмайды.

Міне, осыдан бастап Нұралы хан ретінде ел сенімінен біржолата айырылып, араға уақыт сала 1786 жылы көктемде жанына балалары Бегәлі, Артыққалиды ертіп, орыс қорғанына кетті. Оның арты ханның Уфаға жер аударылуымен аяқталды. Патша үкіметі Кіші жүздегі Әлімұлы, Байұлы және Жетіруды бөлек-бөлек хансыз басқаруды көздеген 1775 жылғы реформаны тез арада қазақ сұлтандарының қатысуынсыз жүзеге асыруды қолға алды және оған Сырым батырды пайдалануды көздеді. Ал Сырым бастаған қазақ старшындары Кіші жүз хандығына Қайып Батырұлын ұсынып, оны бекіттіру мәселесін көтерді. Ресей басшылығының Қайыпты қолдамайтындығы белгілі болған кезде 1790 жылы қазан айында жаңа хан сайлау тағы күн тәртібіне шықты. Қ.Ескендіровтің хабарына сенсек, бір топ Есім сұлтанды жақтаса, Сырым, Көккөз, Дөнен, Бөдене, Наурызәлі бастаған екінші топ бүкіл Кіші жүз халқы жиналса және оған Әбілқайыр, Қайып ұрпақтары келсе, хан сайлау мәселесі дұрыс шешіледі деген өз талабын қойған екен. 1792 жылы 11 қыркүйекте Сырым, Сарыалтай, Сегізбай, Қаракөбек, Басықара би, батырлардың Ресейге қарсы соғыс жариялау себептерінің бірі Ерәлі ханды Халық Кеңесінсіз бекітуі еді.

Азын-шоғын ақ бардай, – атты жолдармен жинақталып, сомдала түсті. Біздіңше, осындай ата шежіредегі анық суреттеулер Сырым портретіне негіз болған. 1992 жылы Сырымның 250 жылдығын атап өтуге құрылған комиссия уақыт талабын ескеріп, бабамыздың бейнесін салуға арнайы конкурс жариялады. Конкурста суретші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері, профессор М.Қалимовтың «Сырым батыр» портреті жеңімпаз атанды. Сөйтіп, Сырым бейнесі халқымен табысты.