Мемлекеттік қызмет пен басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының мәселелерінің түрлері
Мазмұны
Кіріспе 3
І-тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар түсінігі 7
1.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері 7
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі 9
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы 11
ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлері 17
2.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары 17
2.3 Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі өзгеде қылмыстар 39
ІІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу мәселелері 45
3.1 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу шаралары 45
3.2 Қазақстан Республикасының халықаралық Сыбайлас жемқорлықтағы ішкі - сыртқы жағдайы 47
Қорытынды 51
Пайдаланылған әдебиеттер 55
Кіріспе
Бүгінде сыбайлас жемқорлық секілді дертпен жекелеген мемлекеттер өз бетімен күресе алмайды. Әсіресе, жаһандану заманында сыбайлас жемқорлықтың иегі жоқ , ол бір елден екіншісіне оңай көшіп жүре береді. Бұл оңай іс емес. Бұл дерттің тамыры тереңде жатыр. Мұның дәлелі XV ғасырдың өзінде Британ парламенттінде осы мақсатта шулы даулар орын алған.
Көптеген мемлекеттік және жекелеген құрамдас жүйелерде сыбайлас жемқорлық төңірегінде қалыптасқан жағдай бөлек алып бара жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғаламдық және ұлттық деңгейлердегі маңызды қадамдарға қарамастан оның халықаралық қауымдастықтың алдына қойып отырған кедергілері әлі де бар. Сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық - құқықтық көрініс түрлері туралы да өптеген пікірлер бар. Көптеген професорлар сыбайлас жемқорлыққа анықтама берген.
І-тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстар түсінігі
1.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және белгілері
Қылмыстық кодекстің 13-тарауы «Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысқа» арналған. 1959 жылғы Қылмыстық кодексте мұндай тарау жоқ еді, керісінше «Лауазымды қылмыстар» деген тарау (V) бар болатын. Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістердің нәтижесінде лауазымды адамдардың қылмыстары мемлекеттік
органның аппараты жүйесінде немесе коммерциялық және өзге де ұйымдар жүйесінде істелетіні айқындалды. Осыған орай бұрынғы Кодекстегі лауазымдық қылмыстар деген тарау лауазымды адамдардың қызмет бабын пайдалана отырып істейтін қоғамға қауіпті іс-әрекеттерінің мәніне қарай коммерциялық және өзге де ұйымдардағы қызмет мүдделеріне қарсы және мемлекеттік қызметкерлеріне қарсы қылмыстар болып жеке екі тарауға бөлінеді. Мұндай бөлінудің негізгі қылмыстың объектісі мен субъектісі болып табылады. Мемлекеттік емес ұйымдардың лауазымды адамдарының қылмысты іс-әрекеті сол ұйымдардың бір қалыпты жұмысына кедергі келтіреді және олардың мемлекеттік аппарат қызметіне еш қатысы болмайды.
1.2 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түсінігі
Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа анықтама бермес бұрын осы құбылысқа тән негізгі сипаттарды теориялық жағынан белгілеген жөн секілді.
Олар: Кейбір қылмыс құрамдарының міндетті белгісі - қылмыс заты болады: материалдық сыйақы 311,312,313-баптарды қарастырады.
Сыбайлас жемқорлықтың орын алатын салалары жергілікті өзін-өзі басқару және мемлекеттік билік органдары болып табылады. Кейбір авторлар бұл салаға коммерциялық және басқа да ұйымдарды қосып, аясын кеңітеді. Ал бұған толық негіз жоқ. Сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол - мұндай қоғамға қауіпті іс-әрекет орын алған кезде мемлекеттің және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының беделіне зор нұқсан келтіріліп, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеліп соғады.
Коммерциялық құрылымдардың қызметкерлерімен өзге де ұйымдардың қызметкерлері қызмет бабын асыра пайдаланған жағдайда мемлекеттік органдар мүддесіне ондай нұқсан келмейді және олардың әлсіреуіне әкеліп соқпайды.
1.3 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңы
Осы Заң азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту арқылы мемлекеттік органдардың, мемлекеттік міндеттерді атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестірілген адамдардың тиімді қызметін қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің негізгі принциптерін айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерін, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді.
ІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының түрлері
2.1 Мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың жекелеген құрамдары
Қызметтік өкілетті теріс пайдалану (307-бап).
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзіне берілген қызметтік өкілетті пайдалана отырып, мемлекеттік аппарат жүйесіндегі құқық пен өкілетті зұлымдық жолына қолданады.
Оның қауіптілігі сол, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Мемлекеттік аппараттың қалыпты, заңды қызметіне қол сұғу осы қылмыстың объектісі болып табылады.
2.3 Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі өзгеде қылмыстар
Қызметтік жалғандық жасау (314 – бап)
Бұл қылмыстың мәні түпнұсқа құжаттың мазмұнын өзгертуге не жалған жасанды ресми құжатты түгелдей жасау немесе беру болып табылады.
Жаңа Қылмыстық кодекс бойынша қылмыстың негізіне - ресми құжаттар жатады. Ресми құжаттар деп мемлекеттік өкімет органдары берген жәке белгілі бір құқықтар беретін немесе міндеттерден босататын, заңдық мәні бар белгілі бір фактілерді, оқиғаларды, өзге де жағдайларды куәландыратын жазбаша актілер түсініледі. Оларға мыналар жатқызылады еңбек кітапшасы, оқу орнының дипломы, паспорт, әскери билет, зейнетақы, қызметтік куәлік, көліктің техникалық төлқұжаты, орындау қағаздары, үкімнің көшірмесі, сақтандыру полисі, азаматтық хал актілерін тіркеу кітабы. Мемлекеттік өкімет органдарынан шықпаған құжаттар аталған құрамға негіз болып табылмайды.
ІІІ – тарау. Мемлекеттік қызмет мүддесіндегі сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын алу мәселелері
3.1 Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын алдын – алу шаралары
Сыбайлас жемқорлықты елде орын алып отырған жалпы саяси, әлеуметтік және экономикалық проблемалардың салдары деуге болады. Ол, әдетте қоғамның жаңару кезінде бой көтереді. Ал ондай кезеңді бастан кешіріп отырғанымыз рас. Сыбайлас жемқорлықпен күрестің батыл шараларын қабылдамасақ, оны криминалдық, экономикалық және әлеуметтік проблемадан саяси проблемаға айналып, мемлекеттің конституциялық негізінен қауіп төндіру мүмкін.
3.2 Қазақстан Республикасының халықаралық Сыбайлас жемқорлықтағы ішкі - сыртқы жағдайы
Халықаралық «Транспортенция пен интернешл» деректеріне жүгінсек, Қазақстан әлемдегі мемлекеттер ішінен сыбайлас жемқорлық бойынша 2000 жылы 65 – орынды иеленсе, 2001 жылы 71 – орынға, 2002 жылы 92 орынға, 2003 жылы 100 орынға, 2004 жылы 122- орынға, 2005 жылы 101 – орынға 2006 жылы 96 – орынға 2007 жылы 103 орынға көтеріліпті. Бұл көрсеткіштің өзін – ақ осы кеселдің ел ішінен мендеп кеткенін және оны мемлекет тарапынан күрделі шараларды жасап жатқанына қарамастан әлі тізгінделмей отырғанын көрсетеді.
Қорытынды
Елдегі бүгінгі таңда қалыптасқан жағдайға орай мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмысын қорытындылай келе сыбайлас жемқорлықтың қауіптілігі сол – мұндай қоғамды қауіпті іс - әрекет орын алған кезде мемлекеттің жергілікті өзін – өзі басқару органдарының беделіне зор нұқсан келтіру, нәтижесінде олардың әлсіреуіне әкеп соғады. Сыбайлас жемқорлық қылмысы әлемнің барлық елдерінде орын алып отырған әлеуметтік және экономикалық, саяси халықаралық проблемаға айналды. Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ел экономикасы өсіп өркендеуде өмірді жаңа реформаға көшу жолында халқымыздың әл – ауқаты артып, табысты саяси реформалар жүргізілді.