Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 4 стр.

Полный просмотр работы

Ғабиден Мұстафин

Ғабиден Мұстафин 1902 жылы Қарағанды облысының Тельман ауданында шағын дәулетті отбасында дүниеге келген. Талапты бала әуелі ауыл молдасынан оқып сауатын ашады, ал 1916 жылы зауыттағы орысша-қазақша мектептің төртінші сыныбына түсіп, бір жылдан кейін бітіріп шығады.
1918-1925 жылдары ауылдық кеңестің әр алуан жұмысына араласады. Білімге деген құштарлық Қазақстанның сол кездегі орталығы Қызылордадан оқу іздетеді. Бірақ балалық шағында алған шамалы білім оқу орнына түсуге мүмкіндік бермейді де, жоғары сотқа қызметке орналасады. Жазушының көркем әдебиетке деген құштарлығы осы жылдары оянады.

Жас талапкер өзі көрген, сотқа келіп түскен шағымдарда айтылған қиянат, мұң-шер, жапа шеккен адамдар туралы нақтылы оқиға негізінде жазған хабарлама, очерк, фельетондарын “Еңбекші қазақ” газетіне жариялап жүрді.

Жас кезінде жүйелі білім ала алмаған жазушыға өмір-білім бұлағы, еңбек-өнер шырағы болды. Баяу қалыптасып, жеңіл шығармалар да жазды, бірақ тынымсыз еңбек, іздену, оқу білімді, парасатты, қайраткер жазушыға айналдырды.

1933 жылы Ғабиден Мұстафин “Қарағанды пролетариаты” газетінің жауапты секретары қызметіне тағайындалады. Бірақ көп кешікпей қазақ тілінде “Қызыл ту” атты жаңа газеттің ашылуына байланысты Новосибирь қаласына ауыстырылады. Өмірлік тәжірибесі баыған, журналист ретінде қаламы төселген Ғабиден Мұстафин 1938 жылы газет жабылысымен Алматыға көшіп келеді. “Бұл менің тоғыз жыл бойы жазушылықтан қол үзіп кеткен, қайта оралған шағым”,-деп жазады Ғабиден.