Предмет: Педагогика және бастауыш оқыту әдістемес
Тип: Дипломдық жұмыс
Объем: 60 стр.
Год: 2013
Қазақ тіліндегі күрделі сөздерді оқытудың ерекшелігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Күрделі сөздерге жалпы сипатттама 7
1.1 Күрделі сөздер туралы зерттеулер 7
1.2 Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері 12
1.3 Қазақ тіл біліміндегі қос сөздердің зерттелуі 14
1.4 Қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігі 19
1.5 Кіріккен сөз және оны оқытудың жолдары 22
1.6 Біріккен сөз және оның емлесін оқыту 29
2 Қос сөздердің көркем шығармадағы қолданысы 37
2.1 «Абай жолы» романындағы қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері 37
2.2 «Абай жолы» романындағы қос сөздердің жасалуы 42
2.3 Қос сөздердің құрылымы жағынан түрлері және олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері 49
2.4 М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздерді байланыстырушы формалар 54
ҚОРЫТЫНДЫ 57
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 60
КІРІСПЕ
Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебе алуымен байланысты қоғамдық өмірдің көптеген саласында өрісін кеңейтіп, жан- жақты атқарар қызметінің өсе түскені белгілі. Осы ретте тілдің дамып өркендеу барысында сөз мағынасы мен оның даму заңдылықтарын арнайы құрастырудың мәні зор. Өйткені тілді адамдар арасында қарым-қатынас жасаудың құралы деп танысақ, сөздер сөйлем құрамында өзара семантикалық синтаксистік үйлесімділікте айтылғанда ғана белгілі бір ақпаратты жеткізе алады.
Сөз күрделі құбылыс, сондықтан оның түрлі қасиеті, мағынасы мен тұлғасы тіпті сөздердің өзара тіркесуі де жеке-жеке тіл саласының объектісі болып жүр. Олар жеке-жеке қолданылуымен бірге бір бірлікте, бір категорияда қолданылады. Демек, жеке тұлға ретінде өмір сүрмейді. Мағынасымен байланыспаса, тұлға өздері тұлға сөз бола алмайды. Сондықтан жалаң формалармен байланыспаған жинақ мағына өмір сүрмейді.
1 Күрделі сөздерге жалпы сипатттама
1.1 Күрделі сөздер туралы зерттеулер
Қазақ тілі сондай-ақ басқа түркі тілдерінде күрделі сөз бен күрделі тұлғалар мәселесі Қазан революциясына дейін ауқымды арнаулы зерттеудің объектісіне айнала қоймаған еді. Түркі тілдерінің грамматикалық құрылысын зерттеген ғалымдардың еңбектерінде ол туралы азды-көпті мағлұмат беріліп келді. Соның өзінде күрделі сөз лексикалық емес, негізінен, тілдің грамматикалық құрылысы, оның ішінде сөз табы категориясына қатысты жағынан қарастырылатын.
Ал қазақ тілі мамандарынан бұл мәселені алғаш сөз еткен профессор Қ.Жұбанов. Ол кісі 1930 жылдардың өзінде-ақ күрделі сөздер қанша сөзден біріксе, кіріксе де тұтас бір ғана мағына білдіреді, бір ғана заттың атауы болады, сөйлемде де сол жұбын жазбай, бір ғана мүше болады, кейбіреулерінің, құрамындағы сыңарларының дыбыстық өзгеріске түсуінен сыртқы тұр-тұрпаты басқаша болып қалыптасады, бір ғана екпінді иеленеді деп дұрыс тұжырымдайды.
1.2 Күрделі сөздердің табиғаты және оның түрлері
Күрделі сөздер құрылымы жағынан да, жасалуы жағынан да, сөз таптарына телінуі жағынан да алуан түрлі болып келеді.
Күрделі сөздер: күрделі біріккен сөздер, күрделі кіріккен сөздер, күрделі қос сөздер, күрделі қысқарған сөздер және тіркескен болып бөлінеді.
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, биыл, бүгін, тоқсан, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Тіл мамандарының қай-қайсысы болмасын кіріккен сөздерге компоненттері дыбыстық өзгеріске ұшырау салдарынан бастапқы тұр-тұрпатынан өзгерген сөздерді жатқызады. Мысалы: бәйшешек, бәйтерек сөздерінің құрамындағы бәй деген элемент әуел баста бай формасында болғаны, кейін соңғы компоненттердегі жіңішке дауысты дыбыстың ықпалынан «а» фонемасы, «ә» фонемасына айналып, бәйшешек, бәйтерек болып қалыптасып кеткені мәлім.
1.3 Қазақ тіл біліміндегі қос сөздердің зерттелуі
Түркі тектес халықтарда көп қолданылған, олардың сөздік қорындағы сөздік тұлғалардың бірі – қос сөздер. Сондықтан көптеген ғалымдардың назарын аударып зерттеу еңбектерінің объектісі болды. Сол жайында тоқталайық.
1.4 Қос сөздердің өзге күрделі сөздерден ерекшелігі
Қазақ тіл білімін зерттеуші І.Кеңесбаев пен Ғ.Мұсабаев «Қазіргі қазақ тілі атты еңбектерінде: «Қалыптанған тиянақты фразеологиялық топқа жататын сөздердің бір саласы қос сөздер болады» десе, ал профессор А.Ысқақов болса: «...сөзді қайталап қолданудан...лексикалық түсінігі өзгермейді, демек, жаңа сөз тумайды, тек грамматикаланады», - дейді. Профессор К.Аханов «Грамматика теориясының негіздері» деген еңбегінде қос сөздердің үстеме буынды түрлерінен басқаларын күрделі сөз деп қарайды [21].
1.5 Кіріккен сөз және оны оқытудың жолдары
Қазақ тіліндегі кіріккен сөздерге бәйшешек, белбеу, қонағасы, қолқанат, бүгін, биыл, сексен, тоқсан, ағайын, өйткені, былтыр, қарлығаш тәрізді сөздер жатады. Кезінде тіл мамандары көрсеткендей, бұлар да күрделі сөздердің басқа түрлері тәрізді сөз тіркесінен ажыраған. Мәселен, белбеу - белге буынатын бау, сексен, - сегіз он, бүгін -бұл күн, қоян -қой сияқты аң т.б. дені екі, ал былтыр (бір жыл дұр) үш сөздің тіркесінен пайда болған. Көптеген лингвистикалық әдебиетте кіріккен сөздерді, әдетте, біріккен сөздер есебінде қарайды. Кейбір жеке еңбектерде ғана олар біріккен сөздерден бөлініп алынып, күрделі сөздердің өз алды жеке түрі есебінде қаралу керек деген пікір айтылады [22, 110].
1.6 Біріккен сөз және оның емлесін оқыту
Бұған: қарабауыр, асқазан, ұлтабар, көксерке, аққайран, мысыққұйрық, түйетабан, итмұрын, сиырбүлдірген, ақсақал, балажан, бозбала, жарымжан, санырауқұлақ, көкнайза, қылтамақ, албасты, көнтері, аққүла, екіқабат, есерсоқ, көнетоз, қарақұс, шашбау, аққу, мендуана тәрізді алуан түрлі сөздер жатады.
2 Қос сөздердің көркем шығармадағы қолданысы
2.1 «Абай жолы» романындағы қос сөздердің мағыналық ерекшеліктері
Романдағы қос сөздердің жасалуына тән заңдылықтар сыңарларының мағыналық байланысына қатысты болып келеді. Туындыда ешбір мағыналық байланысы, бір-біріне қатысы жоқ сөздер бір-бірімен қосылып, қосарланбаған. Міне, бұл романдағы қос сөздердің жасалуында қатты сақталған заңдылық. Осыған байланысты қос сөздердің сыңарлары көбіне мағыналас, синоним, антоним сөздерден болған. Мысалы төмендегі сөйлемдерге назар аударайық Қораның ішімен ас үйдің бәрі палау басқан, сарбуға салып, балқытып ет асқан қазан-ошақтарға толды (М. Әуезов “Абай жолы” 2-кітап А. Жазушы 2002 ж. 117-б). Тіпті ауыл маңында үрген ит те жоқ. Олар да сорпа-сүйек тимеген соң, жүдеу күздің күнінде тышқан аулап, қаңғып кеткен (3-кітап, 57-б). Терлетпей аяңдап жүрген семіз сәйгүліктердің жал-құйрықтары қыраулатып, кекілдері шалбастанып тұр (сонда, 72-б). Қозылары жаңа жамыраған, иттері үріп шулаған, құлын-тайы шіңгірлеп кісінеген көп үнді, даңғаза болған ауылдың үстінен шықты (сонда, 151-б). Көрпе-жастық, асжаулық, тегене, тостаған самауырлар тасыған жас әйелдер, еркектер қарбаласады (сонда103-б).
2.2 «Абай жолы» романындағы қос сөздердің жасалуы
Тіл-тілдегі күрделі сөздердің, атап айтатын болсақ қос сөздердің пайда болуы кездейсоқ құбылыс емес. Тілдегі қос сөздердің жасалуына қатысты заңдылықтарды қос сөздердің түрлеріне байланысты нақтылы материалдарға сүйене, соған талдау жасай отырып айқындауды жөн санадық.
Жалпы айтқанда, романдағы қос сөздер өзіне тән бірнеше заңдылықтар арқылы жасалған. Туындыда қос сөздердің сыңарлары кез-келген сөзден бола бермей, екі сыңары да бір сөз табынан жасалған. Мысалы, Сол көштің алдында ұзаңқырап кеткен мынау бір топ аттылар – Абай мен оның жас достары, кей ақын-әншілер, (3-кітап, 4-бет).
2.3 Қос сөздердің құрылымы жағынан түрлері және олардың лексика-грамматикалық ерекшеліктері
М.Әуезов өзінің туындысында қайталама қос сөздер мен қосарлама қос сөздердің барлық түрлерін өте шеберлікпен қолданған. Енді осы жайында айта кетейік.
Қайталама қос сөздер бір сөздің я қосымшасыз, я қосымшалы түрінің екі рет қайталануы арқылы, я сол сөздің не бір я бірнеше дыбысының немесе бір буынының өзгеріп қайталануы арқылы жасалады. Қайталама қос сөздер компоненттерінің ерекшеліктеріне сәйкес, қалыптасқан дыбыстық және морфологиялық формаларының өзгешеліктеріне қарай, төрт түрлі болады.
2.4 М.Әуезовтің «Абай жолы» романындағы қос сөздерді байланыстырушы формалар
Қос сөздердің қай-қайсысы болмасын бір-бірімен белгілі бір формалары арқылы байланысады. Олар әртүрлі тұлғада жасалады. Қайталама қос сөздердің жасалуына келетін болсақ, “бір” сөзінің әртүрлі тұлғада қайталанып келуінен жасалған қос сөздерді үш түрлі мағыналық топқа бөлуге болады. Мәсалы: мына төмендегі сөйлемдерге назар аударайық. Бүгінгі әнші, өнерлі жастардың біріне-бірі көрсетіп жатқан құрмет ғыззат, сый-сұхбат арасындағы нәзік жарастық күй болды (4-кітап 53-б). Қазіргі уақытта бұл ауылда бірде-бір бөгде кісі болмауы керек (сонда, 131-б).
ҚОРЫТЫНДЫ
Қос сөздер түркі тілдің бәрінде бар тілдік құбылыс. Қос сөздер ең көне Орхон жазба ескерткіштерінің тілінде де болған. Содан бері қарай қос сөздер түркі тілдерінің бәрінің сөздік қорынан мол орын алып, тілде жиі қолданылатын лексикалық бірліктер қатарында келе жатыр. Қос сөздер мәселесі зерттелмеді дей алмаймыз.Ол жайында құнды пікірлер мен тұжырымдар да аз еместігін жоғарыда айтып өттік. Соған қарамастан, оны лексикалық тұрғыдан егжей-текжейлі зерттеп, тілдің әр саласына жататын жақтарын анықтап алмай, оны бір ғана құбылыс деп қарай алмаймыз. Қос сөздер мәселесі ғылымда әбден танылған, тілдік құбылыс.