Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2012

Предварительный просмотр

Әңгімелеу мәтінінің тілдік-стилистикалық сипаты


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Әңгімелеу мәтінінің құрылымдық ерекшелігі 7
1.1 Әңгімелеу мәтініне тән қасиеттер 7
1.2 Мәтінді құрастырудың негізгі белгілері 20
1.3 Әңгіме мәтіні арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған әдістер 26
1.4 Әдеби шығарма, көркем мәтінді проблемалық талдай оқыту жолдары 31
2 Әңгіме мәтінінің тілдік-стилистикалық сипатын ашып оқытудағы көркем мәтіннің рөлі 35
2.1 Көркем мәтін тілінің сипаты 35
2.2 Мәтін табиғатын танымдық қарым-қатынас тұрғысынан қарастыру 38
2.3 Әңгіме мәтінін оқу-талдау жолдары 42
2.4 Әңгімелеу мәтініндегі этнолексикалық сөздер 47
2.5 Әңгіме мәтінінде фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер қолданысы 50
2.6 Әңгіме мәтініндегі «жалғыздық» мәселесінің берілуі 54
ҚОРЫТЫНДЫ 58
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Адамзат жаратылысында тіл айрықша маңызды рөл атқаратыны белгілі. Тіл адамдардың жай ғана қарым-қатынас құралы емес, оның ішкі құрылымдары мен жүйелері тым күрделі және олар бір-бірімен тығыз байланысты көпдеңгейлі құрылым болып табылады. Адам тіл арқылы жай ғана ақпарат алып немесе ақпарат беріп қоймайды, сонымен қатар әрдайым өзінің қоршаған ортаға, құбылысқа деген көзқарас, сезімін, субъективті қарым-қатынасын тіл арқылы жеткізіп отырады. Осылайша тіл адамның ішкі көңіл-күй толғанысы мен сезімін де жеткізудің басты құралына айналған. Психологияда адамға тән сезімдердің 500-ге тарта түрлері белгілі болса, олардың әрқайсысының тілдік жүйедегі мазмұны мен көрінісі сан алуан. Себебі тілдің басты міндеті адамға қызмет ету, ал адам – сан қырлы, күрделі құбылыс.

1 Әңгімелеу мәтінінің құрылымдық ерекшелігі
1.1 Әңгімелеу мәтініне тән қасиеттер
Қазақ тілінің жанашыры А.Байтұрсынұлы мәтінді шығарма сөз деп атап, сөйлеудің бірлігіне жатқызады. Олай дейтін себебіміз, ғалым: “Сөз өнерінен жасалып шығатын нәрсенің жалпы аты шығарма сөз, ол аты қысқартылып шығарма деп айтылады. Ауыз шығарған сөз болсын, жазып шығарған сөз болсын бәрі шығарма болады”, - дейді [1,344]. А.Байтұрсынұлы мәтіннің (шығарманың) тақырыптан, ал мәтін (шығарма) мазмұнының үш мүшеден, яғни аңдату, мазмұндау, қорытудан тұратынын көрсетті. Мәтіннің қатысымдық қызметін тудыруға қатысатын айтушы ойының өзге үшін бағытталатынын алғашқылардың бірі болып айтты [1,345].

1.2 Мәтінді құрастырудың негізгі белгілері
Жазу жұмысын мақсатқа сай ұйымдастыру оқушылардың лингвистикалық алған білімін қолдана білуге, өз ойын жеткізуде сөйлемдер мен сөздерді орынды пайдаланып, жазбаша мәтін құрастыру икемділіктері мен дағдыларын қалыптастырады.
Оқу бағдарламасында жазу жұмысына «Мазмұндамалар мен шығармалардың тілдік жазу – сөздерді таңдап, дұрыс қолдану, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құра білу әрбір сыныпта жетілдіріліп отырылады»[12],- деп көрсетіледі.

1.3 Әңгіме мәтіні арқылы жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуге арналған әдістер
Мәтінді – жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретудің негізі деп атауымыз тілдік таңбалардың мағыналық тұтастығы және мәтін бірлігі мен оның құрылымдық ерекшелігіне байланысты. Өйткені жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйретуде оқушыларға сөз бен сөз тіркесін білу жеткіліксіз. Олай дейтініміз, оқушының өз ойын байланыстырып жазу әрекеті жеке сөз бен сөйлемдерден тұрмайды, ол бір-бірімен логикалық және грамматикалық байланысқа түскен сөйлемдер бірлігі болып табылатын тұтас мәтіннен тұрады.

1.4 Әдеби шығарма, көркем мәтінді проблемалық талдай оқыту жолдары
Мектепте әдебиетті оқытудың мән-маңызы көркем туындыны оқыту, талдау, оқырмандық пікір қалыптастырумен ашылмақ. Көркем туындыны оқу бар да, талдау бар. Талдау оқусыз жүзеге аспайды. Оқу баланың өз еңбегімен жүзеге асса, талдау мұғалім, оның ұйымдастыруы, жобалауы, тиімді жағын ойластыруы арқылы жүзеге асады. Көркем мәтінді оқушы қалай оқып, қабылдайды, қандай ой туады, өз көзқарасын қалай жеткізеді – бұл оқушы мен мұғалімнің бірлескен еңбегінің жемісі болмақ.
Қазіргі әдістемеде талдау жасаудың 4 түрі /образ бойынша, тақырыптық, проблемалық, тұтас немесе автор ізімен/ ұсынылып жүр. Қандай талдау түрі болса да, не мақсат көзделеді? Бұл сұраққа әдіскер Қ.Бітібаеваның сөзін негізгі ала жауап берсек:

2 Әңгіме мәтінінің тілдік-стилистикалық сипатын ашып оқытудағы көркем мәтіннің рөлі
2.1 Көркем мәтін тілінің сипаты
Ғалымдар көркем мәтінді тілдік талдаудың жолы мен жүйесін айқындап, көркем мәтінді тілдік талдаудың грамматикалық талдаудан өзгеше екеніне басты мән береді. Шығармадағы экспрессивті-эмоционалдық жүк көтеріп тұрған сөздер, сөз оралымдардың мағынасы, интонациясы, авторды сөз қолдану ерекшелігі ерекше ескерілуі қажет екенін айтады [24, 8 б.]. Көркем мәтіннің өзіне тән ерекшелігі – жалпы адамға қатыстылығы, яғни дүниетаным мен оның көрінісі ең алдымен, адамның танымына бағытталады, ал берілген көркемдік шешім оқиғалар оның жан-жақты көрінісінің тәсілдері болып есептеледі. Мысал, ертегі жанрларының өзінде барлығы адамзат дүниесінің заңдары бойынша үлгіге түседі, адамдық “мен” арқылы беріледі.

2.2 Мәтін табиғатын танымдық қарым-қатынас тұрғысынан қарастыру
Мәтін табиғатын танымдық қарым-қатынас ретінде қарастыру барысында дискурс теориясына соқпай кету мүмкін емес. Себебі мәтіннің жанды қарым-қатынас алаңына айналуы дискурс құрамында мүмкін болмақ. Дискурс өзінің қазіргі мағынасына жуық түсінікте жиырмасынша ғасырдың жетпісінші жылдары қолданыла бастады. Дискурсқа берілген түрлі анықтамалардың ішінде ең негізгілері ретінде Т.М.Николаева мыналарды көрсетеді: 1. байласымды мәтін, 2. мәтіннің ауызша-сөйлеу формасы, 3. диалог, 4. мағыналық жақтан ішінара байланысты айтылым түрлері, 5.ауызша немесе жазбаша сөйлеу туындысы.[31, 34-36с ] Н.Д.Арутюнованың пайымдауынша: «Дискурс – тілден тыс –прагматикалық, әлеуметтік мәдени, психологиялық факторларды біріктіретін байласымды мәтін, оқиғалық аспектідегі мәтін, белгілі мақсатқа бағытталған әлеуметтік әрекет ретінде қаралатын сөйлеу (сөз). Адамдардың санасында өзара қарым-қатынас механизміне қатысатын компонент.

2.3 Әңгіме мәтінін оқу-талдау жолдары
Әдебиет - өнер пәні. Әдебиет пәні арқылы оқушылардың рухани дүниесі байиды, туған тілін сүюден елін, адамзатты құрметтеуге дейінгі сезімдері тәрбиеленеді. Әдебиет арқылы оқушылар алдында еліміздің тарихы, оның ғасырлар қойнауында қалған сөз сандығы ашылады, солар арқылы халық арманы, қиялы, болашақтан күтер үміті, ақ сенімі көрінеді. Әдебиетті оқытудың басты мақсаты- оқушыларды сөз өнерінің қыр-сырымен таныстыру, халық даналығы, халық өсиеттерінен нәр алғызу, кітапқа деген ынтасын ояту, халықтың рухани байлығы - әдебиетін жан-жақты игерту, сол арқылы парасаттылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа, сұлулыққа тәрбиелеу.

2.4 Әңгімелеу мәтініндегі этнолексикалық сөздер
Тіл –этностың бүкіл рухани, мəдени байлығының негізгі көрсеткіші. Кез келген тілдің көрінісі этностың тарихына, мəдениетіне, шаруашылығына байланысты болып, сол тіл туралы мол деректер беретіні белгілі. Ұлттық болмыс пен танымды бойына сіңірген тылсым дүние сырын бейнелейтін қазақ тіліндегі сөз маржандарының табиғатын тануда тіл байлығымыздың ең өзекті саласының бірі ретінде этнолексика ерекше назар аудартады. Осы орайда этнолексиканы тануда соңғы жылдарда өріс алып келе жатқан этностың өзіндік болмысы мен танымын, этнос бейнесін «тіл əлемі» арқылы ғана танытатын этнолингвистикалық зерттеу саласын айрықша атауымызға болады.

2.5 Әңгіме мәтінінде фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер қолданысы
Ұлтымыздың рухани мәдениетінің бірі болып табылатын көркем әдебиет ХХ ғасырдың 60-80 жылдарында түрлі тарихи оқиғаларды бастан кешіргені баршамызға белгілі.Осыған байланысты енді көркем әдебиет адам болмысына деген жаңа көзқарастарға сарап салып, жеке адамның рухани-психологиялық жағдайына терең үңіліп, адамның ақиқат құбылыстармен қатынасын жаңа философиялық критерийлер арқылы байқауға ден қойды.

2.6 Әңгіме мәтініндегі «жалғыздық» мәселесінің берілуі
Жалғыздық – қашанда жеке адамның басындағы қайғы-қасіретке, ішкі ойға, емін-еркін егілуге де, ішкі құпия тіршілікке ерік беруге, өз сезімін қадағалауға да, қадағалаумауға да құқысы бар мезет. Әрі бұл адамның (кейіпкердің) ішкі табиғатынан, болмыс-бітімінен сыр берер, оның характерін ашуға да өзіндік үлес қоса алатын көркемдік қасиет. Өйткені, адам жалғыз қалғанда ғана ішкі ой еркіндігіне бой алдырады. Жалғыздық- адамға өз ойымен болуға, еске алу, елесгеу, қайғыру, сүйсіну, белгілі бір шешім қабылдау т.б. секілді толып жатқан философиялық, психологиялық категориялар мен процестерді, сан алуан түрлі сезімдік құбылыстарды бастан кешетін кезең. Ішкі монологтардың, ішкі ой қақтығыстарының жүзеге асатын кезі де осы сәт. Кейде адам қатты қапаланғанда немесе шектен тыс қуанғанда еркінен тыс, ойланбаған, тіпті ойы түгілі түсіне енбеген сұмдық іс-әрекеттерге баруы да мүмкін.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әлеуметтік және ғылыми техникалық өрлеудi дамытудағы басты мәселенің бірі – адамдардың дара тұлға ретiнде белсенділігі мен мұраттық сенімдідігін қалыптастырып, қазiргi мектептің алдына қойылған оқушылардың өз бетінше іздемпаздығы мен жасампаздық және шығармашылық қабілетін дамытуды қамтамасыз ететін амал-тәсілдер табу.