Мұқағали Мақатаев шығармалары
Мазмұны
Кіріспе 5
1 Мұқағали Мақатаев шығармалары 7
1.1 Мұқағали поэзиясы-қазақ поэзиясының асқар тауы 7
1.2 «Райымбек, Райымбек!» поэмасы 26
1.3 М. Мақатаевтың өмір жайлы жырлары 31
1.4 М. Мақатаев қаламынан туған лирикалық туындылар 41
1.5 М. Мақатаев шығармаларындағы ұлттық болмыс көрінісі 48
2 М. Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктері 55
2.1 Мұқағали шығармаларындағы теңеулер 55
2.2 Мұқағали лирикасындағы антонимдердің қолданылу ерекшелігі 58
2.3 М. Мақатаев шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы 60
2.4 Мұқағали лирикасындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі 62
2.5 Мұқағали поэзиясындағы заман, дәуір шындығының образы 64
Қорытынды 70
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 73
Кіріспе
Мұқағали өлеңдерін сүйіп оқымайтын қазақ жоқ. Соншама әсерлі жырлары менің де жүрегімді жаулап алған. Ақынның қалам тартпаған тақырыбы қалмапты. Ана мұңын, әже зарын, жетім-жесір қайғысын, ердің ерлігін, пәк махаббаты, адалдықты, достықты жырға қосты. Халқым, елім деп еңіреп өтті. Иә, ақын бір күндік сәуледей ағып өткен қысқа ғұмырында ұрпақтарға ұлан-ғайыр мұра қалдырған. Мұқағали мен халықтың арасында рухани-табиғи байланыс мықты.
Мұқаң сол кезде-ақ Сарыарқа төсін осылайша жырға қосқан. Нағыз өнер құдіреті деген осы. Мұндай ақыны болған халық – бақытты халық.
Зерттеудің өзектілігі. Мұқағали Мақатаев дәстүршіл ақын, ол өлеңге интонация, инверсия, мазмұн, тұрғысынан жаңалық енгізген.
1 Мұқағали Мақатаев шығармалары
1.1 Мұқағали поэзиясы-қазақ поэзиясының асқар тауы
Мұқали Мақатаев қаламынан туған шығармалар өзінің сан алуандығымен өз оқырманын сүйсіндіреді. Ақын тақырыбының сан алуаныдығы оның білімінің, өмірден түйген тәжірибесінің, таным көкжиегінің молдығын білдіреді. Осы тұста ақын қаламынан туған поэмаларға тоқталып өту орынды. М.Мақатаевтың “Чили – шуағым менің”поэмасы “Пабло Нерудаға ескерткіш” деген жолдардан басталады. Ақынның жырына арқау болып, қаламына дем берген , қабырғасын қайыстырып, жүрегін егілткен Пабло Неруда кім еді? Ендігі әңгіме сол жөнінде [23.4.].
Пабло Неруданың шын аты- жөні – Рикардо Нефтали Рейес Басоальто. Чилидің Парраль қаласында 1904 жылдың 12 шілдесінде дүниеге келген. Әкесі теміржолда жұмыс істеді. Шешесі ерте қайтыс болып, өгей шеше тәрбиесінде өсті. Гибриалло Мистральға кездесті. Көрнекті ақын мектептегі ұстазы болатын. Ең таң қалатын оқиға болашақ Нобель сыйлығының екі лауреаты бір сыныпта кездесіп отырғанын сезген жоқ. Оның тырнақалды өлеңдері “Саша Жегулов” деген жасырын атпен шыға бастады. Бұл оның Леонид Андреевтың осы аттас кітабындағы кейіпкеріне шынайы сүйіспеншіліктен, әрі еліктеуден туған болатын. Кейіннен чех ақыны Ян Нерудың қысқа тегін таңдады. Оның Нефтали атты тегіне компартия ОК-ның халықаралық бөлімі жасырынып жүрген еврей емес пе деген күмәнмен қараған кезі де болған. “Ол туралы ешқандай түсінігім жоқ”, дейді ақын. Ұлттық дәстүр бойынша чилиліктердің есімі інжілден таңдалатын.
1.2 «Райымбек, Райымбек!» поэмасы
Мұқағали лирикалық өлеңдерімен бірге бірнеше поэмалар жазды. Терең оймен, ыстық ықылас сезіммен, халқын сүйген жүрекпен жазылған шығармаларының бірі – «Райымбек, Райымбек!» поэмасы.
Қазақ халқының тарихындағы өте бір ауыр кезең «Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама» оқиғасы қазақтың ауыз әдебиетінде де тарихи әдебиетінде де кең жырланған. Поэмасы сол кездегі ел басына туған қиын халді көрсететін халықтың азалы әні «Қаратаудың басынан көш келеді” өлеңінің ырғағымен басталуы көп жайды аңғартады.
Есімі Албанның ұранына айналған, жоңғар басшылығына қарсы күрескен Райымбек сынды қазақ батырының өмір жолы өз халқының тағдырымен бірге, бірлікте алынып суреттеледі.
1.3 М. Мақатаевтың өмір жайлы жырлары
Поэзияда Мақатаевтың жанына ең жақын тақырыбының бірі - өмір жайлы жырлары. Ақынның кез-келген өлеңінен өмір туралы толғанысын танисыз. Ал арнайы жырлаған өлеңдері «Өмір толқыны», «Өмірге серт», «Өмір», «Өміріме», «Өмір деген біреу», «Өмір жайлы», «Өмірімді несіне жек көремін» т.б. өмір тақырыбына арналған жырларынан оқырманына беретін түйінді ойларын аңғаруға болады. Ақын қай тақырыпқа қалам тербесе де жыр астарынан өмір бейнесі көрініс беріп тұрады. Жырларында қиындыққа кезіккен сәтсіздікке ұшыраған кездің өзінде мойымай, керісінше, сол қиыншылықты жеңе білуге, өмір сүруге талпынуға үндейді [5.360].
1.4 М. Мақатаев қаламынан туған лирикалық туындылар
Табиғат – күллі тіршілік атаулының құтты қоныс мекені, алтын бесігі, құт-берекесі. Ал адам үшін табиғат ең қасиетті де қастерлі ұғым. Өйткені адамның өзін дүниеге келтірген аяулы анасы, сондықтан да адамның табиғатты ана деп құрметтеуінде өте үлкен ұғым жатыр.
«Қазақтар – тумасынан табиғатты сүйіп өскен, қоршаған ортаға үлкен ілтипатпен қараған халық. Бұған, күні кешеге дейін, туған өңіріміздің табиғатының таза болғандығын алсақ та жеткілікті сияқты. Біздің халық – «экология» деген сөзді естімей өскен ұрпақ. Бір кездерде бізді И.Мичуриннің «Адамзат табиғаттан рахым күтіп отыра алмайды, одан керектіні жеңіп алуымыз керек»,- деген ұранымен оқытты.
1.5 М. Мақатаев шығармаларындағы ұлттық болмыс көрінісі
Ұлттық болмыс - ұлттық қадір-қасиет. Ол – сатылмайтын байлық. Біз үшін сатылмайтын байлық- тіліміз, дініміз, ұлтымыз, Отанымыз. Бұл байлықтар біз үшін бәрінен де жоғары. Осы аталған нәрселер әр адамда бар, бірақ өкінішке орай, бәрі бағалай бермейтіні жүрегімізге батады. Ана тілінде сөйлейтіндерден гөрі, шүлдірлеп сөйлейтін қазақтар өте көп. Дінін сатып, басқа дінге көшкендер де жеткілікті [25.150.].
2 М. Мақатаев шығармаларының көркемдік ерекшеліктері
2.1 Мұқағали шығармаларындағы теңеулер
Әдебиеттің негізгі құралы – тіл. Ұста металды, суретші бояуды қандай жақын білсе, ақын тілді сондай жақсы білуі керек. Онсыз ол өзінің ой-сезімін, өмір тәжірибесін басқаларға суреттеп жеткізе алмайды. Өмір картинкасын, адам образын жасамайды. Тиіс – сан сөздің жиынтығы, ал сөздердің ішінде терең ой, сұлу сын, нәзік сезім, асқақ көңіл, өжет ерлік тағы басқа адам мінезіне тән ерекшеліктерді көркем суреттейді. Ақын өзінің шығармаларында көркем образ жасауда сөзбен сурет салуды өзіне тән өзгеше мәнер, машық танытып, көрікті құралдарын өте шебер қолданады [23.4].
2.2 Мұқағали лирикасындағы антонимдердің қолданылу ерекшелігі
Антонимдер қарама-қарсы құбылыстарды салыстыруда, оларды бір-бірімен қатар қойып шендестіруде және осы тәсіл арқылы айтылатын ойды тайға таңба басқандай етіп түсіндіруде айрықша қызмет атқарады. Антонимдерді шебер қолданудың нәтижесінде айтылатын ой мейлінше ашық, айқын, мейлінше мәнерлі болып бейнеленеді.
2.3 М. Мақатаев шығармаларындағы фразеологизмдердің қолданылуы
Қазақтың қара өлеңін кие тұтқан, жүрегінің түбінен қайнап шыққан асыл жырларымен қалың жұртшылықтың махаббатына бөленген Мұқағали Мақатаевтың бүгін де ортамызда болмағанына налимыз, ал медет тұтарымыз-алып ақынның өзінің көзіндей көрінетін өркеш-өркеш өлеңдері. Халқынан қалтықсыз бағасын алған Мұқағали жырлары келер ғасырға керуен көшін сенімді түрде ұзатып барады. Ақынның 35 мың жолға жуық өлеңі поэзия сүйер қауымның іздеп жүріп оқитын жырына айналды.Азаматтық пен адамгершілікті асқақ мұраты санаған ақынның жүрек сырлары шынайы болмысымен, ақиқаттың алдында аласармауымен қымбат, құнды.
2.4 Мұқағали лирикасындағы түр мен түстің көркемдік ерекшелігі
Түр мен түс халықтың ұлттық танымында әртүрлі деңгейде \мифологиялық, тұрмыстық\ танылады. Түр мен түс табиғатқа эстетикалық қарым-қытынас пен адамның ішкі жан дүниесіндегі ұғымды танытады. [27.15].Түр мен түс ұғымы уақыт келе өзі таныған әлемнің танымдық мәнін ұғындырудан алыстап, адам жанының эстетикалық және рухани мәнін танытуға көшті.
Ақын Мұқағали Мақатаев ақ пен қара түсті, боз, күрең түсті жиі қолданған. Ақын жырларында ақ түстің басқа түске қарағанда өте көп кездесетініне көзіміз жетті ақын көктем бейнесін, ауылдың мамыражай тіршілігін ақ түспен бедерлейді. Ақынның «Көктем де келер» атты жыр жолдарында көктемдегі көшіп жатқан бұлттар бейнесін «Ақ көңіл бұлттар, ақ нөсер төгіп өтсін де» деп жырлайды.
2.5 Мұқағали поэзиясындағы заман, дәуір шындығының образы
Мұқағали әр түрлі бейнелермен қазақ поэзиясының образдар галереясын байыта түскендігіне көз жеткізіледі.
Ақын талантының айқын дәлелі көркемдегіш құралдарды құлпыртып қолдануымен бірге, образ жасау шеберлігі де бар. Ол тудырған бейнелердің тәрбиелік мәніне, тұтастық сипатына, даралық белгілеріне назар аударылады. Әрі образдар уақыт тынысын айқындап, оқиға желісін шымырландырып, көркем туындының құндылығын арттырып, халықтың рухани қазынасын байыта түсті [19.5].
Қорытынды
М.Мақатаев мейлінше жалған сөйлемейтін риясыз тазалығымен, адалдығымен ғана өз сезім, көңіл-күйінің әр дірілін қалтқысыз, қаз- қалпында қағазға түсіре алатын. Осылай толғанып, ойланып, қайсыбір кезде тіпті жаны сыздып қиналып отырып та, елдің елдігін, өз заманының азаматтық, әлеуметтік, адамгершілік, ізгілік сипаттарын айтуға келгенде қабат-қалтарысындағы пендешілік кірбің атаулыдан құлан таза айығып, ақтарылып, ағытылып жүре береді. Керемет азаматтық, адамгершілік жүрегімен от-сезімге оранып, бұрқырап өткен Мұқағалидың ұрпаққа сыйлаған асыл қазынасы шынайы, текті дарынға шыңдалу мүмкіндігінің шегі жоқ екенін жылдар көшкен сайын әйгілей беретіндей. Қайсар талант өзінің нұсқалы төл туындыларында эпикалық қуат пен лирикалық нәзіктікті, сыршылдықты мейлінше шебер табыстырып, өз қаламдастары мен жырсүйер қауымға қыруар үлгі-өнеге ұсынып кетті.